«Дельфин» балалар үйі Академияға алғыс білдірді !!!

Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына «Дельфин» балалар үйінің басшылығынан алғыс хат жолдады. Академия курсанттары балалардың көңіл күйін сергіту, мейірімділік таныту мақсатында «Дельфин» балалар үйіне жылдың төрт мезгілінде, сонымен қатар мерекелік күндерде арнайы барып, белсенділік танытады. Біздің мақсатымыз Қазақстан Республикасындағы әрбір балалар үйінің қоғамнан оқшауланбауын қадағалау. Өмірге деген, табиғатқа деген келешек ұрпақтың махаббаттын жоғалтып алмау маңызды, себебі әрбір қылмыстық құқық бұзушылық болсын немесе әкімшілік құқық бұзушылық болсын , олардың көпшілігі отбасылық күйзелістен бастау алатыны анық. Американдық зерттеушін Билт Гейтс:«Сенің өткен өміріңде қандай адам болғаныңның дәлелі – ол өсіп келе жатқан ұрпағыңның себепкері. Егер олар жаман адам болса, сенің жасаған жақсылығыңның түк пайдасы жоқ, себебі сен жаман болдың деген сөз. Ал егер олар жақсы болса, сенің жақсы екеніңнің дәлелі»,- деген екен. Ұлы Абай атамыз да:«бірінші өзіңді дұрыста, өзіңнің қателеріңе мән бер, сосын басқаға ескертесің», — деп айтып кеткен.

 

Қорыта айтқанда, бүгінгі алған алғыс хаттың астарында үлкен тәрбие мен сыйластықтың, мейірімділік пен қайырымдылықтың жатқанын аңғаруға болады. Уақыт өте келе Академияның басшылық құрамының алға қойған мақсаттарының бірі жүзеге асырылып келе жатқанын дәлелдейді. Курсанттарымыздың мақсаты-сара жолдан адаспай, түзу, анық жүріп өту. Алдағы уақытта Академия курсанттарына айтарым, осы алған бастауларыңыздан талмай, тек алға ұмтыла беріңіздер! Алғыс хаттарыңыз құтты болсын, береке алып келсін дегім келеді.

полиция қатарындағы
2 курс курсанты
Г. Максетова