Білімнің нәтижелері анықталатын сәт

ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында 4-курс курсантары 31 мамырдан -15 маусым аралығында Кәсіби-психологиялық даярлық және ІІО-ны басқару кафедрасының «Педагогика және психология» мамандығында оқитын курсантары мемлекеттік емтихандарын тапсырды.
Мемлекеттік емтиханға тапсырушы курсантарға жеке дайындық жұмыстары алдын ала белгіленген пәндер бойынша дайындықтар өткізіліп, психологиялық кеңестер берілді. Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы бастығы полиция полковнигi Нұрлан Амангелдіұлы Биекенов емтихан тапсырушыларға сәттілік тілеп, ыстық ықыласын білдірді. Ал өз кезегінде курсанттар емтиханды сәтті тапсырып, «өте жақсы», «жақсы» деген бағаларын алды. Емтихан соңында курсаттар оқытушыларға өз ықылстарын білдіріп тарқасты.

Кәсіби-психологиялық даярлық және ІІО-ны басқару
кафедрасының оқытушысы
полиция лейтенанты Толыкпаев Е.Ж