Болашақ ұрпақты тәрбиелеуде дәстүрлі отбасылық құндылықтарды нығайту

Қостанай академиясының кәсіби-психологиялық даярлық және ІІО басқару кафедрасының оқытушылары полиция аға лейтенанты Г.Х.Ахметова мен полиция лейтенанты А.Х.Оразов Қостанай қаласындағы №11 жалпы білім беретін мектебінің 6-7 сынып оқушыларына «Болашақ ұрпақты тәрбиелеуде дәстүрлі отбасылық құндылықтарды нығайту» тақырыбында дәріс оқыды.

Дәрістің мақсаты оқушылардың «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерін, ұғымдардын кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету, оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау.
Дәріс барысында оқушылармен сұрақ-жауап, әңгіме түрінде ойындар ұйымдастырылды, олар өздерінің отбасыларында қалыптасқан әдет-ғұрыптар, отбасылық дәстүрлері туралы әңгімелеп, өздерінің отбасы туралы түсініктерімен бөлісті.
Бұл дәрісте оқушылар Отбасының шағын мемлекет екенін, бақытты жанұялы болу барлық отбасы мүшеріне байланысты болатынын ұғынды.