«Арнайы техника» пәні бойынша олимпиада

ЖІҚ кафедрасы апталығы шеңберінде 2019 жылғы 20 қарашада  ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында «Арнайы техника» пәні бойынша жедел-іздестіру қызметі кафедрасында төртінші курс курсанттары арасында олимпиадалық сайыс өтті.
Сайысқа қатысып отырған әр курсантқа құпия іс жүргізу аясында тапсырмалар берілді. Олимпиада сайысы жоспарланған бағдарламаға сәйкес қызу және бәсекелі түрде өтті.
Курсанттар өткен оқу бағдарламасын естеріне түсіріп қойылған сұрақтарға жылдам және сапалы жауап беруге тырысты.

Олимпиаданың соңында жүлделі орындар аталды:

1–орын – Әмірхамза Аягөз, Сапарбаева Асылой, Майшина Альмира және Андрейчук Ольга;

2–орын – Канатчина Эльмира, Қуанышбек Қазына,Мустафина Азиза және Сидорова Владисла;

3–орын – Уразалиева Меруерт, Алиева Жансая, Даутов Серікжан;

4–орын – Жалғас Гүлден, Басымбекова Клара, Ерменова Карина және Айтжанов Дастем;

5–орын – Чужинова Ольга.

«Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» демекші, білім нәрімен сусындаған адам талай биік белестерді бағындырып, болашаққа нық қадам басады. Болашақ жастарға байланысты болғандықтан біз жан-жақты; бәсекеге қабілетті, салмақты және де білікті мамандарды шығаруымыз керек. Осындай олимпиадаларға қатыса отырып, курсанттар алдағы уақытта оларды ғылымға тартуға және ғылыми әлеуетін жетілдіруге, құқық саласындағы білімін тереңдетуге және іскерлік қабілеттірін қалыптастыруға мүмкіндік беретін болашақ мамандардың кәсіби қабілетін дамытады.
Курсанттардың олимпиадаларға қатысуы, олардың қабілеттерін шыңдайтын маңызды сын. Өйткені, олимпиадаларда күрделі тапсырмалар беріледі. Бұл өз бетінше ойлауды және алған білімдерін орынды қолдана білуге үйретеді.

ЖІҚ кафедрасы