Алғыс айту-асыл қасиет

2016 жылғы 16 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызда елімізде «Алғыс айту күні» деп жариялап №173 Жарлыққа қол қойған болатын.
Алғыс айту күні — Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағыттталған, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы-еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні.
Тағдыр тәлкегімен Қазақстанға қоныс аударған түрлі этнос өкілдерін қазақ халқы құшақ жая қарсы алып, басқа түскен ауыртпаушылықты бірге көтере білді.
Сондықтан «Алғыс айту күнін» тарихқа тағзым ету деп түсінуге де болады. Бүгін Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай еңбек етіп,  маңдай терін төккен ел азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.
2020 жылдың 1 наурызында көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келген  «Алғыс айту күні» мерекесін ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының кәсіби даярлық мектебінің 6 взвод тыңдаушыларымен атап өттік.
Тыңдаушылар «Алғыс айту күні» туралы өз ойларын ортаға салып, осы мерекеге орай өздерінің өлең шумақтарын оқып шықты. 6 взвод тыңдаушылары «Бір шаңырақ астында»  деген асыл сөзді құрмет тұтып, бір-біріне деген достық ықыластарын және алғыстарын білдірді. Бұл дегеніміз-сыйластықтың бір үлгісі.
Мерекенің басты мақсатының бірі — өскелең ұрпақты достық, бір –біріне деген құрмет пен толеранттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, Қазақстанда этноаралық келісім мен ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту.
«Алғыс айту күні» бұл шын мәнінде 100-ден астам ұлт өкілін бір шаңырақ астына жинайды. Елбасының 1 наурызды «Алғыс айту күні» мерекесі деп жариялағаны тегін емес. Себебі бұл ескінің жаңарып, тіршіліктің жандана түсетін көктемнің басы.

6 взвод кураторы
ДШД кафедрасының оқытушысы
полиция аға лейтенанты
Р.Құтымбаев