Алғашқы күн, алғашқы сынақ

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында 2020 жылдың 1 маусымынан бастап 4 — курстың 200 — ден астам  курсанты үшін мемлекеттік емтихан тапсыру басталды. Қостанай академиясының бастығы, заң ғылымдарының докторы, доцент полиция полковнигі Нұрлан Амангелдіұлы Биекенов алғашқы емтихан тапсырушыларға сәттілік тілеп, ізгі тілектерін айтты.
Төртінші курс курсанты Педагогика және психология мамандығы бойынша оқитын полиция қатарындағы Абугаликов Серікпен сұқпатасқанымызда:
«Алғашқы емтихан аздап қиын болатыны рас. Бірақ ерінбей оқысақ, ол қиындықты жеңілдетуге болады. Бір мамандықтың иесі, жауапты адам болып шығатындықтан, қандай талаптары қосылса да, дұрыс деп айтар едім. Ертеңгі күні диплом алып және шен алып шығамыз.  Ал оған лайық болу деген тағы бар. Сондықтан барша курсантарға сәтттілік тілеймін», — дейді.
Қазіргі уақытта емтихан ережелеріне өзгерістер еніп тұратынын жиі естуіңіз мүмкін. Яғни, 10 жыл бұрынғы және бүгінгі емтихан тапсыру ережелеріндегі өзгеріс жер мен көктей.
Соңғы жылдары емтихан өтетін аудиторияларға бейнебақылау қойылды. Электронды нұсқамен тапсыру арқылы өтетін пәндер көбейген. Логиканы дамыту мәселесі бойынша кейбір пән сынағына баяндап жазу үлгілері қосылған. Мұның барлығы — жаңа заман жастарына қойылатын басты талаптар.

Кәсіби  психологиялық даярлық және
ІІО басқару  кафедрасының оқытушысы
Толыкпаев Е.Ж