Академия мұражайына экскурсия

Тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес кураторлық сағат шеңберінде республикамыздың әр облысынан келген алғашқы кәсіптік даярлық тыңдаушыларына Академия мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.

Академия мұражайында тыңдаушылар Академия тарихымен, экспозицияларымен және әйгілі генерал-лейтенант Шырақбек Қабылбаевтың өмірбаянымен және қызмет жолымен таныстырылып, шолу жасалды.

Еліміздің әр аймағынан келген алғашқы кәсіптік даярлық тыңдаушыларының мұражайдың ақпараттық материалдары мен кең көлемді экспозициялары әрқайсысының үлкен қызығушылығын тудырды. Өз кезегінде, тыңдаушылар Академия қызметкерлеріне осындай ауқымды және мазмұнды экскурсия үшін зор алғыстарын білдірді.

А. Мұрат
2 оқу тобының кураторы
полиция капитаны