Академияның түлегі болашақ сақшылармен кездесті

2020 жылдың мамыр айының 27 күні 208-оқу тобының курсанттарымен «ҚР әкімшілік құқық» пәні бойынша кезекті тәжірибелік сабақ өткізілген болатын. Кездесуге Алматы облысының, Қаратал аудандық полиция бөлімінің, жергілікті полиция бөлімшесінің  учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Дастан Нұртайұлы Көдеков қатысты.
Кездесудің мақсаты – болашақ полиция қызметкерлеріне ішкі істер органдарында қызметтік тәжірибесі бар полиция қызметкерлерімен ой бөлісу, қызметте боған оқиғалар туралы сұхбаттасу. Тәжірибелік қызметкер курсанттарға өздерінің қызметтік саласы, қызметтік міндеттемелері мен қызықты оқиғаларымен бөлісті. Кездесу барысында мынадай сұрақтар қойылды. Үлгілі полиция қызметкері қандай болуы тиіс? Ең біріншіден полиция қызметкері-халық қорғаны. Қылмысты ашуда, қауіпсіздікті сақтауда полиция қызметкерлерінің еңбегі зор. Кәсіби денгейі жоғары қызметкер болу үшін білімді, білікті болуы қажет. Шапшандылық пен жылдамдық, жылдам шешім қабылдау әрекеттері полицейге маңызды қажеттердің бірі болып табылады.  Біздің мақсатымыз халықтың қауіпсіздігін, амандығын қамтамасыз ету. Кездесу соңында тәжірибелік қызметкер курсанттарға оқуларына сәттілік, зор денсаулық тіледі.

ІІО әкімшілік қызмет кафедрасының
аға оқытушысы
полиция майоры
Д. Қалқаманұлы