Адам құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды

«Құқық қорғау қызметінің өзекті сұрақтары» пәні шеңберінде 1 курс магистранттарына «Жеке бас бостандықты сақтау және адамның абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеу, қылмыстық заңнаманың нормалары, азаптауға, зорлық-зомбылыққа, басқа да адам абыройына қатыгездікпен немесе қорлау түрлеріне қарсы іс-әрекет» тақырыбындағы дәріске Атырау облысы ПД Тергеу басқармасының бастығы полиция полковнигі Муталиев Нұрмұханбет Тұрдықұлұлы қатысты.

Дәріс қонағы өзінің көп жылдық тәжірибесімен бөлісті. Аталған тақырып бойынша тергеудегі өзекті мәселелерге тоқталып, азаптаулар қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша өз ой пікірін айтып, магистранттар тарапынан туындаған сұрақтарға толыққанды жауап бере білді.

Дархан АМАНГЕЛЬДИЕВ
Қылмыстық құқық және
жазаны орындауды ұйымдастыру
кафедрасының бастығы
полиция полковнигі