Абай – дана, Абай – дара қазақта

Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырған. Абай Құнанбайұлы ұлтымыздың мақтанышы.
Осы мерейтойлық жылына байланысты, 2020 жылдың 5 наурызында       Л. Толстой атындағы Қостанай облыстық кітапханасының өкілдері ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында Абай Құнанбайұлының өмірбаяны туралы кітап көрмесін өткізді.
Кітап көрмесін өткізу шеңберінде, Л.Толстой атындағы Қостанай облыстық кітапханасының өкілдері Академия курсанттарына Абай Құнанбайұлы туралы бейнероликті көрсете отырып, оның өмірбаянын баяндады.
Абай – дана, Абай- дара қазақта атты иллюстративті-кітап көрмесінде ұлы Абайдың өмір жолы мен шығармалары көрсетілді.
Кітап көрмесінің мақсаты — жас ұрпақтың өз жерінің тарихы мен мәдениетін білуге бағытталған, сонымен қатар халық ақындарының шығармашылығы туралы   көрме арқылы жеткізу.

Кадр саясаты бөлімінің
идеологиялық жұмыс бөлімшесінің аға инспекторы
полиция капитаны
Д. Альжанова