ОҚУ — ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ

Оқу-әдістемелік орталық өз тарихын 2004 жылдан бастап ҚР ІІМ Қостанай заң институтында оқу процесін жоспарлау бөлімі құрылғаннан бері жүргізіп келеді. Орталықтың қызметі оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіруге, Академияның профессорлық-оқытушылар құрамының кәсіби құзыреттілігін арттыру және инновациялық әдістемелерді енгізу, сондай-ақ оқыту сапасына мониторинг жүргізу және қашықтықтан білім беру технологияларын ұйымдастыру арқылы білім беру сапасын қамтамасыз етуге бағытталған.

Орталық өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 бұйрығын, нормативтік құқықтық актілерді, Академия Жарғысын, Ғылыми кеңестің, жедел кеңестердің шешімдерін Академия бастығың нұсқауларын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру бойынша Орталықтың жұмысы шеңберінде қызметкерлер білім беру бағдарламалары мен оқу жұмыс жоспарларын, білім беру және оқу-әдістемелік процесті реттейтін құжаттаманы әзірлеу, факультеттердің, кафедралардың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі қызметін үйлестіру, оқу-тәрбие процесінің әдістемелік қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асыру, кафедралардың оқу-әдістемелік жұмысын талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу және т. б. бойынша іс-шаралар жүзеге асырылады.

Бүгінде орталықта ведомстволық оқу орнында үлкен тәжірибесі бар қызметкерлердің бірыңғай және ұйымшыл ұжымы жұмыс істейді: Орталық бастығы полиция подполковнигі М.К. Смағұлов, Орталық бастығының орынбасары, оқу процесін қамтамасыз етуді ұйымдастыру бөлімшесінің бастығы полиция подполковнигі А.М. Бисеналина, оқу сапасын мониторингілеу және бақылау (бағалау) бөлімшесінің бастығы Т.Г. Баймаганов, оқу процесін қамтамасыз етуді ұйымдастыру бөлімшесінің аға оқытушы-әдіскері полиция подполковнигі А.М. Аетова, оқу сапасын мониторингілеу және бақылау (бағалау) бөлімшесінің аға оқытушы-әдіскері полиция подполковнигі Ж.Х. Ғазиз, оқу сапасын мониторингілеу және бақылау (бағалау) бөлімшесінің оқытушы-әдіскері полиция майоры С.А. Новотеева, қашықтықтан оқыту тобының аға инженер-бағдарламашысы полиция подполковнигі Т.Т. Жақашев қызмет атқарады.

Құрылған сәттен бастап оқу-әдістемелік орталық Академияның алқалы басқару органдарының бірі-оқу-әдістемелік кеңестің қызметін үйлестіреді. Оқу-әдістемелік кеңестің отырыстарында оқу процесін әдістемелік қамтамасыз етудің сапасын ұйымдастыру мен мониторингілеуге; Академияда оқу процесін әдістемелік қамтамасыз ету мен жетілдіруге; оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді, құралдар мен басқа да материалдарды басып шығаруға ұсынымдарды қарау; оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жетілдіру бойынша озық тәжірибені жинақтау және тарату; педагогикалық және ғылыми кадрлардың біліктілігін арттыру, қайта даярлау және аттестаттау жүйесін жетілдіру; оқу процесінің мазмұнын талдау; сапа менеджменті жүйесін дамыту және әдістемелік әзірлемелердің нәтижелерін оқу процесіне енгізу бойынша ұсынымдар дайындау және басқаларды қарауға қатысты мәселелер қаралады.

Академияның профессорлық-оқытушылар құрамының кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында орталық Педагогикалық шеберлік мектебінің қызметін үйлестіреді. Педагогикалық шеберліктің сапасы мен тиімділігін арттырудың, сондай-ақ оқу процесін жетілдірудің, озық және педагогикалық тәжірибе алмасудың тағы бір бағыты Академияның профессорлық-оқытушылар құрамының ашық оқу сабақтарын өткізуі болып табылады.

Орталық үшін Академияның профессорлық-оқытушылар құрамының жыл сайынғы оқу-әдістемелік жиындарын өткізуді ұйымдастыру, Академияның профессорлық-оқытушылар құрамының: «Үздік кафедра бастығы», «Үздік оқытушы», «Үздік оқу-әдістемелік материал», «Үздік кафедра» кәсіби шеберлік конкурстарын, сондай-ақ инновациялық технологияларды пайдалану бойынша білім алушылардың оқыту семинарларын ұйымдастыру дәстүрге айналған.