БІЛІМ САПАСЫН МОНИТОРИНГІЛЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ (БАҒАЛАУ) БӨЛІМШЕСІ

Білім сапасын мониторингілеу және бақылау (бағалау) бөлімшесі дербес құрылымдық бөлімше болып табылады және 2005 жылдың 12 шілдесінде білім саласына рейтингті жүйе енгізілгеннен кейін құрылды.

Білім сапасын мониторингілеу және бақылау (бағалау) бөлімшесі (бұдан әрі – бөлімше) Академияның құрылымдық бөлімшесі болып табылады және оқыту сапасына мониторингілеу жүргізу арқылы мамандарды дайындау сапасын арттыруға қызмет етеді.

Бөлімше өз қызметінде Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңын, жоғары оқу орындарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін, Ішкі істер министрлігінің нормативтік-құқықтық актілерін, сондай-ақ Бөлімше туралы Ережені (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы бастығының 2016 жылғы 29.06. №84 бұйрығына №3 қосымша) басшылыққа алады.

Бөлімшенің құрылымы мен штаттық санын Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген тәртіпте Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бекітеді.

Әр түрлі уақытты бөлімнің бұрынғы бастықтары: полиция полковнигі А.В. Брылевский, полиция полковнигі Р.К. Бекмагамбетов, подполковнигі А.Х. Аетова болған. Штаттың қысқартылуына байланысты 2011 жылы бөлім бөлімшеге айналды.

Қазіргі уақытта бөлімшені полиция подполковнигі, заң ғылымдарының магистрі Қарабеков Қанатбек Өмірзақұлы басқарады.

Бөлімшенің құрамы келесі қызметкерлерден тұрады: бөлімшенің аға инспекторы, полиция майоры Жакашев Талғат Титашұлы, бөлімшенің инспекторы, полиция майоры Новотеева Сауле Амангельдиновна.


Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы №20 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларын бекіту туралы», 2016 жылғы 22 қаңтардағы №52 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы  оқу орындарында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік  қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтарына сәйкес бөлімше қызметінің негізгі бағыттары төмендегідей:

  • оқу кезеңі аралығында білім алушылардың оқу жетістіктерінің тарихын жүргізеді;
  • білім алушылардың аралық және қорытынды аттестаттауын ұйымдастырады мен жүзеге асырады;
  • біліктілікті арттыру және қайта даярлау институты тыңдаушыларының компьютерлік нысанында кіріс және қорытынды аттестаттауын қабылдайды;
  • білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылау жүйесін ұйымдастырады;
  • Академияда білім сапасын мониторингілеуді жүзеге асырады;
  • Академияны мемлекеттік аттестаттауға және оқу жетістіктерін сырттай бағалауға дайындау бойынша бөлімдердің қызметін үйлестіреді;
  • оқытудың кредиттік технологиясы бойынша материалдарды дайындауға қатысады.

Бөлімше қызметкерлері жыл сайын КОФ-тің 1-курс курсанттарының кредиттік оқыту технологиясы және курсанттың жеке рейтингін анықтау сұрақтары бойынша нұсқаулық жиналыстарына қатысады, сонымен қатар КОФ-тің 1-курс курсанттармен ведомствалық ЖОО-да қалыптасу және білім алу мәселелері бойынша конференцияға қатысады.

Бөлімше қызметкерлері Академияда өтетін конференцияларға, семинарларға қатысады. Түрлі тақырыптарға 20-дан астам мақалалар басылып шығарылды: жоғары білім жүйесіндегі білім алатын технологиялар; педагогикалық шеберлікті арттыру; интерактивтік оқыту технологиясы; компьютерлік тестілеуді қолдану, тестілеу технологиялары және оқу үрдісіндегі телеконференциялар, курсанттарды сабаққа дайындауда ақпараттық жүйелерді қолдану; компьютердің антивирустік қорғауы, бағдарлама көмегімен ақпаратты қалпына келтіру; қазіргі сымсыз желіні құру; ЖОО-ғы сауалнаманы автоматтандыру және т.б.

Компьютерлік тестілеуді өткізу бағдарламалары (Т.С. Токтаров, Т.Т. Жакашев), GPA есептеу бағдарламасы (Т.Т. Жакашев) және сауалнама бағдарламасы (Т.Т. Жакашев) құрастырылып, белсендi қолданылады.

Бөлімше қызметкерлері Академияда өткізілетін барлық іс шараларға белсенді қатысады.

Телефон: 8 (714-2) 25-55-90 (ішкі т. 2-48)


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ КОФ-ТІҢ

1-3 КУРС КУРСАНТТАРЫ АРАСЫНДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН

«ӨЗ БІЛІМІҢДІ ТЕКСЕР» АТТЫ БАЙҚАУ



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ КОФ-ТІҢ

1-3 КУРС КУРСАНТТАРЫ АРАСЫНДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН

«ӨЗ БІЛІМІҢДІ ТЕКСЕР» АТТЫ БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША МАРАПАТТАУ

ОЖСБ-2017 нәтижелері бойынша КОФ-тің 4-курс курсанттарын марапаттау

 Тел: 8 (7142) 26-49-90 (2-48, 1-38)