КАДР САЯСАТЫ БӨЛІМІ

Кадр қызметі ықтимал жұмыскерге болашақ жұмыс туралы мәлімет береді. Жұмыскер кадр қызметіне «сырын айтады», оны кадр қызметкері тиісті қадрлық құжаттарға тіркеуі керек. Жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек қатынасының сабырлығы сол кадрлық құжатты дұрыс толтыруына  байланысты.
1971 жылы КСРО ІІМ Қостанай облысаралық  кіші және орта басшы құрамды дайындау мектебі ашылғаннан кейін оқу орнының кадр аппараты құрылды.
Кадр саясаты ұйымның барлық басқару қызметінің негізгі бөлімі болып табылады. Оның мақсаты бірлескен, жауапкершілікті, жоғары дамыған және жоғары өнімді жұмыс қуатын құру.
Қазіргі таңда кадр қызметі Академияның штаттық-ұйымдастыру құрылымының дербес құрылымдық бөлінісі болып табылады және Академия бастығына және оның кадр жұмысына жетекшілік ететін орынбасарына тікелей бағынады.
Кадр жұмысы бөлімінің жұмысы жоспар негізінде Академияның барлық бөлімшелерімен тығыс қарым-қатынаста жүзеге асырылады. Кадр қызметкерлері күнделікті мәселелерді шешу барысында заңдылық, құпия және жеке жауапкершілік принциптерін ұстанады. Кадр жұмысы бөлімі жұмысының басты мақсаты – Академияның бос орындарына кәсіби дайындалған кадрларды уақытылы және сапалы түрде алу, ішкі тәртіпті қамтамасыз ету, қызметкердің оң беделін қалыптастыру.

Кадр қызметін әр уақытта жетекшілік еткен полиция полковнигі В. Тыщенко, полиция подполковнигі А. Борисенков, философия ғылымдарының кандидаты, полиция подполковнигі И. Симонов, педагогика ғылымдарының докторы, полиция подполковнигі Б.Тойлыбаев, заңғылымдарының кандидаты, доцент, әділет полковнигі Е. Саламатов, заңғылымдарының кандидаты, әділет полковнигі К. Сагинбеков, заңғылымдарының кандидаты,  доцент,  әділет полковнигі Б. Шнарбаев, заңғылымдарының кандидаты, әділет полковнигі Д.С. Жакашев, заңғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі М.А. Исмагамбетов және полиция  полковнигі  Е. Каппасов басқарды. Қазіргі уақытта полиция полковнигі Ж.Б.Орумбаев, заңғылымдарының кандидаты қызметін атқарып жүр.

Қазіргі кезеңде қызметкерлер құрамын басқару бойынша функцияларды орындау үшін кадр қызметкері кәсіби біліктілікті және жоғары іскерлікті болуын талап етеді, ұйым басшылығымен, оның функционалды, линиядағы бөлімшелерімен өзара іс-қимылды көздейді. Ұйымда қызметкерлер құрамын басқарудың қиындығы кадр қызметі басшысына жаңа деңгейді талаптарды қажет етеді. Осыған байланысты кадр аппаратының бастықтары болып өз ісінің кәсібилері, жауапты мамандар әділет подполковнигі  А.Арцыбасов,  әділет подполковнигі  К. Аужанов, әділет полковнигі А. Нурғалиев, әділет подполковнигі Б.А. Жармағамбетова, полиция полковнигі А.Б. Канбаков, полиция полковнигі А.Ч. Макжанов, полиция подполковнигі К.Е. Жанбосынов, полиция полковнигі Ибраев А.К. Қазіргі уақытта кадр саясаты бөлімінің бастығы болып полиция подполковнигі Қажимханұлы Руслан Аужанов қызметін атқарып жүр.

Жеке құрам есебі, қызметкерлер құрамын басқаруға қатысты еңбек заңнамасын, әдістемелік, нормативтік және басқа да материалдарды, педагогика, әлеуметтану және еңбек психологиясын білу; қызметкерлер құрамын басқару жөнінде отандық және шет елдердің озық тәжірибелерін үйрену; құрылымдық бөлімшелер мен қызметкерлердің функцияларын реттеу, қызметкерлер құрамын бағалаудың әдістерін білу; ұйымның құрылымын және құрылымдық бөлімшелерінің негізгі функцияларын білу — кадр қызметкеріне әр уақытта қойылатын талаптар.
Кадр жұмысы бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Ішкі істер органдары туралы» Заңы, сонымен қатар Қазақстан Республикасы ІІМ бұйрықтары және басқа да құқықтық актілерін басшылыққа алады.
Кадр саясаты бөлімінің аға инспекторлары полиция подполковнигі Самат Бозкуланович Сергазинның, полиция майоры Шынгыс Жарасканулы Жакибаевтың,  полиция капитаны Салтанат Бахытбековна Жумалдинаның және инспекторлары полиция майоры Рима Бауржановна Хамитованың, полиция майоры Саулет Хасымовна Шаметованың, техник полиция қатардағы Наргиза Алматовна Саринаның кадр жұмысындағы тәжірибесі үлкен болғандықтан, күнделікті мәселелерді нәтижелі шешеді.

Кадр саясат бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Қажимханұлы Руслан Аужанов

Кадр саясаты бөлімінің аға инспекторы полиция подполковнигі Самат Бозкуланович Сергазин

Кадр саясаты бөлімінің Кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығы бойынша аға инспекторы полиция майоры Шынгыс Жарасканулы Жакибаев

Кадр саясаты бөлімінің аға инспекторы полиция капитаны Салтанат Бахытбековна Жумалдина

Кадр саясаты бөлімінің инспекторы полиция майоры Саулет Хасымовна Шаметова

Кадр саясаты бөлімінің инспекторы полиция  майоры Рима Бауржановна Хамитова

Кадр саясаты бөлімінің технигі полиция қатардағы Наргиза Алматовна Сарина

Кадр жұмысы бөлімінің жұмысы екі негізгі бағытта жүзеге асырылады: тұрақты құраммен жүмыс (аттестатталған және азаматтық қызметкерлер) және ауыспалы құраммен (кәсіби даярлық факультетінің курсанттары және алғашқы кәсіби даярлық факультетінің тыңдаушылары). Кадр жұмысы бөлімінің ұжымы ұйымшылдығымен, жұмыскерлігімен ерекшеленеді, кеңес алу үшін келген кез келген қызметкерге түсіністікпен қарап қолдау көрсетеді.
Осының бәрі қойылған мәселелерді сапалы және уақытылы шешуге көмектеседі.

Бөлімбастығы: 8 (7142) 26-45-42

Бөлім инспекторлары: 8 (7142) 26-20-93 (1-70)

Қосымша материалдар:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ ҚОСТАНАЙ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ КАДР САЯСАТЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕСІ