ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ КОММУНИКАЦИЯЛАР  БӨЛІМШЕСІ

Алғашқы кезеңде хатшылықтың қарамағында қызмет атқарып келген мемлекеттік тілді дамыту тобы 2000 жылы дербес бөлімше болып құрылды. Топтың негізін әділет капитаны Б.А. Тайжанов, әділет капитаны А.Т. Ирубаева, әділет аға лейтенанты Т.Т. Омаровтар қалады.
2004 жылы топ мемлекеттік тілді дамыту бөлімі ретінде қайта құрылды. Бөлім бастығы болып әділет полковнигі Е.Қ. Құрманов тағайындалды, бөлімде аға инспектор әділет капитаны Ә.Х. Қарпықова, инспектор әділет аға лейтенанты Г.Ш. Анайбаева, инспектор әділет лейтенанты Г.Ш. Едресова қызмет атқарды.
2010 жылдың қараша айында ұйымдық-штаттық өзгерістерге байланысты мемлекеттік тілді дамыту бөлімі бөлімшеге айналды.
2019 жылдың қараша айында ұйымдық-штаттық өзгерістерге байланысты мемлекеттік тілді дамыту бөлімшесі ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімшесі болып қайта құрылды.
Қазіргі уақытта ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімшесінде инспекторлар: Жахина Гульшат Укаповна және Жұмабек Перизат Ақылбекқызы   жұмыс істейді.
Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімшесі Ішкі істер министрлігінің тіл және ақпараттық саясатын,  Академияның оң имиджін қалыптастыруға бағытталған қызметін жариялауды жүзеге асыратын дербес құрылымдық бөлінісі болып табылады.
Бөлімше өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ бөлімшенің ережесін басшылыққа алады.
Бөлімшенің негізгі міндеті:

  • тіл саясаты саласындағы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, жоспарларды іске асыру, ішкі істер органдарында мемлекеттік тілді дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • Академия қызметін ақпараттық жариялау мәселелері бойынша ақпараттық хабарламаларды тарату және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.

Мұнымен қоса бөлімше «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығымен бірлесіп, Академия қызметкерлеріне мемлекеттік тілді оқыту бойынша сабақтар ұйымдастырады, брифингтер, баспасөз және интернет-конференциялар, сондай-ақ курсанттардың жалпы мәдени деңгейін арттыру мақсатында мәдени-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырып өткізеді.
Сонымен қатар қоғамдық қолдауды қамтамасыз ету және ІІО болашақ қызметкерлерін дайындау кезінде міндеттерді ойдағыдай орындау мақсатында Академияда жылына 2 рет «Akademıa: mindet, abyroı, erlik» атты жалпыакадемиялық журнал басылып шығарылады, онда жоғары оқу орнының тыныс-тіршілігі, тарихы, салтанатты және маңызды оқиғалары, қызметкерлердің және тыңдаушылардың оқудағы, ғылымдағы, спорттағы жетістіктері және т.б. туралы ақпараттар енгізілген.

 

Тел: 8 (7142) 26-49-16, 26-20-93 (1-53)