ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ РЕДАКЦИЯЛЫҚ-БАСПА ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМІ

ОТДЕЛ ОРГАНИЗАЦИИ НАУЧНО-ИССЛЕДОВАТЕЛЬСКОЙ И РЕДАКЦИОННО-ИЗДАТЕЛЬСКОЙ РАБОТЫ

  1. Наименование подразделения и его функции

Ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмысын ұйымдастыру бөлімі (бұдан әрі — бөлім) Академияның ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа қызметінің жарғылық қызметі шеңберінде жүзеге асырылатын  Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы  Қостанай академиясының (бұдан әрі — Академия) құрылымдық бөлінісі болып табылады.

Академияның ғылыми-зерттеу жұмысы жоғары кәсіби білім саласындағы мемлекеттік саясатқа, Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтарына сәйкес ұйымдастырылады және жүргізіледі.

Академияның ғылыми-зерттеу жұмысының міндеттері Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 23 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының органдары туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 маусымдағы  №319- № 319-ІІІ «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы № 407-IV «Ғылым туралы» Заңын,

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы туралы», Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы», Қазақстан Республикасы ІІМ 2014 жылғы 23 шілдедегі № 455 «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жүйесінде ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығын,  Қазақстан Республикасы ІІМ 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 23 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарының қызмет қағидалары» бұйрығын, Қазақстан Республикасы ІІМ 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 22 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында оқулық басылымдары мен оқу-әдiстемелiк кешендерді дайындау,  сараптау, сынамақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру қағидалары» бұйрығын, Қазақстан Республикасы ІІМ ғылыми зерттеулер қызмет жоспарын, , күнтізбелік жылына Академияның ғылыми зерттеулер қызмет жоспарын басшылыққа алып жүзеге асырылады.

Бөлімнің негізгі міндеттері болып табылады:

  • Академия ғылыми-зерттеу жұмысын үйлестіру;
  • Академия құқық қорғау органдары және мемлекеттік органдармен ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі бағыттары бойынша өзара қатынасын ұйымдастыру;
  • профессор-оқытушылар құрамының, ғылыми қызметкерлердің және білім алушылардың бірігіп ғылыми зерттеулерге, ғылыми еңбектерінің, оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттердің басылып шығуына қатысуын қамтамасыз ету;
  • Қазақстан Республикасы ІІМ ғылыми зерттеулер қызмет жоспары, күнтізбелік жылға Академияның ғылыми зерттеулер қызмет жұмыс жоспарының қалыптасуы;
  • Ғылыми конференциялардың, семинарлардың, дөңгелек үстелдердің дайындалуы және өткізілуі;
  • профессорлық-оқытушылар құрамы, ғылыми қызметкерлері мен білім алушылардың ғылыми конференцияларға, семинарлар мен басқа да іс-шараларға қатысуын ұйымдастыру;
  • ғылыми конференцияларға, семинарларға және басқа да іс-шараларға қатысу үшін делегациямен алмасуды ұйымдастыру;
  • Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін оқу үдерісіне және тәжірибелік қызметіне есепке алу;
  • Академия профессорлық-оқытушылар құрамының қызметін, басылып шыққан жұмыстар мен өткізілген конференция нәтижелерін есепке алу;
  • Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру және басшылық ету;
  • Академияның жыл сайындық басылым жоспарын орындалуына бақылауды қамтамасыз ету және бекіту;
  • Әдеби және техникалық түзету және автормен редакторлық түзетуді келісу;
  • Макетті беру және баспаханаға тапсыру;
  • Академия мен Қазақстан Республикасының оқу орындары, қиыр және таяу шет елдері, үкіметтік емес ұйымдар арасында біріккен қызметі туралы шарттарды дайындау және құру;
  • Академия профессорлық-оқытушылар құрамы, ғылыми қызметкерлер мен білім алушылары ғылыми конференцияларға, семинарлар мен басқа да іс-шараларға қатысуын ақпараттық қамтамасыз ету.
  • бөлімде іс жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу.
  1. Бөлімнің тарихы

Ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмысын ұйымдастыру бөлімі 1996 жылы құрылды. Ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмысын ұйымдастыру бөлімін қайта құру нәтижесінде 2004 жылдың қыркүйегінде ғылыми-зерттеу бөлімшесі және редакциялық-баспа бөлімі құрылған болатұғын. 2004 жылдың қыркүйегінен 2013 жылдың сәуіріне дейін редакциялық-баспа бөлімін полиция подполковнигі З.С. Садвакасова басқарды.

2006 жылдың желтоқсанында бөлімше қайта құрылу нәтижесінде ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру бөліміне өзгертілді.

2013 жылдың 8 сәуірінде ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмысын ұйымдастыру бөлімі бір құрылымға қосылды – ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа бөлімі.

 

педагогика ғылымдарының докторы, полиция полковнигі Куламбаева К.К. (1998-2004 жж.)
заң ғылымдарының докторы, доцент, полиция полковнигі Шнарбаев Б.К. (2004 ж.)
заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Брылевский А.В. (2005 ж.)
полиция подполковнигі Конвисарь А.А. (2006-2008 жж.)
әділет полковнигі Зюбанова Т.Н. (2008-2009 жж.)
 

полиция подполковнигі Корнейчук С.В. (2009 ж.)

 — полиция подполковнигі Куламбаева К.К. (2009-2010 гг.)
заң ғылымдарының кандидаты, әділет полковнигі Хусаинов О.Б. (2011 ж.)
тарих ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Сейпиева К.Р.

(2011 ж. бастап 2015 ж. дейін)

 

тарих ғылымдарының кандидаты, полиция подполковнигі Табулденов А.Н. ( 2016 ж. бастап 2019 ж. дейін)

 

тарих иагистрі, полиция подполковнигі Алпеисов Б.Б
2019 ж. бастап.

Қазіргі уақытта бөлімде өз кәсіби қызметтерін жүзеге асыруда: бөлім бастығы – тарих магистрі, полиция подполковнигі Б.Б. Алпеисов, аға ғылыми қызметкері – заң ғылымдарының магистрі, полиция майоры К.А. Сарсенова, аға ғылыми қызметкері – заң ғылымдарының магистрі, полиция майоры Н.Ж. Ибраева, ғылыми қызметкері экономика ғылымдарының магистрі, педагогика ғылымдарының магистрі,  полиция капитаны О.В. Довгань, редакторлар: заң ғылымдарының магистрі, отставкадағы полиция подполковнигі, З.С. Кайралапова, Г.Б. Айтмағамбетова, түзетушілер – Едресова А.Ш., Қорғанбек Х.

  1. Ғылыми-зерттеу қызметі

Ғылым жөніндегі ұлттық баяндамада «Ғылым саласында елдің экономикасы мен әлеуметтің қайта құрылуына негіз қалаушы ресурс ұлттық байлықтың мағызды бөлігі болып табылады. Ғылыми әлеует көбінесе еліміздің әлемдік қоғамда  қоғамдастықтағы орнын, сыртқы нарықтағы бәсекелестік күрестегі болашағын және оның ішкі мәселелерін шешуде мүмкіндіктерді айқындайды. «Қазақстан — 2050» Стратегиясы» іске асыру және Қазақстан әлемінің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы бойынша тапсырмасы халықаралық деңгейінде зерттеулерді және олардың кең тәжірибесін іске асырылуын жетілдіру елдің ғылыми-зерттеу әлеуетін жұмылдыруды талап етеді.

Академия ұжымымен (басшылығымен, кафедрасымен, ғылыми бөліністермен) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің міндеттері мен тапсырмаларын орындау, жоғары оқу орнының мәртебесін көтеру мақсатында ғылыми жқмыстардың табысты нәтижелерін жетілдіруге және бұда әрі жетілдіруге бағытталған мақсатты жұмыс жүргізеді.

ІІО жүйесіндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының мақсаты ІІО-ның жедел қызметінің жұмысында ғылыми, ғылыми-техникалық  және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету және ІІМ білім беру ұйымының оқу-тәрбие үдерісіне және тәжірибелік қызметіне ғылыми зерттеу нәтижелерін енгізу болып табылады.

Ғылыми-зерттеу жұмысы оқу-тәрбие үдерісімен тығыз байланысты профессорлық-оқытушылар құрамының ғылыми біліктілігін арттыруға және Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесіне мамандарды дайындау сапасын жақсартуға жағдай жасайтын Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай академиясының құрамдас бөлігі болып келеді.

Академияның ғылыми-зерттеу қызметі ІІМ ведомствосы мен бөліністердің тәжірибелік қызметіне және білімге, ғылымды біріктіруге, ғылыми-білім үдерісі негізінде дамытуға, ғылыми зерттеулер мен жаңартпа қызметінің бәсекеге жарамдылығын жоғарлатуға бағытталған.

Ғылыми-зерттеу жұмыстардың ұйымдастырылуы мен өткізілуі Академияның құрылымдық бөліністерде жүзеге асырылады.

Академияда ғылыми-зерттеу жұмыстары профессорлық-оқытушылық  және ғылыми құрам, білім алушылармен орындалады.

ЖОО-дағы  профессорлық-оқытушылық  және ғылыми құрамдары үшін ҒЗЖ орындалуы негізгі міндеттер санына жатады және жұмыстың жеке жоспарына сәйкес жұмыс уақытында іске асырылады.

Академияның ғылыми-зерттеу жұмысына енгізіледі:

  • ІІМ бөліністерінің және ведомстволарының практикалық қызметіндегі міндеттерді шешуге бағытталған іргелі, іздеу, қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірбиелік-конструкторлық жұмыстарын жүргізу;
  • ІІМ бөліністерінің және ведомстволарының норма шығару және практикалық қызметін ғылыми, ғылыми-әдістемелік, ақпараттық-аналитикалық қамтамасыз ету;
  • ІІМ бөліністерінің және ведомстволарының норма шығару және практикалық қызметін ғылыми, ғылыми-әдістемелік, ақпараттық-аналитикалық қамтамасыз ету;
  • жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беруді дамытудың теориялық және әдіснамалық негіздерін зерттеу және әзірлеу;
  • жеке ғылыми мектептерін қалыптастыруды және дамытуды, ғылыми-педагогикалық қызметкерлер мен білім алушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына белсенді тартуды;
  • оқу процесіне оқытудың инновациялық технологияларын әзірлеу мен енгізу;
  • ғылыми зерттеу нәтижелерін оқу процесіне және практикаға енгізу;
  • жеке ғылыми мектептерін қалыптастыруды және дамытуды (тиісті ғылыми әлеуеті болған кезде), ғылыми-педагогикалық қызметкерлер мен білім алушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына белсенді тарту;
  • зерттеушілер мен әзірлеушілердің зияткерлік меншігі мен авторлық құқықтарын қорғау;
  • білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыруды және жетекшілік ету.
  • ІІМ-мен келісімі бойынша халықаралық ынтымақтастық жүзеге асыру.

2019 жылғы жағдайы бойынша Академияның профессорлық-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлері Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметінің басымдылық бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының 16 ізденістік зерттеу тақырыптары (ҚАЖК, ТД, ӨҚД) және ведомстволық жоғары оқу орындарында оқу пәндерін оқыту әдістемесін жетілдіру шеңберінде жүзеге асырылады.

4. Курсанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары

Академияда курсанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары ғылыми-техникалық үдерісінде жаңа жетістіктерін Қазақстанның ішкі істер органдарының тәжірибелік қызметінде шығармашылықпен қолдану, қабілетті жоғары білім алатын мамандарды дайындау мен тәрбиелеудің сапасын арттыратын негізгі де тиімді шаралардың бірі болып саналады.

Курсанттарды ғылыми-зерттеу жұмысына баулу республиканың ішкі істер органдары алдында тұрған келелі міндеттерді жүзеге асыруда олардың шығармашылық пен еңбекқорлық қасиеттерін пайдалануға жағдай жасайды.

Курсанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі міндеттері ретінде креативті ой, шығармашылық қабілетінің дамуы; ғылыми дүниетанымын қалыптастыру; білімін үнемі жетілдіре білуді және өздігімен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге дағдыландыру; ғылыми білімтану әдістерін меңгеріп алу, ғылыми ақпараттарды терең және шығармашалық ұғып алу; тәжірибелік қызметте ғылыми мағлұматтарды тудыру және қолдану; келесі кәсіби қызметте ғылыми мағлұматтарды жетілдіре білу.

Академия курсанттары үздік ғылыми жұмыстардың халықаралық және республикалық конкурстарға қатысады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен ұйымдастырылған жоғары оқу орындарының студенттері мен тыңдаушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарына өтетін Республикалық конкурсқа, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы оқу орындары арасындағы ғылыми жұмыстар конкурсына қатысады және бірнеше рет жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып аталған.

Жыл сайын үздік ғылыми жұмысқа Академия курсанттары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұйымдастыратын жоғары оқу орындары студенттері мен курсанттарының ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық конкурсына қатысады.

Конкурс қорытындысы бойынша КДФ 4-курс курсанттары Дамиля Байжанова, Анастасия Кириченко және Юлия Кривичтің «Экстремистік және террористік қылмыстары үшін сотталғандарды оңалту» тақырыбындағы ғылыми жұмысы құрметті І дәрежелі дипломға ие болды. Жұмыстың ғылыми жетекшісі — экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мамандарын даярлау орталығының бастығы полиция майоры Мырзабек Туйганов.

КДФ 4-курс курсанттары Зарина Байхадамова, Жансұлу Жақсылықова және Аида Сайлаудың «Қазақстан Республикасындағы шетелдік сотталғандардың құқықтары» тақырыбындағы ғылыми жұмысы ІІІ дәрежелі дипломға иеленді. Бұл жұмыстың ғылыми жетекшісі — ІІО-да әлеуметтік жұмыстарды ұйымдастыру кафедрасының бастығы, педагогика ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Нурлан Тулкинбаев

5. Редакциялық-баспа қызметі

      Академияның редакциялық-баспа қызметінің негізгі міндеттері болып табылады:

  • ІІМ ведомстволар мен бөліністердің тәжірибелік қызметі және жоғары оқу орындарының білім беру үдерісінде қамтамасыз ету үшін оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми материалдарды дайындау және басып шығару;
  • жоғары оқу орындарының басылымдарын тәжірибелік ішкі істер органдары мен білім беру мекемелеріне насихаттау және тарату;

    Академияда келесі баспа басылымдарды дайындау және жариялау жүзеге асырылады:

  • монографиялар, оқулықтар, оқу құралдары (оқу-әдістемелік, оқу көрнекті құралдар), практикумдар, оқу жоспарлардың барлық пәндерінен (курстан) курс дәрістері;
  • білім беру үдерісін қамтамасыз ету үшін әдістемелік материалдар мен оқу-әдістемелік құжаттама (жұмыс оқу бағдарламасы, әдістемелік құралдар, ұсынымдар, әзірлемелер, оқу пәндерін (курстың) немесе оның бөлігін зерделеу немесе оқыту бойынша нұсқау);
  • профессорлық-оқытушылық құрам, ғылыми қызметкерлер (қызметшілер), білім алатындардың ғылыми еңбектерінің тақырыптық жинақтар;
  • сонымен қатар, басқа да білім беру мекемесімен және мемлекеттік органдармен бірігіп өткізілген ғылыми, ғылыми-тәжірибелік және әдістемелік конференциялар, жиындар, кеңестер, ғылыми дөңгелек үстелдер мен семинарлардың материалдары;
  • анықтамалық, ақпараттық және басқа да баспа өнімдері.

2002 жылдан бастап Академияда «Ғылым» халықаралық ғылыми журналы шығарылады.

«Ғылым»Халықаралық ғылыми журналы 2016 жылғы қазан айында ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау бойынша комитеттің ұсынысымен заң ғылымдары бойынша ғылыми қызметтің негізгі ғылыми нәтижелерін жариялауға арналған басылымдар тізбесіне енгізілді (ҚР БҒМ БҒСБК 2016 ж. 17.10. №1027 Бұйрық).

ҚР БҒМ заң ғылымдары бойынша ғылыми қызметтің негізгі ғылыми нәтижелерін жариялауға арналған Білім және ғылым саласындағы бақылау бойынша комитеттің ұсынған басылымдар тізбесіне «Ғылым» журналының енуі жарияланатын мақалалардың мазмұнына жоғары талаптар қояды.

Журнал Заң ғылымдары бойынша ғылыми қызметтің негізгі ғылыми нәтижелерін жариялауға ұсынылған басылымдар тізбесіне енгізілген (ҚР БҒМ КОКСОН), Ресейлік ғылыми дәйексөз индексі (РҒДИ) жүйесіне кіреді, digital object identifier (DOI) сәйкестендіргіші бар.

 

Біздің оқу орнымыздың курсанттары Қазақстанның, жақын шет елдерінің жоғары оқу орындарында өткізілетін ғылыми конференцияларға, семинарларға тұрақты түрде қатысып отырады.

Академия қабырғасында жалсайын мамыр айында Қазақстаннның, жақын және алыс шет елдерінің ведомствалық жоғары оқу орындарының, жоғары оқу орнының азаматтық ұйымының курсанттары, тыңдаушылары мен студенттері қатысатын  «Ғылым жастар көзімен» атты курсанттар мен студентттердің халықаралық конференциясы өткізіледі.

Сонымен қатар, Академияда жылсайын сәуір айында Ғылым қызметкерлері күніне арналған жақсы дәстүрге айналған «Ғылым және курсант: шығармашылық тандем» атты облыстық дөңгелек үстелі өткізіледі.

Академияда жылсайын желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің алғашқы күніне және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған Академия бастығының кубогына республикалық пікір талас турниры өткізіледі.,

Академияда жыл сайын үздік ғылыми үйірмеге байқау-конкурсы өткізіледі, қорытындысы бойынша үздік ғылыми біріккен курсанттар, ғылыми жетекшілер мен курсанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына жауаптылар мадақталады.

Академияда үнемі шешендік шеберлер кәсіпқойларды, 1-4 курс курсанттарын біріктіретін «Заң және тәртіп» пікір талас клубы жұмыс істейді.

Ғылыми-зерттеу жұмыстармен белсенді қатысатын курсанттар- Қазақстанның болашақ ғалымдары! Біздің балалар әрдайым шығармашалық ізденісте болып, қылмыстық, қылмыстық-атқару, қылмыстық іс жүргізу, әкімшілік құқық, жедел іздестіру қызметі, әлеуметтік-гуманитарлық топтаманың өзекті мәселелерін зерттейді.

Біздің курсанттар Қазақстанның жан-жақты дамыған болашақтағы ғалымдар. Олар әскери қызметті барлық қиыншылықтар мен кемшіліктерді сәтті біріктіреді, «өте жақсы» оқып, спортпен шұғылданады, ал қазір де көптеген тағылымды ғылыми зерттеулермен байланыстырғысы келеді.

Біздің тамаша курсанттарымыздан табысты ғалымдар, нағыз офицерлер – өз Отанының патриоты және өз ісінің кәсіпқойлары өсуде.

5. Редакциялық-баспа қызметі

       Академияның редакциялық-баспа қызметінің негізгі міндеттері болып табылады:

  • ІІМ ведомстволар мен бөліністердің тәжірибелік қызметі және жоғары оқу орындарының білім беру үдерісінде қамтамасыз ету үшін оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми материалдарды дайындау және басып шығару;
  • жоғары оқу орындарының басылымдарын тәжірибелік ішкі істер органдары мен білім беру мекемелеріне насихаттау және тарату;

Академияда келесі баспа басылымдарды дайындау және жариялау жүзеге асырылады:

  • монографиялар, оқулықтар, оқу құралдары (оқу-әдістемелік, оқу көрнекті құралдар), практикумдар, оқу жоспарлардың барлық пәндерінен (курстан) курс дәрістері;
  • білім беру үдерісін қамтамасыз ету үшін әдістемелік материалдар мен оқу-әдістемелік құжаттама (жұмыс оқу бағдарламасы, әдістемелік құралдар, ұсынымдар, әзірлемелер, оқу пәндерін (курстың) немесе оның бөлігін зерделеу немесе оқыту бойынша нұсқау);
  • профессорлық-оқытушылық құрам, ғылыми қызметкерлер (қызметшілер), білім алатындардың ғылыми еңбектерінің тақырыптық жинақтар;
  • сонымен қатар, басқа да білім беру мекемесімен және мемлекеттік органдармен бірігіп өткізілген ғылыми, ғылыми-тәжірибелік және әдістемелік конференциялар, жиындар, кеңестер, ғылыми дөңгелек үстелдер мен семинарлардың материалдары;
  • анықтамалық, ақпараттық және басқа да баспа өнімдері.

2016 жылы «Академия: Міндет, Абырой, Ерлік!» журналы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетіне есепке қойылды (2016 жылға 21 қыркүйектегі № 16138-Ж куәлігі).

Жыл сайын Академия қызметкерлерімен көлемі 300 б.т. тұратын 20-дан артық оқу-әдістемелік әдебиеттер атаулары басылып шығарылады.

Академия қызметкерлерімен жарияланған оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми әдебиеттердің саны өсуде. 2014 жылы көлемі 271,26 б.т. тұратын 23 жұмысы болса, ал 2015 жылы көлемі 302,4 б.т. тұратын 25 жұмыс, 2016 жылы –көлемі 316,69 б.т.тұратын 31 жұмыс, 2017 жылы — көлемі 340,17 б.т. тұратын 30 жұмыс, 2018 жылы – 500,63 б.т. тұратын 46 жұмыс басылып шықты.

6.Халықаралық ынтымақтастық

 

        Академия халықаралық ынтымақтастықты кадрларды даярлау саласында ғылыми және педагогикалық қызметін жүзеге асырады.

Халықаралық ынтымақтастық Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, ІІМ шет мемлекеттердің тиісті мекемелерімен жасаған келісімдерге, ІІМ-мен келісімі бойынша Академиямен жасаған тікелей екіжақты келісімшарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

           Академия халықаралық ынтымақтастықты мынадай нысандарда:

  • екі жақты және көп жақты алмасу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге білім алушыларды, профессорлық-оқытушылық және ғылыми құрамның өкілдерін, өзге де қызметкерлерді жіберуді;
  • ғылыми конференцияларға, семинарларға және өзге де іс-шараларға қатысуды;
  • шет мемлекеттердің білім беру мекемелерінің оқытушыларын және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін  дәріс оқуға, семинар және  практикалық сабақтар өткізуге, конференцияларда сөз сөйлеуге  және басқа да  іс-шараларға қатысуға тартуды;
  • шетелдік азаматтарды оқытуды;
  • професорлық-оқытушылық және ғылыми құрамын, магистранттарын және докторанттарын шетелдік ғылыми және оқуорындарына педагогикалық және ғылыми тағылымдамаға жіберуді;
  • бірлескен іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, ғылыми еңбектерді, оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттерді бірлесіп шығаруды;
  • ғылыми-әдістемелік деректер базаларымен алмасуды;
  • халықаралық және шетелдік ұйымдар мен қорлар қаржыландыратын әртүрлі бағдарламаларға қатысу, сондай-ақ шетелдік әріптестермен бірлесіп, Қазақстан Республикасының ұйымдары мен қорлары қаржыландыратын әртүрлі бағдарламаларға қатысуды жүзеге асырады.

Біріккен ғылыми зерттеулерді өткізу, тәрбиелік іс-шаралар, оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен алмасу, ішкі істер органдары үшін кадрларды даярлау саласында Академияда Ресей Федерациясының, Белорусь, Украина, Қырғызстан, Тәжікстан және басқа да қиыр және таяу шет елдерінің жетекші ведомстволық жоғары оқу орындары және азаматтық білім беру ұйымдарымен көптеген келісімшарттары, өзаралық ынтымақтастық туралы келісімдері бар.

Полиция академияларының халықаралық ассоциациясы (INTERPA) әлемнің 22 елінің ішінен 24 құқық қорғау бағдар білім беру мекемесінің өкілдерінің қатысуымен құрылды.

Қазіргі уақытта Полиция академияларының халықаралық қауымдастығының мүшелері әлемдегі 45 елінің ішіндегі 53 оқу орындары болып табылады.

Қауымдастық полиция оқу орындары арасындағы ынтымақтастық пен үйлестіру әрекетін дамыту үшін коммуникациялық тұғырнамасын құру мақсатында негізделген. INTERPA қызметі полицейлік білім беру және оқыту, құқық тәртібі саласында ғылыми және академиялық зерттеуді өткізу, озық тәжірибемен алмасу, бар ресурстарды тиімді қолдануға байланысты мәселелердің шешімдеріне бағытталған. INTERPA елінің мүшелері арасындағы өзаралық пен теңдік қағидасына негізделе отырып, қауымдастық әлемдегі түрлі елдің құқық қорғау органдары үшін кәсіби кадрларды даярлау саласында жетекші ұйымдардың бірі болды.

 Тел: 8 (7142) 26-02-80 (1-20, 1-58, 1-64, 1-18)