Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы

ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСС ЖӘНЕ КРИМИНАЛИСТИКА КАФЕДРАСЫ

Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы бейінді білім беруге сәйкес оқу жұмысының,  курсанттар арасында әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстарының өткізілуін, сондай-ақ ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындауды  қамтамасыз ететін Академияның  жетекші оқу-ғылыми бөліністерінің бірі болып табылады. Кафедра өз қызметінде Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 23 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы», 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы»,  2011 жылғы 18 ақпандағы «Ғылым туралы»  Заңдарын, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 20 бұйрығын, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарының қызмет қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 23 бұйрығын,  Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің  әскери, арнаулы оқу орындарында, азаматтық  қызметші лауазымдарын қоспағанда, педагог жұмыскерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 16 қаңтардағы № 34 бұйрығын, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 52 бұйрығын, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» 2016 жылғы 22 маусымдағы № 665 бұйрығын, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту қағидалары»
2016 жылғы 26 қаңтардағы № 80 бұйрығын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 661 бұйрығын басшылыққа алып, өз қызметін жүзеге асырады.

Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай заң институтының негізінде 1996 жылы құрылды. Кафедраның қалыптасуы  мен дамуына заң ғылымдарының докторы, профессор Б. Шнарбаев, заң ғылымдарының докторы И.П.Корякин, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Е.Саламатов, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Л. Доскалиева, заң ғылымдарының кандидаты А. Ирубаева, заң ғылымдарының кандидаты А.В. Брылевский, заң ғылымдарының кандидаты С.Н.Кадацкий, заң ғылымдарының кандидаты Р.А.Назмышев, сондай-ақ кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы зор үлесін  қосты.

Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының профессорлары мен оқытушылары 5 мың жоғары білікті мамандарды даярлауға, 4,5 мың ішкі істер органдары қызметкерлерін қайта даярлауға лайықты үлес қосты, сондай-ақ  қоғамдық тәртіпті қорғауды  қамтамасыз етуге  қатысты.

 

Бүгінгі таңда қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы – бұл Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі үшін жоғары білікті мамандарды даярлауды өз міндеті етіп танитын, серпінді дамып келе жатқан Академия бөлінісі. Кафедраның басты міндеті – жоғары деңгейде қылмыстық процесс және криминалистика бойынша оқу, ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік жұмысты, ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау мен біліктілігін арттыруды ұйымдастыру және жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес адамгершіліктің берік негіздерін қалыптастыру, азаматтыққа тәрбиелеу. Кафедраның жұмысы идеялық нанымды белсенді өмірлік ұстаныммен үйлестіретін терең теориялық және тәжірибелік білімі бар мамандарды даярлауға  бағытталған. Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы келесі негізгі функцияларын атқарады:

— қылмыстық процесс, криминалистика курстары, сондай-ақ оқытудың  күндізгі, сырттай нысандары бойынша және біліктілікті арттыру және қайта даярлау факультетінде кафедра аралық және кафедралық арнайы курстар бойынша оқу сабақтарының барлық түрлерін жүргізеді.

— Мамандардың бекітілген біліктілік сипаттамасы, қылмыстық процесс, криминалистика бойынша үлгілік бағдарламалардың негізінде мамандарды даярлауда республиканың полицияға қажеттілігін, сондай-ақ тәжірибелік органдар үшін мамандарды кәсіби даярлауда оқытылатын оқу пәндерінің мәнін арттыруға ықпал ететін ішкі және пән аралық логикалық байланыстарды есепке алатын ғылымның, техниканың, мәдениеттің соңғы жетістіктерін және оларды дамыту болашағын айқындайтын жұмыс бағдарламаларын әзірлейді.

— Мемлекеттік тілді белсенді зерделеу, қолдану және дамыту үшін қажетті жағдайларды жасайды. Тақырыптық жоспарларды, дәріс, семинар және тәжірибелік сабақтардың жоспарларын, оқытудың толық курсына курсанттардың өзіндік жұмысы жоспарларын әзірлейді.

— Оқыту сапасын үздіксіз жетілдіруді қамтамасыз етеді: оқытудың жетекші нысаны ретінде дәрістердің деңгейін арттыру; білімді бекітудің тиімді нысандары ретінде семинар және тәжірибелік сабақтарда курсанттардың оқу жұмысын белсендендіру; курсанттардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қажетті білім мен дағдыларға баулу; курсанттарды оқыту мен білімін бақылаудың алдыңғы қатарлы нысандарын енгізу; оқу үдерісінде аудио, бейне, компьютерлік техниканы пайдалану. Емтихан өткізеді, олардың қорытындыларын растайды.

—  Оқытылатын пәндердің кешенді әдістемелік қамтамасыз етілуін жүзеге асырады: оқулықтар, оқу құралдарын дайындауды, оқу-әдістемелік материалдарды, ұсынымдарды, оқыту тәжірибесін жалпылауды, жеке әдістемелерді және т.б. әзірлеуді іске асырады.

— Ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау мен біліктілігін арттыруды жүзеге асырады. ҚР мен жақын шетелдегі басқа оқу орындарының біртектес кафедраларымен, тергеу, сараптамалық және жедел-криминалистикалық бөліністердің қызметтерімен шығармашылық байланыстар орнатады.

Оқытушылық құрамның күшімен кафедралар ашық сабақтар, сабақтарға өзара қатысу және педагогикалық бақылау өткізеді. Үздік оқытушылардың тәжірибесін жинақтап таратады, педагогикалық шеберлікті меңгеруде жас оқытушыларға көмек көрсетеді. Кафедраның магистранттары қорғауға ұсынатын диссертацияларды қарастырады. Қылмыстық процесс, криминалистика бойынша аса маңызы бар жаңа монографиялық жұмыстар мен ғылыми мақалаларды, заңнамалық актілерді, басты нормативтік және басқа да актілерді талқылайды. Отырыстарда оқытушылардың ғылыми және әдістемелік баяндамалары мен хабарламаларын тындайды, дайындалған оқу-әдістемелік материалдарды талқылайды.

 

— Қазақстан Республикасы ІІМ тәжірибелік органдарымен және басқа құқық қорғау органдарымен байланыстарды кеңейту және нығайту бойынша жұмыс жүргізеді. Осы мақсатта: мамандар даярлауда облыстардың ПД және ҚАЖД тәжірибелік органдарымен ынтымақтастық дамытады; курсанттар мен кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы алдында ішкі істер органдарының, соттар мен прокуратураның басшылары мен жетекші мамандарының сөз сөйлеуін ұйымдастырады; облыстардың ПД тәжірибелік қызметкерлерін тәжірибелік органдар базасында да, Академияның ғимаратында да сабақтар өткізуге тартады.

— Академия, республика аумағында, сонымен бірге шетелде де ғылыми-тәжірибелік және ғылыми-теориялық конференциялар, әдістемелік семинарлар мен жиындар өткізуге қатысады.

— Оқу орнына білім алушыларды қабылдауды, оқитын және жұмыс істейтін жастарды кәсіби бағдарлауды ұйымдастыруға қатысады.

— Курсанттармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен өткізуге, оларды ғылыми-зерттеу жұмысына тартуға қатысады.

ҚР ІІО (2014 жылғы 23 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының) міндеттерін қамтамасыз ету үшін кафедра келесі пәндердің оқытылуын қамтамасыз етеді: ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы (жалпы бөлімі), ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы (ерекше бөлімі), криминалистика, криминалистикалық әдістеме, ІІО қызметіндегі анықтау, қылмыстық іс жүргізу және есептік құжаттарды әзірлеу бойынша практикум, ІІО қызметінде қылмыстарды тергеуді ұйымдастыру, қылмыстық және қылмыстық-процессуалдық заңнаманы қолдану теориясы мен практикасы.

Қылмыстық процес және криминалистика кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмысы «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары жүйесінің қызметінде ғылыми-зерттеуді ұйымдыстыру бойынша нұсқаулықты бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы ІІМ 2014 жылғы 23 шілдесіндегі № 455 бұйрығына, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынамақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан  Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 22 бұйрығына, Ғылыми зерттеулер және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың перспективалық жоспарына, Академияның ғылыми зерттеулер және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарының перспективалық жоспарына, Академияның негізгі іс-шаралар жоспарына, сонымен қатар кафедраның оқу жылына арналған ғылыми-зерттеу жұмыс жоспарына, Академияның Оқу және Оқу-әдістемелік кеңестерінің шешімдеріне, әртүрлі сұрақтар бойынша Академия басшылығының ұйғарымдарына сәйкес жүзеге асырылады. Кафедрада курсанттармен ғылыми-зерттеу жұмысы жүзеге асырылады, «Ізкезуші» атты ғылыми-зерттеу үйірмесінің отырыстары өткізіледі. Кафедра үйірмесінің қатысушылары республикалық және аймақтық конференцияларда бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды.

Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің «Ішкі істер органдарындағы тәрбие жұмысының ұйымдастырушылық-құқықтық негіздері жөніндегі әдістемелік құралды бекіту туралы» 2015 жылғы 26 маусымдағы № 564 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Кафедра Академияның тәрбиелік іс-шараларын жүргізуге белсенді қатысады. Жыл сайын қызметкерлер оқытылатын пәндердің ерекшеліктеріне байланысты түрлі тақырыптық іс-шаралар өткізеді.

Кафедра қызметкерлері Қазақстан Республикасының полициясы күніне, КДФ 1 курс тындаушыларының Ант қабылдауына, Наурыз мейрамы – мерекесіне, Отан қорғаушылар Күніне, Жеңіс Күніне, курсанттармен қоштасуға арналған және басқа да  мерекелік іс-шараларды дайындауға және өткізуге  қатысады.

Оқу топтарының кураторлық жұмысы.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігінің  Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы жалпы білім беру үдерісінің бірінші дәрежелі міндеттерінің бірі білім алушылардың бейімделу үдерісінің тиімділігі және жалпы оқу кезеңінде жағымды жағдай туғызу. Бұл жерде оқу топтарына жетекшілік ететін кураторлардың жұмысы ерекше рөл атқарады. Кафедраның отырыстарында әрдайым кураторлардың жұмысы туралы, курсанттардың үлгерімі мен тәртібі туралы сұрақтар қарастырылып, үлгерімі нашар курсанттармен жұмыстар жүргізіледі.

Кафедра  құрамы:

Кафедра бастығы –  полиция полковнигі Серик Асылбекович  Едресов

Кафедра бастығының орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты, полиция подполковнигі Акимжанов Ерик Серикович

Аға оқытушы Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі полиция подполковнигі Маханбетов Нұркен Қасқыртайұлы

Аға оқытушы заң ғылымдарының магистрі полиция подполковнигі Ғалым Ажар Маратқызы

Оқытушы полиция майоры Самат Михайлович Даиров

Профессор заң ғылымдарының кандидаты Андрей Владимирович Брылевский

Кафедра телефоны 8 (7142) 26-49-16 (1-12, 1-60, 1-39)