Педагогика және психология кафедрасы

Кәсіби-психологиялық даярлық және ІІО басқару  кафедрасы қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары үшін білікті маман- бакалаврларды кәсіби және психологиялық-педагогикалық дайындау болып табылады.

Кафедраның негізгі міндеті болып табылады:

– Мемлекеттік стандартқа сай жоғары және қосымша кәсіби білімнің бағдарламаларын жүзеге асыру, терең теориялық біліммен және тәжірибелік іскерліктері мен дағдыларға ие жоғары білікті мамандарды дайындау;

– оқу үрдісін әдістемелік қамтамасыз етудің сапасын оқытудың озық әдістері мен инновациялық технологияларын енгізу арқылы арттыру;

– қосымша кәсіби білім беру жүйесінде профессорлық – оқытушылық құрамның кәсіби – педагогикалық біліктілігін арттыру мақсатындағы Академияның қажеттілігін қанағаттандыру;

– ішкі істер органдарының білім беру ұйымдарына кеңес берушілік және әдістемелік көмек көрсету.

2006 оқу жылынан бастап кафедра «Педагогика және психология» мамандығы бойынша мамандар дайындап шығарады.

Кафедраның көпжоспарлы қызметі курсанттарды келесі бағыттар бойынша дайындауды қамтамасыз етеді:

5В010300 – педагогика және психология;

5В090500 – әлеуметтік қызмет;

5В030300 – құқық қорғау қызметі (әкімшілік-құқықтық және қылмыстық-атқару бағыты бойынша);

6М030300 – құқық қорғау қызметі.

Педагогика және психология кафедрасы жеке құрылымдық бөлім ретінде  1998 жылдың сәуір айында құрылды.

Оқу орнын Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару жүйесінің ведомоствасына көшірілгеннен кейін 2005 жылдың шілде айында кафедра пенитенциарлық психология және педагогика кафедрасы болып қайта құрылды. Бұл алғашқы мамандандырылған кафедра болды.

2011 жылдың шілде айында педагогика және психология кафедрасы қайта құрылып ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының жетекші құрылымдық бөлімі болды.

Кафедраның алғашқы бастығы психология ғылымдарының кандидаты, милиция подполковнигі Сапарин Олег Евгеньевич болды.

Бұл кафедраны әр уақытта басқарған бастықтар олар: Е.К. Кудебаев әділет подполковнигі, Е.К. Курманов әділет полковнигі, Т.А. Ильина педагогика ғылымының кандидаты полиция полковнигі, А.В. Брылевский заң ғылымының кандидаты полиция подполковнигі, Н.А.Тулкинбаев педагогика ғылымының кандидаты полиция подполковнигі, Таукенова Айгүл Муратовна филология ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі.  

Педагогика және психология кафедрасы қызметінің басым бағыттарына: оқытушылардың ғылыми-педагогикалық потенциалын арттыру, иноновациялық технологияларды қолдану мен оқытылатын пәндерді әдістемелік қамтамасыз ету бойынша жұмыстарын белсендіру, оқытудың тәжірибелік бағытын күшейту.Кафедра ұжымы өзінің алдына психологиялық қызметті жетілдіру, курсанттардың бойында ІІО қызметкерінің кәсіби психологиялық қасиеттер кешенін психологиялық, әскери және дене дайындығы арқылы қалыптастыру және дамыту міндеттерін қояды.Кафедра қызметкерлерін табысты және қажетті маман болуға ұмтылушылық, кез-келген өзгерістерге дайын, жаңа жағдайларға тез және тиімді бейімделе алатын, кәсіби маман болып, өзінің білімі мен іскерлігін үнемі жетілдіріп отыратын, өзін-өзі дамытуға ұмтылатын, толеранттылық танытып кәсіби білікті болу қасиеттері біріктіреді.

Е.К. Кудебаев Т.А. Ильина

Н.А.Тулкинбаев А.В. Брылевский

А.М. Таукенова

Кафедраның оқытушылық құрамы:

 Руденко Жанна Муратовна — кафедра бастығының орынбасары, құқық магистрі, полиция майоры. ҚАЖ мекемелерінде жұмыс тәжірибесі 5 жылдан астам 15-нан астам ғылыми жұмыстарының авторы. Ғылыми қызығушылық аймағы: заң психологиясы, экстремальды психология, суицидология, конфликтология.


Ким Наталья Павловна  ҚР педагогика ғылымдары академиясының академигі, профессор, педагогика ғылымдарының докторы. ЖОО – да 35 астам жұмыс өтілі бар, сонымен қатар 70 астам ғылыми мақаланың авторы.

Жандарбекова Гайда Байгуровна педагогика ғылымдарының кандидаты. ЖОО – да 30 астам жұмыс өтілі бар, сонымен қатар 40 астам ғылыми мақаланың авторы.

Симонов Сергей Васильевич кафедра доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты. ЖОО – да 25 астам жұмыс өтілі бар, сонымен қатар 60 астам ғылыми мақаланың авторы.
Кафедрадағы ғылыми-зерттеу жұмысының жетекшісі. Ғылыми қызығушылық аймағы:жалпы педагогика, оқыту теориясы  педагогика, педагогикалық шеберлік.

Турсумбаева Назгуль Жанбыршыевна — кафедра аға оқытушысы, полиция капитаны, педагогика ғылымдарының магистрі, 15-нан астам ғылыми мақаланың авторы. «Психолог»  ғылыми үйірмесіне жетекшілік етеді. Ғылыми қызығушылық аймағы: даму психологиясы, жалпы психология, психологиялық кеңес беру, психокоррекция, әлеуметтік жұмыс психологиясы.Кулькеева Дана Мирамбековна  кафедра аға оқытушысы, заң ғылымдар магистрі, полиция майоры. 10 жылдан астам тәжірибелік еңбек өтілі бар. Ғылыми қызығушылық аймағы: педагогика, пенитенциарлық  психология.Бальшенова Салтанат Темировна – кафедра оқытушысы, әлеуметтік ғылымдар магистрі, полиция аға лейтенанты. Азаматтық жоғары оқу орындарында 5 жылдан астам педагогикалық тәжірибесі бар. Ғылыми қызығушылық аймағы: конфликтология, этнопсихология, әлеуметтік психология, қарым-қатынас психологиясы.

Ахметова Гульзат Хамзаевна — кафедра оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, полиция  аға лейтенанты. Азаматтық жоғары оқу орындарында 3 жылдан астам педагогикалық тәжірибесі бар. Ғылыми қызығушылық аймағы: практикалық психология, экспериментальды психология, этнопсихология, заң психологиясы.

Оразов Алмат Хамидоллаұлы — кафедра аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, полиция  аға лейтенанты.  Азаматтық оқу орындарында 5 жылдан астам педагогикалық тәжірибесі бар. Ғылыми қызығушылық аймағы: практикалық психология, экспериментальды психология, этнопсихология, заң психологиясы.

 Толыкпаев Ерден Жанбрбаевич — кафедра оқытушысы, полиция  аға лейтенанты. Азаматтық оқу орындарында 5 жылдан астам педагогикалық тәжірибесі бар. Ғылыми қызығушылық аймағы: экспериментальды психология, қарым-қатынас психологиясы.

Абдраймов Тимур Еркенович  полиция аға лейтенанты, ҚР ІІМ Қостанай академиясын бітірген.Ш. Қабылбаева 2021 жылы Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД Қарабас а. кентінің АК 159/18 мекемесінде аға инспектор — психолог лауазымында жұмыс істеді. 2021 жылдың тамыз айынан бастап Ш. Қабылбаева атындағы ҚР ІІМ Қостанай академиясында жұмыс істейді инспектор-полиграфолог лауазымында. 2023 жылдың наурыз айынан бастап Педагогика жане Психология кафедрасында оқытушы лауазымында жұмыс істейді.

Полиция капитаны А. Саламатова  2015 жылы ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясын “Педагогика және психология” мамандығы бойынша аяқтады. Оқу орнын бітіргеннен кейін ҚР ІІМ Оқу орталығында (Қостанай қ.) “Әлеуметтік және жалпықұқықтық пәндер” циклында оқытушы болып, одна кейін осы циклдын бастығының лауазымына тағайындалып қызметін атқарды. Оқу орталығы жабылғанан кейін, 2020 жылдың ақпан айынан бастап ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясына оқу-саптық бөлімінің взвод командирі лауазымында қызметін әрі қарай жалғастырып , осы бөлімшеде курс бастығының орынбасары лауазымына дейін жеттіп,  көптеген ІІО болашақ жас қызметкерлерін тәрбиеледі. Сонымен қатар Қостанай академиясының идеологиялық және имидждік бөлімінде бір жыл шамасында қызмет еті. Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап “Педагогика және писхология” кафедрасында оқытушы лауызымына тағайындалды. Полиция капитаны А. Саламатова алғышқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушыларымен қызмет атқаруда үлкен тәжірибеге ие.

 Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы

Кафедра күндізгі және сырттай оқыту факультетінде, біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтында, жоғарғы білімнен кейінгі қосымша білім беру институтында мемлекеттік және орыс тілдерінде сапалы білім беруді қамтамасыз етеді.

Соңғы жылдары кафедра қызметкерлерімен дайындалған әр түрлі бағдарламалар, практикалық ұсыныстар, аналитикалық талдаулар мен анықтамалар ҚР ІІМ бөлімдерінің практикалық қызметінде және оқу процесінде пайдаланылады.

Профессорлық-оқытушылық құраммен әрдайым оқу үрдісінде қолданылатын жүргізілетін оқу пәндері бойынша оқу-әдістемелік кешендерді дайындау жұмыстары жүргізіледі.

1 Психологиялық-педагогикалық мамандығына кіріспе

2 Адам даму психологиясы

3 Жалпы психология

4 Жалпы және әлеуметтік педагогика

5 Қызметкерлерді практикалық іс әрекетке кәсіби психологиялық дайындау

6 Педагогика

7 Этнопедагогика

8 Өзін-өзі тану

9 Жас ерекшелік физиологиясы мен және мектеп гигиенасы

10 Психология тарихы

11 Тұлғаның психологиялық-педагогикалық диагностикасы

12 Девианттық мінез-құлықтын психологиясы

13 Педагогика тарихы

14 Жалпы және әлеуметтік психология

15 Педагогиканы оқытуды ңәдістемесі

16 Психологиялық кеңес берудің негіздері

17 Эксперименталды психология

18 Әлеуметтікпедагогикасы

19 Әлеуметтікпсихологиясы

20 Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі

21 Психологияныоқытудыңәдістемесі

22 Клиникалық психология

23 Пенитенциарлықпедагогикасы

24 Пенитенциарлық психологиясы

25 Тұлғаның психокоррекциясы

26 Этнопсихология

27 ҚАЖ тәрбиежұмысынұйымдастыру

28 Практикалық психология

29 Педагогикалықшеберлік

30 Педагогикалық менеджмент

31 Заң психология

32 Құқық қорғау органдарының ӘАОО білім беру процессін ұйыдастыру

33 ІІО қызметкелерін тәрбиелік процесін ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық мәселелері

34 Профильді білім беру педагогикасы

Кафедра болашақ маман тұлғасының кәсіби қалыптасуынның маңызды құрамды бөлігі болып табылатын психологиялық-педагогикалық пәндер циклінің, арнаулы курстары арқылы болашақ психологтармен құқық қорғау органдардың қызметкерлерін тәрбиелеуге маңызды ықпал етеді.

Курсанттардың кәсіби тұрғыдан өзін-өзі тәрбиелеуі нағыз педагогикалық қызметте жүзеге асырылатын болашақ мамандықтың әлеуметтік маңыздылығын саналы түрде түсінуінің жоғары формасы болып табылады. «Педагогикалық шеберлік негіздері», «Этнопедагогика», «Психологтың кәсіби этикасы» сияқты курстар курсанттардың мінез-құлық мәдениетін, этикалық нормаларын, толеранттылығын тәрбиелеуге көмектеседі.

Білім үрдісінде ақпараттық-коммуникационды технологиялар, белсенді оқыту әдістемелері кеңінен қолданылады (тренингтер, дискуссиялар, дөңгелек үстелдер, ойын әдістемелері және т.б.).

Оқу үрдісі түлектердің практикалық қызметіне бағытталған, ҚР ІІМ кешенді органдарында оқу, педагогикалық және кәсіби тәжірибені өтуді қамтамасыз етеді.

Курсанттардың тәжірибесін ғылыми – әдістемелік қамтамасыз ету оларды әр түрлі психологиялық қызметтермен таныстыруға, біліктілік сипаттамасына сай кәсіби – практикалық дайындығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Кафедрада тренинг орталығы бар, онда «Педагогика және психология» мамандығы бойынша білім алатын курсанттарға практикалық психология және психологиялық кеңес беру пәндері бойынша оқу сабақтары өткізіледі.

Тренинг орталығында болашақ қызметкерлердің тұлғалық және кәсіби сапасын дамыту және қалыптастыру мақсатында топтық психологиялық тренингтер өткізіледі.

Қазіргі заманауи психотехнология мен практиканы пайдалана отырып психологиялық тренингтердің әралуан түрлері қолданылады: танымдық сапасын, лидерлік потенциалын, коммуникативтік құзыреттілігін, күйзеліске тұрақтылықты дамытуға арналған тренингтер.

ІІМ жүйесіне педагог-психологтарды дайындау үшін практикалық бағыттылығын күшейту үшін ерекше көңіл бөлінінеді, курсанттардың ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіледі.

Болашақ психологтардың дайындау сапасын жақсарту және практикалық қызметке қызығушылығын арттыру мақсатында жыл сайын кафедрада талантты курсанттарды анықтау үшін 1-4 курс курсанттарымен психологиялық кешенді оқулар өткізіледі.

Психологиялық оқулар Академияның оқу-далалық лагерінде өткізіледі және пенитенциарлық психологты кәсіби – психологиялық дайындаудың  маңызды кезеңдерін анықтайды.

Оқу барысында психологтарды терроршылармен келіссөз жүргізу іс-әрекеттері, кеңес беру және психологиялық түзету мен құжаттарды толтыру дағдылары игеріліп, визуальды психодиагностика (профайлинг) и психографология негіздері беріледі.

Тәжірибелі практик-психологтар және оқытушылар жетекшілігімен курсанттарға кәсіби міндеттерін шешуде нұсқаулар алуға оңтайлы мүмкіндік тудырылды.

Психологиялық оқуларға қатысудың курсанттарға қандай пайдасы бар?

Біріншіден, мамандығы бойынша нормативтік-құқықтық актілермен арнайы әдебиет бойынша білімі мен құжатты қолдану дағдыларын қалыптастыру.

Екіншіден, шектеулі уақыт ішінде дұрыс кәсіби шешім қабылдай білу.

Үшіншіден, оқу міндеттерін шешу кезінде өзінің практикалық тәжірибесін қолдану қабілетін қалыптастыру.

Төртіншіден, шешімдерін дәлелдей білу және өз ойын қисынды жеткізе білу, ал ең бастысы төтенше жағдайларда ұйымдастырушылық, белсенділік және тәртіптік қабілеттерінің болуы.

Кешенді психологиялық оқулар – бұл курсант – психологтар үшін жарқын кәсіби шара, таңдаған мамандығына деген қызығушылығы мен жағымды мотивациясын арттырады. Осы іс-шара болашақ мамандығының мәнін бейнелейді, кәсіби тәуекелділік деңгейін төмендетеді, курсанттар өздерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын жаттықтыратын полигон болып табылады және болашақ  психолог – маманның жеке және кәсіптік деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді!

Жүргізілетін пәндердің практикалық бағыттылығын күшейту үшін ҚАЖД және ІІД органдарымен өзара қарым-қатынасқа көп көңіл бөлініп, оқу үрдісіне тәжірибелі қызметкерлерді қатыстыру жүзеге асырылады.

Кафедра қызметкерлері академияның курсанттармен және қызметкерлерімен күйзеліс жағдайындағы, тұлғаның өзін-өзі реттеудегі психологиялық, экстремалдық жағдайдағы психологиялық тұрақтылық, суицидтік мінез-құлықтың алдын-алу, өзара қарым-қатынас психологиясы мәселелері бойынша жеке кеңес беру жұмыстарын жүзеге асырады.

Кафедраның ғылыми жұмысы

Өзінің ғылыми-зерттеушілік жұмысында кафедра практикалық және білім берушілік қызмет тбарысында туындайтын мәселелерді шешуге бағытталған теориялық және қолданбалы зерттеулерді біріктіруге тырысады.

 Кафедраның 2017-2019 жылдарына негізгі ғылыми қызметі «Құқық қорғау органдары қызметкерлерін кәсіби қызметке психологиялық-педагогикалық қамтамасыз ету» ізденістік зерттеушілік тақырыбымен байланысты.

Ғылыми-зерттеушілік қызметті жүзеге асыру барысында кафедраның қызметкерлері әр түрлі деңгейдегі ғылыми – практикалық конфенренциялары мен семинарларға белсене қатысады, ішкі істер органдарының қызметіне осы бағыт бойынша жұмыс тобының құрамына кіреді.

Кафедрада күндізгі және сырттай оқыту факультетінің курсанттарымен және біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтының тыңдаушыларымен дөңгелек үстелдер үнемі өткізіліп тұрады.

Дөңгелек үстел: «ҚІІД қызметкерлерінің халықпен тиімді қарым-қатынасын орнату» атты тақырыпта.

Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтының базасында ҚІІД ӘПБ қызметкерлерін «Халықпен тиімді қарым-қатынасын орнату» атты тақырыпта психологиялық дайындау курсының негізгі мақсаты қарым – қатынас мәдениетінде қажетті теориялық және практикалық дағдыларды меңгеру, ұжыммен және халықпен тиімді қарым – қатынас жасауда жемісті қызымет ету, жағымды адамгершілік атмосфераны қалыптастыру болып табылады.

Жақын және алыс шет елдердегі ІІО ғылыми ынтымақтастық дамып келеді. Кафедра қызметкерлері Қазақстан мен ТМД елдерінің көрнекті ғалымдарының қатысуымен өткізілген ғылыми және ғылыми практикалық  конференцияларға, семинарларға қатысады.

2016- 2017 жылдары ғылыми – зерттеу аймағында кафедра оқытушылармен оқу үрдісіне қазақ және орыс тілдерінде монографиялар, оқу құралдары, дәрістер курсы әзірленіп белсенді қолданыста:

— «ҚР ІІМ ЖОО –да оқу-тәрбиелік үрдісін ұйымдастыру» оқу-тәжірибелік оқу құралы. Авторлар: А.Т. Сейтжанов, Г.Б.Жандарбекова, А.В.Брылевский, Т.А..Ильина

— «Жалпы және пенитенциарлық педагогика» пәнінен оқу құралы авторы: Т.А.Ильина

— 5В010300 «Педагогика и психология мамандығы бойынша  «Кешенді психологиялық оқуларды өткізу және ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар» әдістемелік ұсыныс. Автор: Волошина Т.А.

— «Пенитенциарлық педагогика» пәнінен оқу құралы авторы:Абдыкалыков Б.Т.

— «Тұлғаның психокоррекциясы» пәнінен дәріс курсы. Автор: Волошина Т.А.

— Жалпы психология бойынша тапсырмалар жинағы. Автор: Федотова А.С.

— Тұтқындарды босату бойынша қылмыскерлермен келіссөз жүргізуге әдістемелік ұсыныстар. Автор: Волошина Т.А., Руденко Ж.М.

 Курсанттардың ғылыми-зерттеушілік жұмысы

Курсанттардың ғылыми-зерттеушілік жұмысын ұйымдастыру мақсатында кафедрада «Психолог» ғылыми үйірмесі қызмет жасайды. Оның мақсаты курсанттардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, психология мен педагогика аймағындағы өзекті мәселелерді терең зерттеу мен оқып үйрену болып табылады.  Ғылыми зерттеулердің нәтижелері оқу жылы барысында Академияда өткізілетін ғылыми конференцияларда ғылыми баяндамалар ретінде ұсынылады.

Кафедраның ғылыми үйірмесінің мүшесі болып табылатын курсанттар ҚР ІІМ ведомоствалық оқу орындары курсанттарының арасындағы және білім министрлігінің студенттері арасындағы үздік ғылыми – зерттеушілік байқау – конкурстарына қатысып, жыл сайын жүлделі орындарға ие болады.

Кафедрада дәстүрлі түрде «Психология әлеміне саяхат» атты ғылыми-териялық конференция өткізіледі.

Кафедраның ғылыми-зерттеушілік жұмысы кафедра аралық ғылыми байланыстар ғана емес, Қазақстанның және жақын шетелдердің әр түрлі оқу орындарымен: «Жазаларды орындау Федеральдық қызметінің Академиясы» Ресей Федерациясы, Рязань қ.; «Челябі мемлекеттік  университетінің» Қостанай филиалы;  А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті мен байланыс жасайды.

Жыл сайын кафедраның «Психолог» ғылыми үйірмесі оқу жылының қорытындысы бойынша жүлделі 3 орынға ие болады.

Олимпиада

«Психолог» ғылыми үйірмесінің аясында «Қызықты психология» тақырыбына олимпиада өткізіледі.

 Тәрбие жұмысы

Тәрбие жұмысы – білім беру үрдісін жүзеге асыру мен ұйымдастырудағы ажырамас бөлігі. Курсанттың адамгершілік және патриоттық тәрбиесі кафедра отырысында қарастырылады, ал қажетті міндеттер сабақтың барлық түрлерін өткізуде және басшылықпен кездесуде шешіледі. Кафедра Академияның тәрбиелік іс-шараларын өткізуде белсенді ат салысады.

Кафедра мүшелері тәрбие жұмыстарын кураторлық сағаттар арқылы жүзеге асырады. Кураторлар жұмысы жоспарға сәйкес жүргізіледі. Кураторлық сағаттарда курсанттарды академия Жарғысымен, білім және ЖОО өзекті мәселелерімен, кредиттік жүйемен, оқу – әдістемелік және ғылыми – теориялық әдебиеттермен таныстырады;  оқу үлгірімі мен сабаққа қатысуын, аралық бақылау нәтижелерімен, емтихан сессия нәтижелерімен таныстырады; курсанттарды қызықтыратын сұрақтар бойынша дөңгелек үстелдер өткізіледі; курсанттармен жеке жұмыстар жүргізіледі.

Кураторлар сонымен қатар мәдени шараларды ұйымдастырп өткізеді: киноға, театрға, тарихи орындарға бару. Ғылыми, мәдени-ағартушылық идеяларды насихаттау жүзеге асырылады.

 Психолог қатарына қабылдау

Әрбір оқу жылдың басында төртінші курс бірінші курсты психологтарын психолог қатарына қабылдайды.

курсанттар үшін бұл курсанттық өмірге алғаш қадам басу және мамандықпен, педагогика және психология кафедрасының оқытушыларымен танысу болып табылады.

Маманның басты қалыптасу кезеңі болып оның белгілі мамандық аясына жататындығын сезіну болып табылады. Міне осы болашақта кәсіби өсуіне ықпал етеді және өмірлік көзқарастары мен құндылықтарын анықтайды.

Психолог болу  – бұл өзінің мамандығын сүю деген сөз, өзінің және басқалардың жан дүниесін ашу, адамдарға жақсы және бақыттырақ болуға көмектесу.

.

Біліктілікті арттыру және практикамен байланыс

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы үнемі ЖОО, сонымен қатар әр түрлі практикалық органдарда біліктілікті арттыру үшін түрлі курстарға іс-сапарларды жүзеге асырады.

«Қазақстандағы қылмыстық әділеттілікті орнату» тақырыбындағы Европалық одақ Жобасын жүзеге асыру аясында халықаралық сарапшылар мен кәсіби тренирлердің жетекшілігімен кафедра оқытушылары Таукенова А.М, Волошина Т.А., Абдыкалыков Б.Т.,Турсумбаева Н.Ж. біліктілікті арттыру курсын өтті.

Сертификаттарды тапсыру рәсімінде Академия бастығы Қызылов Мирлан Ахмедияұлы қатысушыларды құттықтап, Академияның оқытушылық құрамын дайындаудағы курстың маңыздылығын атап өтті. Ол қазіргі білім беру жүйесінде халықаралық тәжірибенің берері мол екенін атап кетті.

Теория мен практиканы тығыз байланыстыру мақсатында кафедраның практикалық органдарға бірлескен отырыстары жиі өткізіліп тұрады.  Отырыс барысында ҚР психологиялық қызметін жетілдіру мәселесіне қатысты сұрақтар, теориямен практиканың байланысы талқыланады.

2017 жылдың қазан айында полиция подполковнигі Т.А. Волошина Алматы қаласындағы «Ішкі істер органдарының практикалық қызметін психологиялық-полиграфологиялық қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» тақырыбында ведомстволық психологтар мен полиграф мамандарының ведомствоаралық оқу-тәжірибелік конференциясына қатысты.

2017 жылдың қараша айында полиция аға лейтенанты Турсумбаева Н.Ж. құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне арналған «Қылмыстық  жүйедегі әділеттік сотының пробация қызметі:  Европалық модель» Астана қаласында өткен семинарына қатысты.

2017 жылдың  қарашада полиция подполковнигі Т.А.Волошина  Беларусь Республикасы Минск қаласында өткен «ІІО  полиграфты пайдаланудың өзекті мәселелері» атты  Халықаралық ведомствоаралық семинарға қатысты.

Кафедраның маңызды атаулы оқиғасы ретінде 2017 жылдың 25 желтоқсан күні кафедрасының оқытушыларымен, курсанттарымен «ІІО қызметкерлерінің қызметтік іс-әрекеттерін психологиялық-педагогикалық ақпаратпен қамтамасыз ету» атты Ведомствоаралық  психологиялық фестивалі өткізілді.

Фестиваль мақсаты психолог мамандарының курсанттармен тәжірибемен алмасуға бағыталған. ҚР ІІМ психологиялық қызметтің өзекті мәселелері жайлы курсанттардың мәлімет алуға мүмкіндіктері болды.

Психологиялық фестиваліне ҚР ІІМ  түрлі аймақтық бөлімшелерінің психологиялық қызметтерінің жетекші психолог мамандары қатысты.

Оң бір жыл ішінде кафедрамен тоқсаннан астам психолог мамандары дайындалған, түлектеріміз барлық Қазақстан Республикасының облыстарында жұмыс істеп жатыр. Түлектер сыртта жүргеніменде бейнебаян арқылы оқытушыларына алғыстарын білдіріп, мерекелерімен құттықтады.

Қазіргі таңда педагогика және психология кафедрасы белсенді дамып келе жатқан бөлім болып табылады, кафедра қызметкерлері жүргізіліп жатқан пәндер аясында оқытудың алдыңғы қатарлы әдістері мен формаларын қолданады.

Кафедрада ҚР ІІМ жүйесіне жоғары білікті мамандарды кәсіби деңгейде дайындау үшін позитивті және ынтымақты ұжым жұмыс жасайды.

 Педагогика және психология кафедрасының телефоны

Тел: 8 (7142) 26-34-18 (1-47, 1-48)

e-mail: kost_akad_pip@mail.ru