Жалпы заң пәндері кафедрасы

Жалпы заң пәндер кафедрасының пайда болуы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірінің 2019 жылғы 11.11. № 957 бұйрығына сәйкес, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы, тілдер кафедрасы және мемлекеттік-құқық пәндер кафедраларын біріктіріліп, жалпы заң пәндері кафедрасы құрылды.

2023 жылы Жалпы заң пәндері кафедрасы

 

Оның бастауымен келесі оқытушылары жұмыс істейді:

Кафедра бастығының орынбасары, құқық магистрі, полиция подполковнигі Асель Батырбаевна Акылбекова

Кафедра профессоры, философия  ғылымдарының кандидаты, доцент, отставкадағы полиция полковнигі

Кульжанова Гульбарам Тимеркановна

Кафедра аға оқытушысы, құқық қорғау қызметінің магистрі, полиция подполковнигі

Сауле Тулешовна Утегенова

Кафедра аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі, полиция подполковнигі

Сауле Дакеновна Игиликова

Кафедра аға оқытушысы, құқық магистрі, полиция майоры Айжан Бахитхановна Бузаканова

Кафедра оқытушысы, құқық қорғау қызметінің магистрі, полиция капитаны Мадина Мукашевна Нурпеисова

Кафедра аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, полиция аға лейтенанты Әйгерім Ізбастықызы Уәли

Сарлыбаева Әсем Әуезханқызы — кафедра оқытушысы, полиция аға лейтенанты, заң ғылымдарының магистрі.

Табулденова Гульнар Булатовна – кафедра оқытушысы, полиция майоры, педагогика ғылымдарының магистрі

Қазіргі таңда кафедраның қызметі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 2 бұйрығымен бекітілген «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы», Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарының қызмет қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 23 бұйрығы), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 52 бұйрығы), Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 58 бұйрығы), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынамақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 22 бұйрығы), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 20 бұйрығы) және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында білім беру технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 16 қаңтардағы № 32 бұйрығы) сәйкес атқарылады.

 

Әр жыл сайын кафедра оқытушыларымен үлкен жұмыс атқарылады. Олар: дөңгелек үстелдер, викториналар, семинарларды ұйымдастыру және магистратура мен докторантура білім алушыларымен бірге көптеген халықаралық-тәжірибелік конференцияларға қатысады. Сонымен қатар кафедра оқытушылары оқу құралдары, практикумдар, әдістемелік ұсыныстар дайындайды.






Кафедраның міндеті оқу-тәрбие жұмыстарын, жалпы заң пәндері циклы аясында әдістемелік және ғылыми-ізденіс жұмыстарын ұйымдастырып, жоғары дәрежеде іске асыру, талаптарға сай мамандар даярлау, сонымен қатар курсанттардың ұқыптылық, азаматтылық және патриотизмге тәрбиелеу. Кафедраның мақсаты терең теориялық және практикалық біліктілікке жеткен, өмір тәжірибесін жинақтаған мамандар тәрбиелеу.

Кафедра бакалавриат, магистратура және докторантура мамандықтары бойынша дайындықтарды жүргізеді:

5В030300 – құқық қорғау қызметі;

5ВО10300 – педогогика және психология;

5В090500 – әлеуметтік жұмыс;


Кафедраның тәрбие жұмысы

Кафедра Академияның тәрбиелік іс-шараларын жүргізуге белсенді атсалысады. Жыл сайын кафедра қызметкерлері жүргізілетін пәндерінің ерекшелігімен байланысты әртүрлі тақырыптық іс-шаралар жүргізеді.

Кафедра қызметкерлері салтанатты іс-шаралар дайындауға белсенді түрде ат салысады, олар: Қазақстан Республикасының полиция күні, КОФ курсанттарының Ант қабылдауы, Наурыз – мейрамы, Отан қорғаушылар күні,  Жеңіс күні, курсанттардың оқу бітіруі және т.б.


Оқу топтары кураторларының жұмысы

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы білім беру үрдісінің басты міндеті білім алушылардың барлық оқу кезеңінде бейімділігін арттырып, жағымды жағдай туғызу. Бұл жерде оқу топтарына жетекшілік ететін кураторлардың жұмысы ерекше рөлге ие. Кафедраның отырыстарында әрдайым кураторлардың жұмысы туралы, білім алушылардың үлгерімі мен тәртібі туралы сұрақтар қарастырылып, үлгерімі нашар курсанттармен жұмыстар жүргізіледі.




Кафедраның ғылыми жұмысы

Кафедраның негізгі ғылыми жұмысы кафедраның ғылыми зерттеу тақырыбымен байланысты: «Оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру білім сапасын арттыру факторы ретінде».

Ғылыми – зерттеу тақырып бойынша кафедраның профессорлық – оқытушылық құрамы ғылыми мақалалар жазып, көптеген конференцияларға қатысып, дөңгелек үстелдер ұйымдастырады.

Қазақстанның және Қостанайдың басқа да, жоғарғы оқу орындарымен тұрақты әріптестік орнатылған. Серіктес ЖОО барлық ғылыми – теориялық және тәжірибелік конференцияларына кафедра қызметкерлерінің мақалалары қатысып, жинақтарда баяндамалары, мақалалары жарияланды, бірлескен іс-шаралар ұйымдастырылады.