Кафедра физической подготовки

Дене шынықтыру даярлығы кафедрасы

Дене шынықтыру даярлығы кафедрасы оқу, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмысын жүзеге асыратын Академияның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
ДШД кафедрасы өз қызметiнде

— 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясын;
— «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Қазақстан Республикасының Заңын;
— «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V Қазақстан Республикасының Заңын;
— «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы № 407-IV Қазақстан Республикасының Заңын;
— «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығын;
— «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»
— Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 52 бұйрығын;
— «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығының мазмұны мен ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 06 маусымдағы № 95 қбпү бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 11 мамырдағы № 81 қбпү бұйрығы.


Қазіргі уақытта дене шынықтыру даярлығы кафедраға басшылық етіп жүрген

полиция подполковнигі
Мади Бахытбекұлы Абдрахманов
ҚР қоян-қолтық ұрысы бойынша спорт шебері.

«Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша ҚР ІІМ Қостанай академиясының 2003 жылғы түлегі.

Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы


Дене шынықтыру даярлығы кафедрасы бастығының орынбасары,

полиция подполковнигі

Серик Серикбайұлы Сыздыков.
Футболдан спорт шеберлігіне үміткер.

«Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша А. Байтурсынұлы атындағы ҚМУ түлегі.

Көкшетау «Көкше» академиясының «Құқықтану» мамандығы бойынша түлегі.

Дене шынықтыру даярлығы кафедрасының доценті

полиция подполковнигі

Ержан Айтбайұлы Кабидуллинов.
Қазақ күресінен және белбеу күресінен спорт шебері, жоғары санаттағы жаттықтырушы, самбо күресінен 1- дәреже бойынша төреші.

Қазақстан Республикасының жауынгерлік самбо бойынша аға жаттықтырушысы.

«Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша ҚР ІІМ Қостанай академиясының түлегі. Құқық магистрі.

«Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша ҚМПИ түлегі.

Дене шынықтыру даярлығы кафедрасының оқытушысы,

полиция лейтенанты

Ринат Даулетұлы Абыкенов
Кикбоксинг бойынша Челябі облысының чемпионы.

Оңтүстік Орал мемлекеттік университетінің түлегі.

«Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша З. Алдамжар атындағы ҚӘТУ түлегі.


Дене шынықтыру даярлығы кафедрасының кабинет бастығы

полиция капитаны

Гульмира Абайқызы Муслипова
«Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша ҚМПИ түлегі.

А.Байтұрсынов атындағы КМУ-нің «Құқықтану» мамандығы бойынша түлегі.

Дене шынықтыру даярлығы кафедрасының оқытушысы

Айдарбек Әбдіғалиұлы Ақылбеков.
Еркін күрестен спорт шеберлігіне үміткер, еркін күрестен ұлттық дәрежедегі төрешіеркін күрестен шеберлер арасындағы әлем чемпионатына қатысушы

«Дене тәрбиесі» мамандығы бойынша КСРО-ның 50 жылдығы атындағы ҚПИ түлегі.


Дене шынықтыру даярлығы кафедрасының оқытушысы

Багдат Қаменұлы Утенов.
Қазақ күресінен спорт шебері, ұлттық дәрежедегі төреші, Қостанай облысының аға жаттықтырушы лауазымында оның басшылығымен құрама команда 2019 жылы ҚР чемпионатында бірінші орынға ие болған.

«Дене тәрбиесі» мамандығы бойынша КСРО-ның 50 жылдығы атындағы ҚПИ түлегі.