Біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультеті.

ФАКУЛЬТЕТ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ
ФАКУЛЬТЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ
ФАКУЛЬТЕТ ТАРИХЫ
ФАКУЛЬТЕТ ҚЫЗМЕТІ
ТЫҢДАУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ
— Біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарын өту тәртібі
— Оқуға жіберілетін қызметкерлерге ақпарат
ТЫҢДАУШЫЛАР ПІКІРЛЕРІ
БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ


ФАКУЛЬТЕТ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

Толық атауы:
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының Біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультеті
Электронды пошта мекен-жайы: post@kostacademy.edu.kz

Ақпарат алу үшін байланыс нөмірлері:
8 (7142) 26-34-18 (вн.144)
Орналасқан женрі:
Қостанай қ., Абай даң., 11

_________________________________________________________________________________________________________________

ФАКУЛЬТЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

Должность Ф.И.О. Контакты
Бастық  Таукенова Айгуль Муратовна 8 (7142) 26-34-18 (109)
Аға оқытушы-әдіскер Нуркина Бигуль Амановна 8 (7142) 26-34-18 (144)
Оқытушы-әдіскер Касенова Венера Серикбековна 8 (7142) 26-34-18 (144)

Факультет бастығы, ф.ғ.к., полиция полковнигі Таукенова Айгуль Муратовна

Аға оқытушы-әдіскер, полиция майоры Нуркина Бигуль Амановна

Оқытушы-әдіскер, полиция майоры Касенова Венера Серикбековна

__________________________________________________________________________________________________________

ФАКУЛЬТЕТ ТАРИХЫ


ҚР ІІМ-нің 1997 жылғы 23 маусымдағы №36 бұйрығымен Қостанай заң институтында біліктілікті арттыру және қайта даярлау факультеті ашылды. БАжҚДФ бірінші бастығы (1997 мен 2003 жылдар аралығында) болып тәжірибелік органдарды үлкен тәжірибесі бар полиция полковнигі А.М. Мендыбаев тағайындалды. Кейінгі жылдардағы факультет бастықтары: б.ғ.к., доцент, полиция подполковнигі А.Г. Абуов, з.ғ.к., полиция полковнигі К.С. Сагинбеков, з.ғ.д., профессор, полиция полковнигі Б.К. Шнарбаев, з.ғ.к., доцент, полиция полковнигі  А.З. Ибраев. Факультеттің қалыптасуына әділет майоры Н.А. Зульпухароваң, полиция майоры Е.Н. Давыденко, полиция майоры К.А. Сарсенова, полиция капитаны Т. Комзова үлкен үлестерін қосты. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы №1692 Үкімімен факультет Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институты болып қайта аталды.

Біліктілікті арттыру факультетінің бірінші тыңдаушыларының бір тобы

Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтын 2013 жылдан  2018 жылға дейін   педагогика ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Гайда Байгуровна Жандарбекова басқарып, институттың және жалпы Академияның дамуына үлкен үлес қосты.

Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институты 2019 жылғы 11 қарашадағы ҚР ІІМ № 975 бұйрығымен біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультетіне ауысты.

Факультет құрамына кіреді:

— Пробация қызметі мамандарын даярлау бойынша орталығы;

— Психолог мамандарын даярлау және әлеуметтік зерттеу жүргізу бойынша орталығы;

— Экстримистік идеология бойынша ҚАЖ қызметкерлерін даярлау орталығы.

Қазіргі уақытта факультетті филология ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Тәукенова Айгүл Мұратқызы басқарады.


ФАКУЛЬТЕТ ҚЫЗМЕТІ

Факультет өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің 2013 жылғы 11 қыркүйектегі №370 «Ересектерге арналған қосымша білім беруді түрлерін ұйымдастыру қызметінің Үлгілік тәртібін бекіту туралы» бұйрығынhttp://adilet.zan.kz/kaz/docs/V17015605_1 , Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарының қызмет қағидаларын бекіту туралы» № 23 бұйрығын http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V14C0009594 , Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 16 қаңтардағы «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында білім беру технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» №32 бұйрығынhttp://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013141  , Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы  оқу орындарында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік  қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» № 52 бұйрығын http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013148 және Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2016 жылғы 20 сәуірдегі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, қайта даярлау және кәсіби даярлауды жүзеге асыру мазмұны мен тәртібін бекіту туралы» №422 бұйрығынhttp://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500012679  басшылыққа алады.
ҚР ІІМ Біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультеті қылмыстық-атқару жүйесі мен ішкі істер органдарының қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларынан тұратын қосымша кәсіби білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.

Факультеттің құқық қорғау органдары мен қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру  бойынша қызметін ұйымдастыру құқық қолдану тәжірибесіндегі болып жатқан өзгерістерге, кәсіби білім деңгейлерін тереңдету кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтуге байланысты қазіргі қойылатын талаптарға сай жүзеге асырылады.


Факультеттің негізгі міндеттері:
— Факультетте білім беру үдерісін жоспарлау бойынша оқу жоспарларын және оқу бағдарламаларын, оқу кестесін және басқа құжаттарды әзірлеуге қатысу арқылы кафедралармен, факультеттермен, Академияның оқу жоспары және оқу бағдарламаларының бөлімдерімен бірлесіп  факультет оқу үдерісін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету;
— тыңдаушылардың шығармашылық және тиімді оқуына қажетті жағдай жасау;
— қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері мен  ішкі істер органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және мамандарды қайта даярлау сапасын үздіксіз жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы бойынша департаментімен, ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті кадр басқармасымен,  құқық қорғау органдарының бөлімшелерімен өзара қатынасы болып табылады.
Факультетте жыл сайын мыңнан асқан қылмыстық-атқару жүйесі мен ішкі істер органдарының қызметкерлері біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.
Барлық санаттар бойынша оқу жоспарлары мен тақырыптық жоспарлары Академияның Оқу-әдістемелік кеңесінде талқыланып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің сәйкес бөлімдерімен келісіліп, Кадр саясаты департаментінде бекітілді.
Оқу уақытында біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультетінің тыңдаушыларына  дәріс, семинар, тәжірибелік сабақтар және факультативтер өткізілді. Тақырыптық жоспарлар келесі тарауларды құрайды:

  1. Арнайы дайындық.
  2. Жалпы заң дайындығы.


Факультет тыңдаушыларына сабақ өткізу үшін жоғары тәжірибелі және жауапкершіліктері мол профессорлық-оқытушылар құрамы, Қостанай облысы бойынша ҚАЖД, Қостанай облысы ПД тәжірибелік органдарының сауатты және тәжірибелі қызметкерлері шақырылады.


Оқу қорытындысы бойынша кафедралармен біліктілігін арттырушы тыңдаушылармен, Факультет қызметкерлерінің, Қостанай облысы ПД-нің, Қостанай облысы бойынша ҚАЖД тәжірибелік қызметкерлерінің, Дін департаменттерінің мамандарының, Тәжірибеленуші психологтар ассоциация қызметкерлерінің және қоғамдық ұйымдар мен басқа да ұйымдардың қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер, семинарлар, дискуссиялар өткізіледі.

Біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультетінің тыңдаушыларымен тәжірибелік бағытты қамтамасыз ету мақсатында кәсіби даярлық факультетінің курсанттарымен кездесулер ұйымдастырылады. Аталған кездесулерде тыңдаушылардың болашақ кәсіби қызметіне қатысты, жаңа қызметкерлердің бейімделу мәселелеріне және т.б. қатысты сұрақтар қарастырылады.

Тақырыптық жоспарларға сәйкес Факультет тыңдаушыларымен Қостанай облысы ПД-не, Қостанай облысы бойынша ҚАЖД-не шығу сабақтары өткізіледі.

Тыңдаушылармен факультеттің оқу процесін жетілдіру және факультет жұмысын жақсарту мақсатында, білімді жетілдіру мәселелерін қамтитын 21 сұрақтан тұратын сауалнама жүргізіледі. Сауалнама қорытындылары оқу сабақтарында қарастырылатын сұрақтар ІІО тәжірибелік қызметінде тікелей қатысты, және Біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультетінде біліктілікті арттыру курстарын өту кезінде алған білімдері болашақта қылмыстылықпен күрес бойынша алдарына қойылған талаптарды шешуге мол септігін тигізетіндігі көрінеді. Тыңдаушылардың барлық санаттары оқушы қызметкерлермен сабақтар өткізу үшін ҚР ІІМ Қостанай облысы ПД, Қостанай облысы бойынша ҚАЖД-нің қызметкерлерін тарту қалайды.
Әдістемелік көмек көрсету мақсатында тәжірибелік қызметте қолдану үшін құқықтық, оқу-әдістемелік және тәжірибелік әдебиеттерді, фильмдерді қамтыған электрондық база құрылған, Факультетте курс өтіп жатқан әр тыңдаушыға қалауы бойынша аталған ақпараттың электронды нұсқасы беріледі.
Оқу қорытындысы бойынша емтихан тапсырғаннан кейін тыңдаушыларға біліктілікті арттыру курстарын аяқтағандығы туралы сертификаттар беріледі.

Факультетте оқу үрдісіне оқытудың тезникалық құралдарын, ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгізу бойынша жұмыс белсене жүргізілуде. Академия Институтының дәрістік залы мультимедиялық подиуммен жабдықталған. Сонымен қатар фильмдер мен слайдтар түріндегі көрнекі материалдарды көрсетуге арналған интерактивті тақта бар.

Факультет қызметкерлері Академияның ғылыми-зерттеу өміріне белсене араласады. Біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультетінің жұмыс жоспарында тәрбиелік іс-шаралар және оларды өткізу нысандары көрсетілген. Тыңдаушылардың әр санаты бойынша мәдени-көптік және спорттық іс-шаралар жоспары құрылады.



Қазақстандағы, ТМД және алыс шетел жаңалықтарымен әрдайым ақпараттандырып отыру мақсатында тыңдаушылар мерзімдік басылыммен қамтамасыз етіледі, саясиақпарат өткізіледі.
Факультет қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан жолы — 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын, «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» Жолдауын түсіндіру бойынша кездесулер өткізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы №1287 Қаулысымен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қостанай академиясына Шырақбек Қабылбайұлы Қабылбаевтың есімі берілді. Осыған байланысты Академияда Қостанай облысының қылмыстық-атқару жүйесі мен ішкі істер органдарының бөлімшелерінің қызметкерлерін Ш. Қабылбаевтың өмірі туралы ақпараттандыру бойынша іс-шаралар қатары жоспарланған. Қазақстан Республикасының мемлекеттік және қоғам қайраткері, ІІМ тарихында бірінші генерал-лейтенант атағын алған, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, педагог, партия қызметкері, КазССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты Ш. Қабылбаевтың өмірі туралы дәріс Факультет тыңдаушыларына, Қостанай облысы ПД мен Қостанай облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлеріне оқылды.
Факультет тыңдаушылар үшін Қостанай қаласына тарихи-краеведтік мұражайға, Қазақс және орыс драма театрларына экскурсияға апарылады. Академия мұражайы бойынша экскурсияда тыңдаушылар оқу орнының құрылу тарихы мен қалыптасу кезеңдерімен таныстырылады. Қостанай академиясымен, оның жеке құрылымдық бөлімшелерінің қызметімен таныстыру мақсатында тыңдаушыларға Академия бойынша экскурсия ұйымдастырылады, экскурсия барысында негізгі оқу бөлімдерінің қызметтерінің негізгі бағыттарымен таныстырылып, Қазақстан Республикасының қылмыстық, қылмыстық-атқару заңнамаларын жетілдіру процесіне Академияның профессорлық-оқытушы құрамының қатысуы,  Қазақстанның, ТМД мен алыс шетел жоғары оқу орындарының ғалымдарының қатысуымен өткен іс-шаралар туралы айтылады.




Факультет тыңдаушылары Академияның спорттық кешенінде БАжКҚДФ тыңдаушылары мен Академия қызметкерлерінің арасында өтетін спорттық іс-шараларға қатысады.


ТЫҢДАУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ

Біліктілікті арттыру курстарынан өту ережесі

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі №422 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің қайта даярлау мен біліктілігін арттыруды, кәсіби даярлықты жүзеге асыру мазмұны мен тәртібіне сәйкес:
— ІІО қызметкерлері біліктілігін арттыруды кемінде үш жылда бір рет немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мерзімде өтеді;
— ІІМ білім беру ұйымына біліктілігін арттыруға келген ІІО қызметкерлері, ІІМ білім беру ұйымы бастығының бұйрығымен оқыту мерзіміне тыңдаушылар қатарына қабылданады;
— оқу жоспарын орындамағаны, тәртіпті және ішкі тәртіпті бұзғаны үшін тыңдаушылар әрбір анықталған факті бойынша қызметтік тексеру материалдарының негізінде ІІМ білім беру ұйымы бастығының бұйрығымен біліктілігін арттыру курстарынан шығарылады.
ІІМ білім беру ұйымы бастығы бұйрығының көшірмесі екі жұмыс күні ішінде ІІО кадр қызметіне тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесін қарау үшін жіберіледі.
Тыңдаушылардың міндеттері:
Қызметтік тәртіпті нығайту, заңдылықты сақтау мақсатында Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтының тыңдаушылары қатаң түрде:
— Академияның күн тәртібін;
— қызметтік тәртіпті;
— киім кию үлгісін;
— жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды;
— жол-көлік тәртібін;
— Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын сақтауы тиіс.
БАжҚДи тыңдаушыларына тыйым салынады:
— қоғамдық тәртіпті бұзуға;
— спирттік ішімдіктерді қолдануға;
— көңіл көтеру орындарына баруға;
— құмар ойындарды ойнауға;
— Академия аумағына смартфондар мен басқа да бейне-аудиотехниканы кіргізуге;
— сабақ уақытында ұялы байланыс қолдануға.

Оқуға жіберілетін қызметкерлерге арналған ақпарат

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі №422 бұйрығы негізінде, оқуға жолданған қызметкерлер оқу орнына таңғы сағат 8.00-де мезгілге байланысты белгіленген нысандық киімде келуге міндетті және өздерімен:

— қызметтік куәлігі;
— жеке куәлігі;
— іс-сапар куәлігі;
— жеке нөмерімен жетон;
— қажетті жазба құралдары болуы қажет.
Тыңдаушының оқуға келісімен Академияның аумағында болу тәртібі мен күн тәртібі сұрақтары бойынша нұсқаулық өткізіледі.

_________________________________________________________________________________________________________________

ТЫҢДАУШЫЛАР ПІКІРЛЕРІ

Турмышов Куаныш — Қостанай станциясы Желілік ішкі істер бөлімінің Аманқарағай станциясының кәмелетке толмағандар ісі бойынша учаскелік полиция инспекторы: «Мен ІІО-да қызмет атқарғаныма көп болған жоқ, сондықтан адам құқықтарын сақтау тақырыбы менің кәсіби қызметімде өте өзекті және қажетті. Маған біздің екі апталық сабақтарымыздың жоспары өте ұнады – «Адам құқықтары» тақырыбы тарихи тұрғыдан да және заманауи мәселелерді де қамтыған. Біз көптеген сұрақтарды қарастырдық: адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету бойынша ішкі істер органдарының әдістері мен тәсілдері, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы бақылау-қадағалау органдарының рөлі, ішкі істер органдары қызметкерлерінің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы, тұрмыстық зорлық-зомбылықтағы әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау және т.б.
Оқу сабақтарынан тыс біз мұражайларды, Қостанай қаласының тарихи орындарын араладық, Қостанай милициясының құрылу тарихымен таныстық, күндізгі оқыту факультетінің тыңдаушыларымен кездестік, футбол алаңында жарыстық.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының бастығы Г.Т. Кужабаева бізді магитсратураға түсу тәртібімен таныстырды. Болашақта мүмкін бізде осында оқырмыз деп ойлаймын.
Менің жеке ойым – жас қызметкерлер үшін осындай кәсіби біліктілігін арттыру курстарын жиі өткізу қажет.
Қостанай академиясына үлкен алғысымды білдіріп, келе жатқан мерейтойларыңызбен шын жүректен құттықтаймын».

Касымов Нуржан (Ақмола облысы бойынша ҚАЖД): «Барлық оқытушыларға үлкен алғысымды білдіремін. Біліктілікті арттыру курстарында көптеген пайдалы және қажетті ақпарат алдық. Әсіресе, бізге психологиялық тренингтер —  «ІІО қызметкерлерінің коммуникативті құзыретін қалыптастыру (оқытушы Руденко Ж.М.), «Қызметкердің деструктивті мінез-құлқының алдын алу» (оқытушы Волошина Т.А.) қатты ұнады. Тікелей біздің кәсіби қызметімізге қатысты– сотталғандармен психодиагностикалық жұмыстың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері, сотталғандарды қайта әлеуметтендіру кезеңдері, сотталғандар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бойынша  сұрақтарды О. Чиржовамен, Т. Ильинамен талқыладық.  ІІОӘЖҰ кафедрасының бастығы Н.А. Толқынбаев өткізген «АИТВ-ның алдын алу және зиянды төмендету бойынша бағдарламасы» тренингі өте өзекті болды.
Шет елдерде оқудан өткен Академия қызметкерлерімен (Кужабаева Г.Т., Шалгимбаев М.Х., Ескатова Г.К.) кездесу де өте танымды болды. Оларға өте қызықты да қажетті ақпарат үшін үлкен рахмет. Менің ойымша, бұндай кездесулерді барлық келетін тыңдаушыларға өткізу керек.
Оқуға бөлінген бір апта ғана уақытты мен жеткіліксіз деп ойлаймын. Болашақта тағы да көптеген жаңашылдықтар мен қажетті білім алу үшін Академиямызға келемін деп үміттенемін. Рахмет!

Байзаков Бекзат (Алматы облысы бойынша ҚАЖД): «Мен Академияға қуана-қуана келдім. Өзімнің курсанттық жылдарымды еске түсіріп, аудиторияларды, казарманы аралап, жаңартылған саптық алаң мен Ш. Қабылбаевқа қойылған ескерткішті көру үлкен қуаныш, өйткені біздің жанымыздың бір бөлігі Академияда қалған. Біліктілікті арттыру курстарында сабақ өткізуші барлық оқытушы бізге қажетті білімді жетік тілмен жеткізеді.  Өзіміздің қызметімізге қатысты көптеген ақпарат алдық, заңнамадағы өзгерістерді талқыладық, тренингтерге қатыстық.  Магистратурада білім алып жүрген курстастарымды көріп өте қуандым. Курстардың бір апта ғана өтетіні өкінішті. Қостанай академиясына табыс пен гүлдене беруін тілеймін.

Қостанай облысы бойынша ҚАЖД Қарабалық аудандық пробация қызметінің бастығы, әділет капитаны Медыбаева  Анара
Біліктілікті арттыру курстарында біз бір апта уақыт ғана болдық – менің ойымша, ол өте аз. Бір минут бос уақытымыз болмады. Өте қарқынды, мазмұнды және танымды. Пробация қызметінің мәселелерін талқылауда Академия ғалымдары – докторлар мен ғылым кандидаттары Шнарбаев Б.К., Слепцов И.В., Мизамбаев А.Е. қатысты. Біз сотталғандарға психологиялық қолдау көрсету, АИТВ-нің алдын алу, пробация қызметінің инспекторларының қызметіндегі жанжалды жағдайларды басқару бойынша тренингтерге қуана қатыстық. Академия түлегі ретінде маған тағы да осында келуге өте қуандым. Біз оқуымызды аяқтағаннан бері көп нәрсе өзгерген. Бізбен сол кездерде жұмыс істеген – курстық звеноға, профессорлық-оқытушы құрамға, асхана қызметкерлері мен медициналық бөлімге алғысымды білдіремін.
Күнделікті оқудан басқа біз кәсіби шеберлік сайысына қатыстық. Бұндай сайыстар эмоциялық серпілу үшін, өз-өзіңді бағалау мен өз кәсіби деңгейіңді көтеру үшін қажет. Мен сайыстың барлық кезеңдерінен өтіп  1 орынды иелендім. Бірақ, бұл жеңіс тек қана менікі ғана емес, сіздердің, Академия қызметкерлерінің де жеңісі. Өйткені мен Академия түлегімін! Сіздерге үлкен рахмет!
Сонымен қатар келе жатқан Отан қорғаушылар күнімен барлық ерлер қауымын құттықтаймын! Денсаулық, амандық, табыс және біздің Академиямыздың гүлдене беруін тілеймін!

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД пробация қызметінің аға инспекторы, әділет капитаны Мусатаева Кира Равильевна
Менде Қостанай академиясының түлегімін және кәсіби шеберлік сайысының жеңімпазымын. Бұл көп нәрсені білдіреді — біз өзіміздің оқытушыларымыздың үміттерін ақтадық, біліктілікті арттыру курстарының 37 тыңдаушысының арасынан қазақстан полициясының 25-жылдығына арналған сайыста жүлделі орындарға ие болдық.
Жетекші ғалымдардың дәрістерінде жаңа білім алуға берілген мүмкіндік үшін алғыс айтамын. Біз күндізгі оқыту факультетінің тыңдаушыларымен өзіміздің аз уақыттағы тәжірибемізбен бөлістік. Бірақ, өзіңді Академияның болашақ түлектеріне кеңес айтып, білімімен бөлісе алатын адам сезіну сондай жақсы екен.
Біздің мұңайтқан бір нәрсе болса, ол – курстардың уақытының қысқалығы. Бір апта оқу – ол, әрине аз. Тағы да Т. Волошина, О. Чиржова өткізген тренингтердің тағы да өткізілгендігін қалар едік.  Оларға үлкен рахмет!
Академия басшылығына және барлық қызметкерлерге шығармашылық табыс тілеймін! Біліктілікті арттыру институтының қызметкерлеріне курстардың кәсіби ұйымдастырғандары үшін ерекше алғыс айтамын.
Академияның барлық ерлерін келе жатқан Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Кубаев Қайрат Нұғметоллаұлы (2014 жылғы ААДК тыңдаушысы) Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД КА-168/2 мекемесі сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысы бөлімінің жасақ бастығы, әділет аға лейтенанты
Мен 2014 жылғы Ш.Қабылбаев атындағы Костанай академиясында алғашқы арнайы дайындық курстарынан өттім. Кейін, яғни 5 жылдан кейін біліктілікті арттыру курстарына келдім. Осы 5 жыл ішінде Қостанай академиясы жақсы жағына өзгерген: сап алаңы, мұражай, оқу аудиториялары барлығы өзгерген.
Сабақтар да өте қызықты, жоғары деңгейде өткізілді. Дәрістер, тәжірибелік сабақтар, тренингтер барлығы өте жақсы, түсінікті де білімді өтті. Сонымен қатар, тағы да білім алу барысында өзіме және қызметіме қатысты көптеген қажетті мағлұматтар алдым. Академия басшылығына және оқытушыларына еңбекте жеміс, зор денсаулық, отбасыларына бақыт-береке тілеймін!

Маханов Мадияр Абайұлы (2011 жыл), Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/5 мекемесі сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысы бөлімінің аға инспекторы, әділет капитаны
Мен Қостанай академиясының 2011 жылғы түлегімін. Міне, енді 8 жылдан кейін біліктілікті арттыру курстарына келіп отырмын. 8 жыл ішінде  Академия барлық жағынан өзгергендігін байқадым. Академия гүлдене түскен, өзгерістері бірден көзге түседі. Ұстаздар қауымын айтар болсам,  сабақтарды өте жоғары дәрежеде өткізіп, түсіндірді.

Талғатұлы Жәнібек (2012 жыл) Шымкент қ. бойынша ҚАЖД ИЧ-167/4 мекемесі бастығының тәрбие жұмыстары бойынша орынбасары, әділет капитаны
Мен Академияның 2012 жылғы түлегімін. Яғни 7 жылдан кейін біліктілікті артты курстарына келдім. Қазіргі таңда Қостанай академиясы жақсы жағынан өзгерген. Яғни тыңдаушылардың жоғарғы деңгейде білім алуларына заманауи құрал-жабдықтар мен барлық жағдайлар жасалған. Академия ұстаздары сабақтарды жоғары дәрежеде өткізіп, түсіндірді. Өткізілген сабақтардан жақсы нәтижелер шығуда.  Сонымен қатар, Академия ұстаздарына және де қызметкерлеріне тілерім табыс, зор денсаулық, береке-бірлік, ынтымақтарыңыз бұзылмасын, қызметтеріңіздің биік шыңына сүрінбей жетіңіздер!

 Салтаев Самархан Алтайұлы (2015 жыл), Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД РУ-170/2 мекемесі сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысы тобының жасақ бастығы, әділет аға лейтенанты
Мен Академия қабырғасынан кеткеніме көп уақыт өтпесе де Академия жақсы жағына өзгергені бірден байқалады. Оқуымды тәмамдағаннан кейің қайта өзім ұшқан алтын ұяма келу мен үшін қуаныш болды. Академия ұстаздары жоғары дәрежеде, алған білімдеріміз қызметтік міндеттерімізді орындауда өте қажет болатынына сенімдімін. Сіздерге алғысымыз шексіз!

Толеугалиев Сырлыбай Теңізбайұлы (2016 жыл), Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД РУ-170/3 мекемесі сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысы бөлімінің жасақ бастығы, әділет аға лейтенанты
Мен осы екі апта бойына Академия қабырғасында өткізген уақыттың тез өткенін байқамай қалдым. Академия қабырғасынан кеткеніме аз жыл өткенімен Академияға қайта келуге асықтым. Осы оқу орнынан алған білімімді одан әрі шыңдап, толықтырғаныма өте қуаныштымын. Академия ұстаздары дәл солай жоғары дәрежеде.

Рахишева Орынай — Атырау облысы бойынша ҚАЖД УГ-157/11 мекемесі бақылау  қызметі бөлімінің бастығының орынбасары, әділет капитаны

Қостанай академиясында болған бірінші күнімізден бастап маған материалдық-техникалық база, білімді профессорлық-оқытушы құрам, өткізілген сабақтар қатты ұнады. Тәжірибелік қызметте қолданатын қажетті білім алғаныма сенімдімін. Академия басшылығына және барлық жеке құрамына алғысымыз шексіз. Еңбектеріңізде табыс, отбасыларыңызға бақыт тілеймін!

Өтемісов Нұрсұлтан — Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД ГМ-172/8 мекемесі бақылау қызметі бөлімінің бақылаушысы, әділет аға сержанты
Екі апталық біліктілікті арттыру курсында көптеген өзімізге керекті мағлұматтарды, ақпараттарды алдық. Академия оқытушыларының тәжірибесі өте жоғары деңгейде. Сабақ барысы қызықты өту үшін әртүрлі тренингтер, практикалық тәжірибе алмасу, дөңгелек үстел өткізілді. Сонымен қатар, мәдени-көптік іс-шаралар өткізілді: Академия мұражайына, облыстық тарихи-өлкетану мұражайына, қаланың тарихи жерлеріне топпен бирге жасадық.

Топ атынан барлық Академияның жеке құрамына алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақытта бұданда биік жетістіктерге жетулеріңізге тілектеспіз.


БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ
Мекен-жайы:
Қостанай қ., Абай даң., 11
Тел.: 8 (7142) 26-34-18 (ішкі109, 144)
Кезекші бөлім: 8 (7142) 26-34-23 (вн.107),
E-mail:
Автобус № 3 ‑ «Академия» аялдамасы