Күндізгі және сырттай оқыту факультеті

КҮНДІЗГІ ЖӘНЕ СЫРТТАЙ ОҚУ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ

 Күндізгі оқыту факультеті

 Алғашқы кезеңде 1993 жылдан бастап ішкі істер органдарының басқарушы құрамын даярлайтын  ҚР ІІМ Қостанай орта арнайы мектебінің  күндізгі  оқыту  факультеті  болып құрылды. Оқу бөлімінің құрамына үш оқытушы – әдіскер кірді: милиция майоры Бабенко Н.И., милиция майоры Сафин Р.С., милиция лейтенанты Матвеева Л.А. Бұл  бөлім  Қостанай  арнайы  орта  мектептің  оқу  жұмысын үйлестіру және жоспарлауды  жүзеге  асырды. Оқу  бөлімін  С.Н.Шустиков басқарды.

1995 жылдан  бастап  ҚР ІІМ Қостанай заң колледжінің күндізгі оқыту  факультеті дербес құрылымдық бөлімше ретінде жұмысын жасады. Факультетте ішкі істер органдарына орташа заң білімі бар мамандарды дайындауы іске асырылды. Күндізігі оқу факультеті күндізгі оқыту нысаны бойынша жоспарлау, ұйымдастыру және бақылауды жүзеге асырды.

Факультет бастығы болып тарих ғылымдарының кандидаты милиция подполковнигі Зинченко Нина Ивановна болып тағайындалды. Әкімшілік жұмыс саласында, жоғары оқу орнында сабақ беруден  тәжірибесі мол  Нина Ивановна екі жарым жыл  тиісті  деңгейде оқу процесің  жоспарлауды қамтамасыз етті.

1996 жылы заң колледжі ҚР ІІМ жоғары мектебіне  айналды, осыған  орай күндізгі оқыту факультетіне жаңа міндеттер қойылды. Күндізгі оқыту факультетінің  орны  мектептің  құрылымдық бөліністердің арасында бірінші болып саналатын. Факультет  жұмысын ретке келтіру оқу жоспарында тұрақсыздықтың жоқтығынан, тәжірибелік органдарға кадрларды дайындау есебімен дифференциалық оқытудың керектігінен қиынға соқтырды. Оқу процесі  бірнеше  рет  қайта құрастылды, көлемді  жоспарлық және оқу – әдістемелік құжаттар қайта даярланды.  Бұл уақытта күндізгі оқыту факультеті тыңдаушылармен жұмыс істеуде тәжірибесі мол 8 оқытушы – әдіскерден құрылды. Төрт оқытушы – әдіскер оқу корпусында, қалғандары тыңдаушылармен тікелей жұмыс жасап курста орналысты. Оқу процесін  осылай  бақылау  мен  ұйымдастыруы  өте  нәтижелі.

Бұл  кезеңде  күндізгі  оқыту  факультетін философия  ғылымдарының кандидаты Симонов Иван Константинович басқарды.
Практикалық – оқытушылық  тәжірибесі  мол,  факультет  бастығының  орынбасары  болып Саутбаев С.С. жұмыс  жасады

Күндізгі оқыту факультетінің құрамында оқу процессің жоспарлау және ұйымдастыру тобында Кусаинова М.Ж., Байзакова Г.М., Волошина Т.А., Волошин П.В., және курстарды бағыттайтын оқытушы – әдіскерлер тобы Ерденова С.Т,. Беркенова К.Д., Утебеков Е.К., Арыстанов С.Д., жұмыс атқарды. Іс жүргізуші Токарева О.Н., хатшы – машинист Дощанова А.Т., баға жетпес көмек көрсетті.

Күндізгі оқыту факультеті институтта оқыту – тәрбиелік процестің негізгі бағыттарын реттейтін, жергілікті нормативті  актілерін  құру, ғылыми – педагогикалық тұжырымдамаларды  әзірлеу, белсенді  оқу нысанын регламенттейтін құжаттарын енгізу, сонымен  қатар  ҚР ІІМ  білім  беру  мекемелеріне  бағалы іс-жүзіндегі  тәжірибе болып курсанттармен  ІІО тыңдаушыларына  оқу  тәжірибесімен сынақ мерзімінен өткізудің  үлгісін  құру.

2001  жылдан  бастап күндізгі оқыту факультетін тарих ғылымдарының кандидаты Абиль Еркін Аманжолұлы басқарды.

2003 ж. күндізгі оқыту факультетінің ұжымы институт бастығының оқу жөніндегі  орынбасары з.ғ.к., доцент Б.К.Шнарбаевпен

 

Күндізгі оқыту факультетінде оқу процесін жетілдіру бойынша  жұмысы жалғастырылды, педагогикалық бақылау, оқытушылардың жеке жұмыс жоспарларын уақытында тапсыру және сапасына  бақылау  жүргізілді. Оқытушылар арасында жаңа оқыту әдістемесін енгізудің негізгі нысаны болып, ашылған жалпы институттық және кафедра сабақтары, бейнежазбалар педагогикалық шеберлік кабинетінде сақталып, озық тәжірибесі жас оқытушылармен белсенді қолданылды. Институтта бейнежазбалар қоры құрылды. Тыңдаушылар сабақ барысында немесе басқа сабақтарда алған білімдерін, жаңа қосымша білімді өздігінше белсенді іздеу дағдысын өнімдеу, алдағы сабаққа, емтиханға және сынаққа дайындалу үшін тыңдаушылардың күн тәртібіне өзіндік жұмысы енгізілді. Тыңдаушылардың ағымдағы білімдерін бақылаудың тиімділігі бойынша жұмыс орнатылды.

Факультетте  үлкен  ғылыми – зерттеу  жұмыстар  жүргізілді. Қызметкерлер келесі тақырыптар  бойынша  «ҚР ІІМ ЖООда философиялық, әлеуметтік – экономикалық  және тарихи пәндерді оқыту», «ҚР ІІМ ҚЗИ оқу – тәрбие процесінде тыңдаушылардың  кәсіби – психологиялық дағдыларын қалыптастыру және дамыту», «Қазақстан аумағында мемлекеттілік генезистің теориялық және тарихи – құқықтық мәселелері» авторлық жұмыстарға  қатысты.

2014 жылдан Қостанай заң институты қылмыстық – атқару жүйесі органдарына жоғары заң білімді мамандарды дайындаудан жалғыз мамандырылған оқу орны болды. Күндізгі оқыту факультеті бұл уақытта факультет бастығы тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, әділет подполковнигі Е.А.Абиль, оның орынбасары – әділет полковнигі Г.Б Жандарбекова аға оқутышы – әдіскерлер  әділет майоры С.Т. Ерденова, әділет капитаны К.Д.Беркенова,  оқутышы – әдіскерлер  әділет майоры Е.К.Утебеков, әділет капитаны Т.А.Волошина, іс жүргізуші Н.Тулегеновадан  құрылды.

Факультет қызметкерлері: Г.Б.Жандарбекова,

т.ғ.к., доцент Е.А.Абиль, К.Д.Беркенова, Т.А. Волошина, Н.Тулегенова, Е.К.Утебеков, С.Т.Ерденова 2006  ж.

 

Факультет қызметкерлері ғылыми жұмыстармен белсенді айналысты 70  жұмыс  басып шығарылды.басылдыжазды   , олармен  сонын қатарында Қазақстан тарихы, мемлекет пен құқық тарихы, методология  ғылымы мәселелері бойынша (Е.А.Абиль), ІІО басқару процестерін автоматизациялау сұрақтары бойынша (Г.Б.Жандарбекова), психологиялық — педагогикалық  мәселелері  бойынша  (Т.А.). Волошина

2009 – 2010  жыл  аралығында күндізгі оқыту факультетін  заң ғылымдарының  кандидаты, әділет полковнигі  Болатбек Кабдушевич Шнарбаев басқарды.
2010 – 2012  жылдар аралығында күндізгі оқыту факультетін  заң  ғылымдарының кандидаты әділет подполковнигі Талғат  Бейбутович Досаев басқарды

 

Факультет бастығының орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты әділет полковнигі Жандарбекова Г.Б

Факультетте оқытушы-әдіскерлер әділет подполковнигі И.Н. Украинцева, әділет майоры К.Д.Беркенова, оқытушы – әдіскер әділет капитаны А.Т.Дощанова  жұмыс істеді.

Факультет  жұмысының негізгі бағыттары болып: оқу процессін жоспарлау және ұйымдастыру; оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру және оқу процесіне ғылыми-әдістемелік жұмыстарының нәтижесін енгізу; жеке құрамды тәрбиелеу бойынша жұмыс; кафедраның оқу-әдістемелік жұмысын үйлестіру, оқу процесіне техникалық оқу құралдарын, ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгізу; тыңдаушылардың өзіндік жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау; оқу процессін жүзеге асыруды бақылау; оқытушы-профессорлық құрамның біліктілігін арттыру.

Факультет қызметкерлері ғылыми — зерттеу жұмыспен белсенді айналысты. Қылмыстық–атқару жүйесінің, ведомстволық оқу орындарында ақпараттық технологияларды қолдануы мен оқу процессін жетілдіру сұрақтары бойынша жақын және алыс шетелдегі ғылыми-педагогикалық басылымдарда  46  жұмыстан  аса  шығарылды.

КОФ зерттеу жұмысы бойынша отырысы.

Халықаралық ынтымақтастық шегінде білім беру және ТМБ мемлекеттеріне қылмыстық – атқару жүйесіне кадрлар дайындау саласына байланысты 2009 жылдан Академияда  Тәжікстан  Республикасының азаматтары оқиды.

Сырттай оқыту факультеті

Сырттай оқыту факультеті ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының оқу-әдістемелік және әкімшілік бөлімшесі болып табылады.

Факультетте ішкі істер органдары үшін 5В030300 – Құқық қорғау қызметі мамандығы бойынша жұмыстан босатпай жоғары заңгерлік емес, орта кәсіптік (заңгерлік) және жалпы орта білімі бар мамандардың даярлауы жүзеге асырылады. Факультет сырттай нысаны бойынша оқитын курсанттар үшін оқу-тәрбие процесін ұйымдастырады, кафедралардың сырттай оқыту бойынша оқу-әдістемелік жұмысын үйлестіреді, оқу мекемесінде өткізілетін ғылыми зерттеулерге қатысады.

 Сырттай оқыту факультетінің тарихы

ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының сырттай оқыту факультеті 1993 жылда ҚР ІІМ Қостанай арнайы орта мектебінің базасында сырттай оқыту бөлімі ретінде қалыптасты.

1995 жылда ҚР Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 19 мамырдағы № 724 Қаулысымен ҚР ІІМ ҚАОМ ҚР ІІМ Қостанай заң колледжі атауына өзгерілді, ал сырттай оқыту бөлімі сырттай оқыту факультетіне қалыптастырды.

Сырттай оқыту бөлімінің бірінші басшысы әдіскер-оқытушы полиция майоры Ф.Ж. Қарабаев болды. Факультет бастықтары педагогика ғылымдарының докторы, профессор, әділет полковнигі Н.П. Ким, заң ғылымдарының кандидаты, полиция майоры З.А. Умирбаева, полиция подполковнигі М.Т. Жумабаев, әділет полковнигі А.Н. Федотов, заң ғылымдарының кандидаты, әділет майоры Брылевский А.В., педагогика ғылымдарының докторы, әділет подполковнигі Куламбаева К.К., заң ғылымдарының кандидаты, әділет полковнигі А.З. Ибраев, философия ғылымдарының кандидаты, әділет полковнигі А.Е. Кабдуев болды.

1993 жылдан бастап 2017 жылға дейін факультет «Құқықтану», «Заңтану», «Құқық қорғау органдары» және «Құқық қорғау қызметі» мамандықтары бойынша 4029 маманды даярлады.

2016-2017 оқу жылынан бастап сырттай оқыту факультетінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 16 қаңтардағы № 32 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында білім беру технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына» сәйкес 2016 және 2017 жылы қабылданған курсанттары үшін қашықтықтан білім беру технологиялары қолданылуымен оқу процесі көзделген.

Академиядағы қашықтықтан білім беруді ұйымдастырудың басты мақсаты оқытуды дараландыру қағидасын іске асыруы, сонымен қатар оқытудың (сапасының) тиімділігін арттыруы болып табылады. Академияда СОФ курсанттары үшін ҚББТ кейстік технология (қағаз, электронды және өзге де тасымалдағыштарда оқу-әдістемелік материалдар жиынтығына (кейстерге) және оларды білім алушыларға өздігінен зерделеу үшін таратуға негізделген) және желілік технология негізінде жүзеге асырылады.

Сырттай оқыту факультетінің курсанттары әр оқу-емтихан сессиясында «ҚАЖ қызметін құқықтық реттеу және ұйымдастыруды жетілдіру», «Бас бостандығынан айыру орындарында анықтауды өткізу ерекшеліктері», «ҚАЖ мекемелерінде сотталғандардың құқықтарын іске асыру мәселелері», «Жастар. Құқық. Қоғам», «Құқыққатынастар жүйесіндегі қылмыстық-құқықтық реттеудің пәні» атты тақырыптар бойынша дөңгелек үстелдерге, ғылыми-практикалық конференцияларға, семинарларға қатысады.

2012 жылдың  сәуір айынан бастап күндізгі оқыту факультетін философия  ғылымдарының кандидаты, доцент, полиция полковнигі Құлжанова Гүлбарам Темірқанқызы басқарады.

2019 жылдың қаңтар айынан бастап күндізгі және сырттай оқыту факультетін философия  ғылымдарының кандидаты, доцент, полиция полковнигі Құлжанова Гүлбарам Темірқанқызы басқарады.

Бүгінгі таңда факультетте ведомстволық оқу орындарында үлкен тәжірибесі бар, қызметкерлердің біріккен ұжымы жұмыс істейді: аға оқытушы – әдіскерлер полиция подполковнигі Акимжанов Е.С., полиция подполковнигі Дощанова А.Т., полиция майоры Алпеисов Б.Б., полиция майоры Жакупжанов А.О., полиция майоры Сұлтанов Б.Д., полиция майоры Кабенова А.С.

Қазіргі дамуымен шектелмей, күндізгі оқыту факультеті болашақ бағыттын координатасы және векторын икемдейді: оқу процессің тиімді ұйымдастыру үшін нормативті негіздерді толық жетілдіру; оқытылатын пәндерде оқу – әдістемелік жетілдіруді қамтамасыз ету; бакалавриат үшін тәжірибелік бағытты нығайту үшін арнайы пәндерді оқу; білім беру процесінде ақпараттандыру бойынша жұмысты жандандыру, оқу процессінде  телекоммуникациялық және ақпараттық процестерді қолдану.

КҮНДІЗГІ ЖӘНЕ СЫРТТАЙ ОҚЫТУ ФАКУЛЬТЕТІ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2019 жылғы 11 қарашадағы № 957 бұйрығымен КӘСІБИ ДАЯРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ болып өзгертілді.

2023 жылдың қаңтар айынан бастап кәсіби даярлық факультетін педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, полиция полковнигі Нұрлан Аққалашұлы Толқынбаев басқарады.

 

Бүгінгі таңда кәсіби даярлық факультетте педагогикалық тәжірибесі бар, қызметкерлер жұмыс істейді: аға оқытушы – әдіскерлер- полиция подполковнигі Кинжебаева Л.Т., полиция майоры Кабенова А.С., оқытушы – әдіскерлер- полиция капитаны Исмаилова Д.А., полиция капитаны Капишева Ж.К.

 Оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыс

Факультеттің оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастыруы Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім стандартарының мемлекеттік негізінде әзірленген оқу жұмыс жоспарымен, оқу сабақтарының бағдарламалары  мен  кестесімен  жүзеге  асырылады.

Факультетте  жоғары кәсіптік мамандарды дайындау 3 мамандық бойынша іске асырылады «5В030300 – Құқық қорғау»(2004 жылдан); «5В010300 — Педагогика және психология» (2006 жылдан); «5В090500 – Әлеуметтік жұмыс»(  2012 жылдан).

Факультеттің  негізгі тапсырмалары мен  функциялары: оқу процесіне инновациялық формалар мен оқу әдістемелерін енгізу; кафедрааралық байланысты ұйымдастыруды жүзеге асыру; оқу процесін әдістемелік жүйесімен қамтамасыз етуін дайындап ұйымдастыру; оқу пәндер бойынша тақырып аралық байланысын ұйымдастыру; кафедралардың әдістемелік жұмысын жинақтау және оны жақсарту үшін ұсыныс енгізу; емтихандармен сынақтардың қорытындысы бойынша есеп дайындау.

Академияда білім беру процесінде  кредиттік білім беру технологияларының жалпы қағидаларында негізделген жеке моделі әзірленген. Оқу жылының барысында күндізгі оқыту факультетінің оқытушы – әдіскерлері кафедра оқытушылары және курс басшылығымен бірге тыңдаушылардың  өзіндік  дайындығын өткізіп  бақылайды.

Оқу жетістіктерін тексеру үшін факультетте оқу барысында ағымдағы, межелік және қорытынды білімді бақылау өткізіледі. Тыңдаушылардың үлгерімін бағалау балдық – рейтингті, әріптік жүйе бойынша жүзеге асырылады.

Ағымдағы білім бақылауы топтын үлгерімін және келіп кетуін тіркейтін журналында белгіленеді. Тыңдаушылардың ағымдағы үлгерімі жүйелі түрде факультет отырысында қарастырылады.

Білім алушылардың  аралық аттестаттауы (емтихан сессиясы) оқу жұмыс жоспарымен, емтихан тапсыру және дифференциалды сынақ түріндегі өткізілетін оқу бағдарламаларымен, академиялық күнтізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Факультет қызметкерлері ғылыми – зерттеу жұмыспен белсенді айналысады, халықаралық, республикалық, аймақтық конференцияларда, дөңгелек үстелдерде, оқу – әдістемелік семинарлар өткізуде белсенді ат салысады. Қылмыстық – атқару жүйесінің, ведомстволық оқу орындарында ақпараттық технологияларды қолданумен оқу процесін жетілдіру сұрақтары бойынша 70 жұмыстан аса жиынтығы жақын және алыстағы шетел  ғылыми – педагогикалық  басылымдарда  жарияланды.

ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының оқу-дала лагері базасында академиялық күнтізбеге сәйкес жыл сайын академия курсанттары үшін апталық жедел-тактикалық оқу-жаттығулар ұйымдастырылады.

Ағылшын тілінен сабақ

Академияның кітапханасында.

Арнайы дайындық бойынша сабақ

Академияда оқытудың практикалық бағыттылығы принципін іске асыру мақсатында күндізгі және сырттай оқуту факультетінің 2-4 курс курсанттарына оқу жылы ішінде Қостанай облысы полиция департаментінің және Қостанай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің аумақтық бөлімшелерінде қосымша тәжірибе өткізіледі.

Қазақстан Республикасы ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы мен РФ ІІМ Барнаул заң институты арасындағы білім беру және ғылыми қызмет саласындағы ынтымақтастық туралы Хаттаманы іске асыру шеңберінде «құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша оқитын Академия курсанттары мен магистранттар үшін тиісті пәндер бойынша онлайн-дәрістер ұйымдастырылды.



Қазақстан Республикасы Президенті Ұлт Көшбасшысы

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салтанатты түрде қолынан погондарды алу

 2016 жыл


2017 жыл


Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрінің  полиция генерал-полковнигі Қ. Қасымовтың қолынан салтанатты түрде погондарды алу

2016 жыл


2017 жыл


2018 жыл


Жыл сайын Академияда «Үздіктер слеті» және «Бірінші курс курсанттарының тұсаукесері» өтеді.

2016 жыл


2017 жыл


2018 жыл


Академияда жыл сайын 1-3 курс курсанттары арасында «Білікті-маман» кәсіби шеберлік конкурсын өткізу дәстүрге айналды.

2016 жыл

>

2017 жыл

2018 жыл

Тәрбиелік және қоғамдық жұмыс

Факультеттің тәрбие жұмысы болашақ офицерлердің бойында қазақстандық патриотизм сезімін, мінсіз мінез-құлық және қазақстандық қоғам алдында сенім сезімін қалыптастыруға бағытталған.

Курсанттарға тәрбиелік әсер ету оқу сабақтарын өткізу барысында, сондай-ақ оқудан тыс уақытта оқытушылардың жетекшілік етуімен өзіндік жұмыс, түрлі мәдени-бұқаралық және спорттық-сауықтыру іс-шаралары шеңберінде жүзеге асырылады






Академия курсанттарының арасындағы үлгерім, тәртіп және заңдылық жағдайы мәселелері күн сайын, апта сайын бақыланады және ай сайын жарыс шеңберінде күндізгі оқу факультетінің «үздік мамандық бойынша оқу тобына» және «Үздік курсқа» қорытындысын шығарады.


Академияда қызметтік тәртіптің, үлгерімнің, моральдық-психологиялық климаттың жай-күйін бақылауды күшейту мақсатында тоқсан сайын оқу орны басшылығының ауыспалы құраммен (күндізгі және сырттай оқу факультеті, тәрбие жұмысы бөлімі қызметкерлерінің, оқу топтары кураторларының қатысуымен) кездесулері ұйымдастырылады, оларға үлгерім мен тәртіптің қорытындылары шығарылады.

Оқу үрдісінде және қоғамдық өмірде тыңдаушылардың белсенділігін арттыру мақсатында Академияда «Алтын кітап» жүргізіледі, онда ғылыми кеңес отырысының шешімі бойынша Академия бастығының бұйрығымен ЖОО-да оқу кезеңінде оқуда, ғылымда, спортта және мәдениетте жоғары нәтижелерге қол жеткізген бітіруші курс курсанттары туралы ақпарат енгізіледі.

Академия курсанттарының Астана қаласындағы «EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға қатысуы