Психолог мамандарын даярлау және әлеуметтік зерттеулер жүргізу орталығы

Психологиялық жұмыс орталығы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2013.02.07. №428 бұйрығы негізінде құрылған.
Психологиялық жұмыс орталығы өз міндеттерін Ереже бойынша жүзеге асырады (Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы бастығының 2016 жылғы 29 маусымдағы №84 бұйрығына №8 қосымшасы).
2019 жылғы қарашада ұйымдық-штаттық өзгерістерге байланысты психологиялық жұмыс орталығы психолог мамандар даярлау және әлеуметтік зерттеулер жүргізу орталығы бұдан әрі орталық болып өзгертілді
Орталықтың бірінші жетекшісі педагогикалық ғылыми кандидаты полиция полковнигі Ильина Татьяна Александровна болып табылады.

2014 ж. қараша – 2018 ж. желтоқсан аралығында Психологиялық жұмыс орталығының бастығы полиция полковнигі Ольга Владимировна Чиржова болған.


2019 жылдың ақпан айынан бастап 2020 жылдың қаңтар айына дейін орталық бастығы лауазымында полиция майоры Мырзабек Сардарбекұлы Туйғанов жұмыс істеді.

2020 жылдың ақпан айының соңында орталық бастығы лауазымына полиция подполковнигі Федотова Елена Сергеевна тағайындалды.

2016 жылғы 4 ақпандағы ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы бастығының № 10 ж/қ бойынша бұйрығымен Психологиялық жұмыс орталығының аға оқытушы-әдіскері полиция майоры А.Б. Досмаилова тағайындалды, 2006 жылы Л. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетін бітірген, біліктілігі – психолог, психология пәнінің оқытушысы.

Орталықтың әдіскері полиция капитаны Шолпан Мұқашқызы Қабжанова болып табылады.2013 жылы Ахмет Байтурсынова атындағы Қостанай мемлекеттік университетін психология мамандағы бойынша бітірді.

Психологиялық жұмыс орталығының инспекторы полиция капитаны Ольга Александровна Аужанова (ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы бастығының 2018 жылғы 24 мамырдағы №76 ж/қ бұйрығы). 2010 жылы «Педагогика және психология» мамандығы бойынша ҚР ІІМ ҚАЖК Академиясын бітірген.

 

Аға инспектор-психолог полиция аға лейтенанты Хайбрахманова Юлия Владимировна. 2013 жылы ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына «Педагогика және психология»мамандығы бойынша оқуға түсті. 2017 жылы оқуды үздік аяқтады. 2017 жылдан 2019 жылға дейін Академик З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінде ғылыми-педагогикалық магистратурада «Құқықтану»мамандығы бойынша оқыды.

Орталықтың инспектор-психологы полиция аға лейтенанты Рауза Сансызбайқызы Байғанин болып табылады. 2018 жылы «Педагогика және психология» мамандығы бойынша ҚР ІІМ ҚАЖК Академиясын бітірген.

Орталықтың инспектор-психологы азаматтык қорғау қатардағы Дархан Сейпел-Малекұлы Байбулов. 2019 жылы Ахмет Байтурсынова атындағы Қостанай мемлекеттік университетін психология мамандағы бойынша бітірді.

 

Орталықтың қызметі Казақстан Республикасы ІІМ Шрақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының тұрақты және ауыспалы құрамының кәсіби-психологиялық дайындығын жетілдіруге бағытталған.Білім беру процесін психологиялық қамтамасыз ету басшылық және профессорлық оқытушылық құрамға әдістемелік көмек көрсету.Академия курсанттарымен тыңдаушыларымен және қызметкерлірімен психологиялық жұмысты ұйымдастыру.
Орталық базасында практикалық міндеттерді шешу келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: кәсіби-психологиялық дайындық психодиагностика,психопрофилактика, психокоррекция және ғылыми-әдістемелік жұмыс.
Орталықтың үй-жайы функционалдық мақсатына сәйкес ресімделген және қажетті жабдықтармен жарақтандырылған.

Орталықтың негізгі міндеттері болып табылады:

Академияның оқу процесіне жаңа психотехнологияларды әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу.
Академияның жеке кұрамын релаксация әдістеріне үйрету, психофизикалық, шаршауды жою, кәсіби белсенділікті өзін-өзі реттеу.
Тұлғаның негізгі кәсібі маңызды қасиеттері мен дағдыларын қалыптастыру және дамыту мақсатында әлеуметтік-психологиялық тренингтер өткізу.

Жеке және кәсібі қиындықтарды жеңуде академияның тұрақты және ауыспалы құрамына психолоялық көмек көрсету.

Стресс жағдайларын, шаршауды және басқа да жағымсыз психикалық жағдайларды диагностикалау.

Тұлғаның кәсіби деформациясының алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу. Және басқа да деструктивті өзгерістерді, сондай-ақ тәртіп бұзушылықтар мен төтенше оқиғаларды болдырмау.


Жеке кұрамның қарумен қызмет өткеруге психологиялық дайындығын бағалау.

Ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби қызметі мен психологиялық қамтамасыз ету мәселері бойынша конференциялар семинарлар жиындар кеңестер ұйымдастыру және өткізу қатысу.




Орталықтың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету

Орталық базасында практикалық міндеттерді шешуді қажетті кәсіби білімі, іскерлігі мен  дағдылары, сондай-ақ практикалық психологиялық жұмыстың қажетті тәжірибесі бар мамандар жүзеге асырады.

Орталық жұмысының нәтижелері әдістемелік кұрал ретінде жарияланды.

Психодиагностикалық әдістемелердің саралаудан өткізуі және оларды ішкі істер органдар психологтарының кәсіби қызметіне енгізуі Орталық жұмысының бір бағыты болып табылады.


Курсанттармен тренингтер


Курсанттардың адам саудасының алдын алу мәселелері бойынша «жыныстық және репродуктивті денсаулық бойынша Қазақстан қауымдастығы» ҚБ Қостанай филиалының қызметкерлерімен кездесуі.

Курсанттарды  қысылтаяң жағдайларда мінез-құлыққа уйрету «тақырыбындағы тренингтік сабақтар»

ІІО және ҚАЖ қызметкерлердің біліктілігін арттыру

Орталықтың психолог мамандарын даярлау және әлеуметтік  зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмысы аясында қызметкелердің біліктілігін арттыру курстары өтуде.
«Психологиялық дайындық» , «көпшілік іс-шараларды өткізу кезеңінде азаматтармен келіссөздер жүргізу ерекшеліктері» , «кепілге алынған адамдарды босату бойынша келіссөздер жүргізу» , «қызметкерлердің қызметтік мінез-құлқы-күш қолдану, қысым қөрсету, қудалау, қорқыту немесе қуғын-сүргін қатерлеріне жол бермеу» , «халықпен тиімді коммуникация әдістерін оқыту, шешендік өнер» тақырыптарында.


Бүгінгі танда біздің республикамызда карантиндік шараларды сақтау жағдайында орталық біліктілікті арттыру курстарын қашақтықтан өткізу тәжірибесін алуда.



Байланыстар:
Centre.psy@mail.kz
тел. 2-33

_________________________________________________________________________________

 

Байланыс:

centre_psychology@mail.ru

2-33

___________________________________________________________________________________

Қосымша мәлімет

Исследование МПК

Профессионально ориентированная программа

Психодиагностические методики