Экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл бойынша мамандарын даярлау орталығы


Туйганов Мырзабек Сардарбекұлы — экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл бойынша

ҚАЖ мамандарын даярлау орталығының бастығы, полиция подполковнигі.

Экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл жөніндегі ҚАЖ мамандарын даярлау орталығы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 14 қарашадағы № 975 бұйрығымен құрылды. Орталықтың штат саны 4 қызметкерді құрайды және оның құрамына екі аға оқытушы-әдіскер, бір оқытушы-әдіскер кіреді. Орталықтың бастығы- полиция подполковнигі Туйганов Мырзабек Сардарбекұлы, аға оқытушы-әдіскерлер —  полиция аға лейтенанты Абенов Данияр Едельханович, полиция майоры Мырзахмет Қуаныш Ермекұлы.

Негізгі мақсаттар:

— қызметкерлерді үздіксіз оқыту үшін жағдай жасау;

— Академия орталықтарымен және басқа да мүдделі тараптармен бірлесіп зерттеулер жүргізуге қатысу;

— экстремистік және террористік қылмыстары үшін сотталғандармен идеологиялық және тәрбие жұмысының әдістемелерін жасау.

Көрсетілген мақсаттарға сәйкес міндеттер анықталды:

— оқыту тренингтерін ұйымдастыру;

— қызметкерлерге қажетті әдістемелік материалдарды әзірлеу;

— оқу бағдарламаларын түзету мақсатында оқыту нәтижелерінің мониторингі.

Орталық 5 кабинетте орналасқан, оның 2-і мультимедиялық сыныптар. Жақын жерде психологиялық жұмыс бөлмесі және тұрақты қызметкерлердің екі бөлмесі орналасқан.

 

Байланыс ақпараты

Жұмыс телефоны: 8 (714) 26-49-16 (1-51)