Өмірбаян. Биекенов Нұрлан Амангелдіұлы

Биекенов Нұрлан Амангелдіұлы — Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы заң ғылымдарының докторы, доцент полиция полковнигі.

1969 жылдың 4 ақпан айында Ақтөбе облысы Шалқар қаласында туған. 1994 жылы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін  бітірген.

1986 жылдың тамыз айынан бастап 1987 жылдың мамыр айына дейін Батыс-Қазақстан темір жолы Шалқар станциясының №39 орта мектебінің тарих мұғалімі.

1987 жылдың мамыр айынан бастап 1989 жылдың мамыр айына дейін Қарулы күштер әскерінің қызметінде.

1989 жылдың мамыр айынан бастап 1994 жылдың тамыз айына дейін Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті.

1994 жылдың тамыз айынан бастап 1995 жылдың желтоқсан айына дейін ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің мемлекеттік – құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы.

1995 жылдың желтоқсан айынан бастап 1997 жылдың қараша айына дейін ҚР МТК Қарағанды жоғары мектебінің  мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы.

1997 жылдың қараша айынан бастап 1998 жылдың қаңтар айына дейін Қарағанды жоғары мектебінің мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы.

1998 жылдың қаңтар айынан бастап 1999 жылдың  сәуір айына дейін ҚР ҰҚК Қарағанды жоғары мектебінің №4 кафедра бастығының орынбасары.

1999 жылдың сәуір айынан бастап 1999 жылдың шілде айына дейін ҚР ҰҚК Қарағанды жоғары мектебінің №4 кафедра бастығы.

1999 жылдың шілде айынан бастап 2004 жылдың ақпан айына дейін Б.Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтының мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының бастығы.

2004 жылдың ақпан айынан бастап 2006 жылдың қараша айына дейін ҚР ІІМ Кадр жұмыс департаменті оқу орындарының басқарма бастығы.

2006 жылдың қараша айынан бастап 2009 жылдың қараша айына дейін Ресей ІІД басқару Академиясының докторанты.

2009 жылдың қараша айынан бастап 2010 жылдың қаңтар айына дейін ҚР ІІМ қарамағына енгізілген.

2010 жылдың қаңтар айынан бастап 2011 жылдың қыркүйек айына дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлімінің сарапшысы.

2011 жылдың қыркүйек айынан бастап 2019 жылдың сәуір айына дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлімі секторының меңгерушісі.

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2019 жылғы 20.03. №123ж/қ бұйрығымен Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы.