Қатардағы, кіші басшы құрамға арналған алғашқы кәсіптік даярлығы

Қатардағы, кіші басшы құрамға арналған алғашқы кәсіптік даярлығы

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы орта басшы құрам лауазымына және қатардағы, кіші басшы құрам лауазымына алғашқы кәсіптік даярлықты өткізеді.

Алғашқы кәсіптік даярлық – Қазақстан Республикасы ІІО қызметіне бірінші рет қабылданған полиция қызметкерлеріне тез арада өздерінің лауазымдық міндеттерін өз беттерінше орындау үшін білімдерін, икемділіктерін және дағдыларын қалыптастыруға бағытталған оқу үрдісі.

Алғашқы кәсіптік дарярлық ІІМ әзірленген үлгілік оқу жоспарларына және ІІМ білім беру ұйымының бастығы бекіткен оқу бағдарламаларына  сәйкес жүргізіледі.

ІІМ білім бері ұйымы білімге ағымдық және қорытынды бақылау жүргізудің нысанын, тәртібін өздігінше анықтайды және ол білім беру ұйымының алқалы басқару органының шешімімен белгіленеді.

Қатардағы, кіші басшы құрамның алғашқы кәсіптік даярлығы ІІМ білім беру ұйымына келген күнен бастап үш ай ішінде іштей оқу түрінде жүргізіледі. Алғашқы кәсіптік даярлықтан өту мерзімі Қазақстаан Республикасы ІІО-дағы қызмет өтіліне (өткерген еңбек жылдарына) есептеледі.

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының тыңдаушылары бюджеттік қаражат есебінен Академия аумағында күніне 3 рет тамақтанумен және тұрумен қамтамасыз етіледі, сонымен қатар тыңдаушыларға Академия үлкен және бай кітапхана қорымен қолдануға мүмкіндік береді, кітапханада тыңдаушылар оқу үрдісіне қажет ақпараттар және білім ала алады.

ІІО қызметіне түсетін қызметкерлерді  алғашқы кәсіптік даярлық курсына оқуға  іріктеуді және олардың жеке істерін рәсімдеуді Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстық және көліктегі полиция Департаментерінің кадр апараты жүзеге асырады.

 

Алғашқы кәсіптік даярлықтан өту шарттары:

Алғашқы кәсіптік даярлықтың тыңдаушысы (бұдан әрі – тыңдаушылар) өзімен бірге:

  • жеке куәлігі;
  • маусымдық камуфляж түсті форма: жазғы – қалпақ, күрте, шалбар,

камуфляж түсті футболка және қара түсті астары жылы күртеше, шалбар немесе комбинезон, сондай – ақ жүннен тоқылған бөрік және қара түсті ұзын қонышты жылы бәтеңке;

  • спорттық форма және аяқ – киім;
  • жазу құралдары болуы қажет.

Алғашқы кәсіптік даярлықтан шығарудың негіздері

Тыңдаушылар алғашқы кәсіптік даярлықтан төмендегідей негіздер бойынша шығарылды:

  • қорытынды бақылауды тапсыра алмаудан немесе оқу

бағдарламасын орындамаудан байқалған үлгермеушілігі үшін;

  • ІІМ білім беру ұйымының жарғысыында және ІІМ білім беру

ұйымының ішкі тәртібі қағидаларында көзделген тәртіпті бұзғаны үшін;

  • Өз қалауы бойынша;
  • Ұлттық қауіпсіздік органдары арайы тексеруінің теріс нәтижесі

(ҰҚК).

Бұдан нақтырақ ақпаратты  Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің  2020 жылғы 13 наурыздағы №211 «Ішкі істер органдарына қабылданатын адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидалары және одан өту шарттары, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздері» (2020 жылғы 21 қазандағы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді) бұйрығынан ала аласыздар!