Кәсіби даярлық факультеті курсанттарының теориялық білімдерін тереңдету және бекіту, практикалық қызметі үшін қажетті кәсіби және іскерлік дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру мақсатында 2021 жылдың 6-шы қазанында Академияның оқу полигонында кәсіби даярлық факультетінің 4 курс 408-409 оқу топтарында «ҚАЖ мекемелерінде зорлық-зомбылық қылмыстарын ескерту және алдын алу» тақырыбында семинарлық сабақ өткізілді.
Сабаққа Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің УК-161/2 мекемесінің бастығы, әділет полковнигі Асет Сеитович Шарипов арнайы қонақ ретінде шақыртылды.

Сабақ барысында тәжірибелік қызметкер оқу полигонын пайдалана отырып курсанттарға ҚАЖ мекемесінің ғимараттарының мақсаты мен ерекшеліктерін көрсетті және өзінің тәжірибесіндегі болған оқиғалардан мысалдар келтірді.
А.Шарипов, курсанттарға оқудың теориялық бағытына үлкен мән беріп, түсініп, нақты білім алуға назар аудару керектігін айтты, ширақ қимылдау, жауапкершілік, белсінділік сияқты қасиеттерді осы уақыттан бастап қалыптастыру керектігін ескертті, өзіндік білім алуға бейімділікті дамытудың өте маңызды екендігін айтып өтті.
Кездесу конструктивті түрде өткізілді, курсанттар өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.Курсанттардың тәжірибелік қызметкермен кездесулері, олардың оқуға және арнайы кәсіби пәндерге қызығушылығын арттыруға, білім сапасын жақсартуға үлкен әсер етеді.

Қылмыстық құқық және
жазаны орындауды ұйымдастыру
кафедрасының оқытушысы
полиция майоры
М.Қалқаманұлы