2021 жылдың 30 қыркүйегінде Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен 406 және 408 оқу тобымен «Криминалистика бойынша практикум» пәнінен «Іздер туралы (трасология) криминалистикалық ілім» тақырыбы бойынша тәжірибелік сабақ өткізілді.

Сабақ барысында кафедра оқытушылары білім алушыларға, аяқ киім іздерін қалай дұрыс алу керектігін және қылмыс үстінде болған гипстік құйма іздерінің қалай дайындалып алынатынын көрнекі түрде көрсетті.
Тәжірибеліқ сабақ барысында білім алушылар аяқ киім іздерін қалай алынатынын өздері жасап көрсетті. Гипстік құйма кепкеннен кейін, 406 және 408 оқу тобының курсанттары аяқ киім іздерін алыну жолдарын зерттейді.