Судьяның сабағы

2019 жылдың 25 сәуір күні полиция қызметкерлерін даярлайтын қара шаңыраққа айналған Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтының базасында ҚАПБ орта басшы құрамының біліктілігін арттыру курстарының «Адам құқығы» семинары аясында мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен Қостанай қалалық сотының судьясы Жанбекова Маржан Гумаровна дәріс өткізді. Тақырыбы «Адам құқықтарын азаматтық-құқықтық қорғау». Бұл орайда жергілікті полиция қызметкерлерінің азаматтық істер саласындағы қызығушылықтары судьяның дәйекті дәлелдерінің арқасында көрініп отырды. Сабақтың маңызы өмірлік тәжірибелердің арқасында табысқа жетіп отырды.

МҚП кафедрасының

 аға оқытушысы

полиция майоры

М.Смагулов