«Оқы, үйрен, іске асыр!» атты ұранмен «Психолог» ғылыми — зерттеу үйірмесінің кезекті отырысы өтті.

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының педагогика және психология кафедрасында «Психолог» ғылыми-зерттеу үйірмесі жоспарын жүзеге асыру мақсатында ғылыми кезекті отырысы өтті.

Ғылыми үйірмеге қатысушы курсанттар өз баяндамалары мен ғылыми жұмыстары туралы сөз сөйлеп, тақырыптың өзектілігін, мазмұнын және мәнділігін таныстырды. Атап айтсақ, Қазақстан Республикасы ІІМ ұйымдастырған ғылыми жұмыстар конкурсына өткен, күндізгі оқыту факультетіндегі 2-курстың курсанттары Аманжолова Зибагүл және Нуркушева Мадинаның ғылыми жұмыстары және Алматы, Астана қаласында өтетін халықаралық ғылыми — тәжірибелік конференциясына қатысатын курсанттар Сабыров Тимурдың, Амирханова Айнельдің және Кенурбеков Мұхаммедтің баяндамалары тыңдалды. Барлық курсанттардың ғылыми жұмыстары заманауи және өзекті тақырыпты қамтыған және отырыстың соңында курсанттар бір-біріне сұрақ қойып кішігірім пікірталас өткізді.

Жастар – келешегіміздің негізі ретінде өз білімімен, жасампаз еңбегімен және күш-жігерімен ғылыми болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктерін алу қажет. Сондықтан кезекті отырыстың қорытындысы бойынша барлық курсанттардың ғылыми жұмыстары бекітіліп ғылыми — тәжірибелік конференциясына қатысуына ұсынылып және қатысушыларға жарқын жұлдыздай, жалынды сәттілік тіледік.

«Психолог» ғылыми — зерттеу

үйірмесінің жетекшісі,

полиция аға лейтенанты

Н.Турсумбаева