Кәсіби майталман полиция  генерал-майоры Мирлан Ахмедияұлы Қызылов

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының профессорлық-оқытушылар құрамы, магистранттар, қызметкерлер мен курсанттар Академияның бастығы полиция генерал-майоры, заң ғылымдарының кандидаты, профессор Мирлан Ахмедияұлы Қызыловты құрметті отставкіге шығарып салды.

Мирлан Ахмедияұлы Қызылов 1968 жылы 20 қыркүйек айында Қарағанды облысы Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. Барлық жасөспірімдер сияқты өзінің болашақта  әскери шен тағып, полиция қызметкері болуды армандаған бала арманына қайтсем де қол жеткізем деген үмітпен ер жетіп, құрдастарының алды болып көзге көрініп жүрген. Күндер мен жылдар өте келе мектеппен қоштасып, алғашқы қадам басып, 1989 жылдың наурыз айынан бастап ішкі істер органдарының орта және аға басшылық құрамдарының милиционер, кадр тобының жауынгерлік дене дайындығы жөніндегі нұсқаушысы, ғылыми қызметкері, аға жедел уәкілі, кафедра оқытушысы, бастықтың орынбасары және тағы да әр түрлі лауазымдарында қызмет атқарған. Қызметпен бірге, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен және педагогикалық қызметпен шұғылданған.

Сонымен қатар заң саласындағы жоғары оқу орындарының қызметкерлеріне арнап оқу процесінде оқу-әдістемелік және оқу-тәжірибелік әдебиеттер дайындаған. Педагогикалық және ғылыми қызмет жасау кезінде бірнеше оқу-әдістемелік құралдар және ғылыми жұмыстар жарияланған.  «Ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі», «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы», «Әдіс-нама» және тағы да басқа оқу құралдары жарық көрген.

Қызмет атқару кезінде қол жеткізген еңбектері үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен, Қазақстан Республикасы ІІМ бұйрығымен «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін», «ІІО мінсіз қызметі үшін» І-II-III дәрежелі медальдармен, «Қазақстан полициясына 15 жыл», «Қазақстан полициясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ардагері», ІІМ Құрмет грамотасымен, «ІІМ үздік қызметі үшін» және «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының құрметті қызметкері» кеуде белгісімен және тағы да басқа марапаттармен марапатталды.

Қостанай өңірінде 2014 жылдан бастап ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы болып тағайындалды.

Академияда бірінші  күннен бастап білек сыбана қызу жұмысқа кірісті.

Мирлан Қызыловтың бастауымен  Академияға 2014 жылдың 9 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1287 Қаулысымен мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ КСР ішкі істер министрі, генерал-лейтенант  (ІІ рангілі ішкі қызмет генерал-лейтенанты), ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Шырақбек Қабылбайұлы Қабылбаевтың құрметті есімі берілді. Мирлан Қызылов білімді де білікті, іскер, жігерлі, өмірден түйгені көп, қарамағындағыларға дұрыс талап қоятын, адамгершілігімен қарапайымдылығы мол, ардақты әке, парасатты, адал адам.

Академияның  ғылым, білім, оқу үрдісіне, тәлім-тәрбие, мәдени-көпшілік іс-шараларына бағыт-бағдар берді. Оқу ордамызда білім нәрін алып жүрген мыңнан артық курсанттарымызды білімге, ғылымға, спортқа деген құштарлықтарын арттырып, болашақта білікті маман, білгір қызметкер болып қалыптасуы үшін бар күш жігерін салды.

Мирлан Қызыловтың басшылығымен Ішкі істер органдарының имиджін арттыру және оқу орнының беделін нығайту, бұқаралық ақпарат құралдарында Академия қызметін, болашақ тәртіп сақшыларын адалдыққа, қайсарлық пен ержүректілікке патриоттылыққа тәрбиелеу мақсатында «Академия міндет, ерлік, абырой!» атты жалпыакадемиялық журнал басылып шығарылды.

Курсанттарымыз ғылым, білім және спорт бағытында өткізілген халықаралық, республикалық және облыстық деңгейдегі барлық іс-шараларға белсене қатысып, жүлделі орындар иеленіп, оқу ордамыздың мақтаныштары атанды.  Бес жыл басқарған уақыт аралығында академиямызды барлық жағынан да биік жетістіктерге жеткізу жолында істеген еңбегі орасан зор.

Мирлан Қызыловтың айтқан өнегелі сөздері қашанда ұрпақ жадында мәңгі сақталып, өмір жолында бағыт нұсқар асыл қазынасына айналары сөзсіз.

Кез келген басшының еңбегі оның басқарып отырған ұжымының беделімен бағаланады, яғни ұйымдастырушылық қабілеті жоғары білікті маман.

Бүгінгі таңда, Академияда қандай бағыттарды алсақ та, барлық жағынан жан-жақсы қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр.  Академияда Ардагерлер кеңесі болашақ ішкі істер органдарының қызметкерлеріне жақсы тәлімгер болып, курсанттардың патриоттық тәрбиесіне өздерінің істерімен аянбай өзіндік үлесін қосуда. Ардагерлер ұжымы өздерінен атынан Мирлан Қызыловқа жақсы тілектерін өлең шумақтары арқылы жеткізді.

Уважаемый Мирлан Ахмедиевич!

 Служебная жизнь Ваша отдана закону и правопорядку,

 От прилежного, скромного, дисциплинированного курсанта.

 Карагандинского ВУЗа МВД РК,

 Достигли  Вы высот руководителя маститого,

 С генеральскими погонами на плечах.

С опытом, целеустремлённостью, эрудированностью,

Переступили  порог академии Костанайской,  5 лет назад.

 Были требовательны, настойчивы, принципиальны, коммуникабельны,

 Учили, советовали, наставляли, равнодушием не страдали.

 Не жалели наград и звёзд для сотрудников наших,

Молодёжи служили примером, к труду и науке привлекали.

С вашей лёгкой руки становились они курсантами,

Адъюнктами ВУЗов МВД России.

Профессорско-преподавательский состав  в покое не оставляли,

Заставляя мыслить, развиваться, со временем в ногу шагать.

И добиваться успехов, заряжая их своей энергией,

Благодаря Вам, красуется памятник министру МВД  Ш. Кабылбаеву.

О себе, семье порой забывали ради достижения цели.

Потенциал Ваш огромен, талант особенный,

Вклад в службу неоценим.

Вы тот, кем мы особо дорожим,

Человек, многих  достоинств и способностей.

И взгляд  на нашу действительность  —  реальный,

С добрым сердцем и открытой душой,

Тот,  кто поможет и словом и делом.

Выбор в жизни важный Вами сделан,

Полномочия свои сложить.

Что ж, Вы уходите — конечно, жаль.

Посмотрите – грустные лица у всех,

Вы видите, как сильна печаль.

Нам Вас хватать не будет, явно,

А помнить, будем Вас всегда.

И поздравить как-то неудобно

Молодого, красивого, трудолюбивого и беспокойного генерала,

Нашего, костанайского!

Согласитесь, частицу души оставили  Вы у нас.

Непросто  будет, найти такой стабильный, исполнительный,

Работоспособный и скромный коллектив.

Но искренно, по-человечески,  Вам желаем:

 В добрый час!

И от ветеранов Вам спасибо!

Чтобы в душе, словно в сосуде,

Сохранили любовь, доброту

Всех тех, кто рядом с Вами был.

Чтоб здоровье не подводило,

Пусть счастьем живёт Ваш дом.

И начнёте жизнь с чистого листа.

Возможно, род деятельности будет другой,

Но позитив пусть Вас не покидает,

Открывая новые перспективы.

Ведь Вы этого достойны!

Өкінбе, өкпелеме

Бүгініңе.

Өмір, өмір!

Болмайды түңілуге,

Мәңгі сені жазбаған

Сүрінуге

Қайта тұрып қақың бар

Жүгіруге!

                            (Мұқағали Мақатаев)

 

«Генерал болуды армандамаған солдат, солдат емес» дегендей, оқу ордамыздағы әр курсанттың арманы Мирлан Ахмедияұлы Қызылов сияқты генерал болу, ал генерал болу үшін адамға тән асыл қасиеттер де болуы керек.  Ең алдымен парасатты, адал, кәсіби шеберлігі жоғары, мейірімді, елін, жерін сүйетін, кішіпейіл, адамды сыйлай білетін қасиеттерді адам өзінен жоғары қойса, онда адамның адамгершілігі жоғары болмақ.  Мирлан Қызылов демалыс, мерекелі күндері болсын, Академияда өткізілген барлық іс-шараларға қатысып, курсанттармен кездесіп, олардың тәлім-тәрбиесі, оқу үдерісіндегі үлгірімдерін сұрап, олардың сұрақтарына жауап беріп, өзінің ақыл-кеңесін беретін. Яғни, қазақ халқы «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтпаған.

Курсанттарымыз да Мирлан Қызыловқа өздерінің шексіз алғыстарын мына өлең шумақтары арқылы жеткізіп отыр.

                           Нағыз басшы

Алып бейне алғаш рет көргенде,

Баға бердім асқар шың деп ерденде.

Әр сөзінен тектіліктің иісі аңқып,

Ұқсаттым мен тарихтағы ерлерге.

Тәнті еткен қасиетімен көп елді,

Еңбек етер ерінбей еш көлемді.

Жанымызға серік еткен жалықпай,

Зор біліммен тәртіп және өнерді.

Қарапайым нағыз басшы білгенге,

Дайын әркез даналықты іздеуге.

Әрбір айтқан ұлағатты сөздері,

Жанға жігер, жалын берер біздерге.

Күш пен қайрат кеудедегі сенімде,

Сенім қажет қиындықты жеңуге.

Өзіңізден үлгі алған жас курсант,

Қызмет істеп бүгінде жүр елімде.

Адалдық пен әділдігі нақ маған,

Жырым бар ет жүрегімде сақтаған.

Әр тұлғаның өнегесін көрдім деп,

Сіңірдім деп бойға адалдық мақтанам!

(полиция қатарындағы,

2 курс курсанты Ерболат Лашын)

          Елінің патриоты

Жоғары сол білімнің санатынан,

Көтеріліп ұшқанбыз қанатыңнан.

Бар тынысы болғасын ордамыздан,

Академия бастығы дара тұлғам.

Нағыз білім бойына таратылған,

Туылғаннан тәртіпке жаратылған.

Ерекше бір керемет тұлыбы бар,

Алтын менен күмістен жалатылған.

Ынтасынан курсанттың үзбес үшін,

Талаптанған шымырлап төзбес күшін.

Адал қарап атқарған қызметіне,

Жасадыңыз барлығын біздер үшін.

Жұрт қарап ел сүйсінер тұлыбына,

Тек мінезді уәдеден тайымаған.

Әр курсанттың арманы сіздей болу,

Қызығуға тұрарлық лайық адам.

Ер есімі ел есінде деген қазақ,

Әр нәрсенің мерзімі уақытталған.

Әр жоспары қызметті ол жасаған,

Бақытына курсанттың бағытталған.

Басшылардың басшысы дара тұлғам,

Біз ұшқанбыз айырылмай қанатынан.

Жаны ашыйтын бәріне ол бір сөзсіз,

Курсанттардың бағына жаратылған.

(полиция қатарындағы, 3 курс курсанты

Әділ Ильяс)

Өз кезегінде, құрметті Мирлан Ахмедияұлы Қызылов: «Академияның жеке құрамына  жұмыста табыс, жаңа жетістіктер, әрқашан биік шыңдардан көріне беріңіздер», деп тілек білдірді.

Іс-шара барысында Академияның жеке құрамы Мирлан Ахмедияұлы Қызыловқа жаңа бастамалар,  ғылым мен білім жолында жетістіктер, отбасына амандық, жарқын үміттерге толы жаңа бастамалар тіледі. Әрқашан да абыройыңыз арта берсін, еңбегіңіз жана берсін!

Баспасөз қызметінің баспасөз хатшысы