«Менің арманым – адал қызметкер болу»

Әр адам үшін мамандық таңдау өте маңызды. Өйткені, өз ісінің маманы, шебері болу оңай іс емес. Әсіресе, бұл қоғамдық тәртіп сақшылары үшін маңызды. Елге қызмет ету, тәртіп сақтауды қадағалау, ел тыныштығы үшін тынымсыз еңбек ету – әрбір шен таққан азаматтың міндеті.

Болашақ офицерлерді тәрбиелеу, таңдаған мамандықтарының қаншалықты маңызды екендігін ұғындыру, еліне адал қызмет ету үшін қайрат, күш-жігер беру мақсатында «Менің арманым – адал қызметкер болу» тақырыбында КОФ 2 курс 201 оқу тобының курсанттарына тәрбие сағаты өткізілді.

Тәрбие сағатын өткізу үшін қылмыстық-атқару жүйесі органдарында 20 жылдан астам жұмыс өтілі бар, қатардағы қызметкерден басшы лауазымдарға дейін өсіп, қызмет атқарған, өз ісінің білікті маманы, шеберлігін шыңдатқан өнегелі аға Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД қызметкері, әділет полковнигі Қараман Жамиевич Аганин шақырылды.

Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтына біліктілігін арттыру үшін келген қызметкер, сондай-ақ өз біліктілігімен курсанттармен бөлісіп қайтты. Тәрбие сағаты барысында ол курсанттарға елге қызмет ету жолындағы нағыз офицердің шынайы бейнесінің қандай болуы керектігін, еліне адал қызмет ету қажеттігін айтты. Сонымен қатар, өзінің қызмет жолын, қызмет жолындағы кездескен қиындықтары мен қызық сәттерін еске ала отырды.

Кездесу соңында уақытын бөліп курсанттар үшін тәрбие сағатын өткізген полковник мырзаға курсанттар өз алғыстарын білдірді.

 

201 оқу тобының кураторы,

полиция аға лейтенанты

А. Мұрат