Әкешім, анам

Бар екен, екі өмірде мынау асыл жан,

Уайымдайтын шаш түссе бір тал басыңнан.

Биіктесеңде төмендесең де өмірде,

Қолдау көрсетіп табылған әркез қасыңнан.

Әкешім данам биігіндейсің ақ таудың,

Жылуын төгіп өсірген бала шақтардың.

Перзенті болып өзіңдей алып асқардың,

Туылғаныма білсең ғой, қалай мақтандым.

Тәрбиеңменен сәйгүлік аттай бапталдым,

Сен айтқан пасық жамандықтардан сақтандым.

Әкелік мейірім қамқорлығыңның арқасында,

Суығын көрмей ер жеттік арай ақ таңның.

Аллам бұйыртса әкетай әлі көрерсің,

Сенімің менен үмітіңізді ақтармын.

Анашым жаным мәңгі қарыз боп өтермін,

Ақ сүттің құнын таппаған жолын өтеудің.

Тоғыз ай бойы жүрегіңіздің  астында,

Тағатсыз күтіп қиындықпенен  көтердің.

Сіздің арқаңыз мәпелеп кеше өсірген,

Бір ұлы болсам бүгінде алып осы елдің.

Сіздей бір алтын  асыл жүректі анам бар,

Менде, шіркін -ай бақытты адам екенмін.

Сіздерден алыс оқуда жүрмін бүгін де,

Жол қойып келем болашақ үшін білімге.

Хабарлассам да сағынып жүрмін сіздерді,

Дұға тілеймін ниетпен әр күн түнімде.

Жыл жылжып айлар өтіп барады зымырап,

Тоқтау салмастан айналған сағат тіліне.
Ақталды дерсің анашым әке үмітім,

Ер жетіп егер қызмет етсем еліме.

2 курс курсанты

Ерболат Лашын