«Денсаулық — 2019» спартакиадасы өз мәресіне жетті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Қазақстан – 2030» стратегиясында «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мән әл ауқаты» тармағында, «…азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін» азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттілігі көрсетілген еді.

Бүгінгі таңда егеменді еліміз осы бағытта жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын ұстанған ұрпақтарымызды, яғни болашақ жастарымызды тәрбиелеу басты талапқа қойылған. Елбасымыз жыл сайын Жолдауында жастардың біліміне, спортпен шұғылдануына ерекше көңіл бөліп, 2019 жылды ресми Жастар жылы деп жариялады.

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы полиция генерал – майоры Мирлан Ахмедияұлы Қызылов оқу ордасында білім алып жатқан курсанттарға білім, ғылым салаларына, спорттың әр түрлерімен шұғылдануына жан-жақты қолдау көрсетуде. Осыған орай, Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында дәстүрге айналған, «Денсаулық — 2019» спартакиадасы жыл сайын Академияның жеке құрамының арасында өткізіледі. Академияның жеке құрамынан құрылған сегіз команда «Арлан», «Заңгер», «Динамо», «Ғалымдар», «Арыстан», «Жауынгер», «Құлагер», «Барс» спорттың бес түрінен,  волейбол, үстел – үсті теннисі, футбол, шашки, оқ ату спорт түрлерінен жарысты.

«Денсаулық — 2019» спартакиадасының бірінші күні шыдамдылыққа тәрбиелейтін спорт түрі – волейболдан басталып, командалық ойынның түрі футболмен аяқталды. Бір қызығы, Академияның жеке құрамының көрермендері курсанттар болды. Екі жеті бойы өткізілген «Денсаулық-2019» спартакиадасы курсанттардың спортқа деген қызығушылығын арттырды. Әр спорттың түрі бойынша командалар нәтижелерін біліп отырды. Осылайша, «Денсаулық -2019» спартакиадасы өз мәресіне жетіп, төрешілердің шешімі бойынша командалар жүлделі орындарға ие болды. Жүлделі орындар иеленген командаларды Академия бастығы полиция генерал – майоры Мирлан Қызылов: «Сіздерді жеңістеріңізбен құттықтаймын. Сіздерге қарап жастар бой түзейді, спортпен шұғылданып, жетістіктеріңізді көріп, білім мен спортты бірге алып жүруге талпынады. Бүгінгі курсант-ертеңгі біздің болашағымыз! Сіздерге отбасыларыңызға амандық, біліммен спортта жаңа жетістіктер тілеймін!», — деді.

1 орынды Арлан командасы;

2 орынды Динамо командасы;

3 орынды Арыстан командасы иеленді.

Сонымен қатар командалардың ішінде спорттың әр түрі бойынша ең үздік спортшы атанған да қызметкерлер болды. Командалар мен қызметкерлер грамоталармен, кубоктармен және сыйлықтармен марапатталды.

Спорттың адам өмірінде алатын орны зор. Біздің ата-бабаларымыз «тәні саудың – жаны сау» — деп бекер айтпаған. Еліміздің болашағы — бүгінгі жастар». Сондықтан олардың болашақта дені сау азамат болып өсуі, біздер  үшін маңызды.










Баспасөз қызметінің баспасөз хатшысы

О.Уақпаева