«Сыйлық сыйлаудың қыр – сыры»

Көп адамдар сыйлық сыйлағанды жақсы көрмесе де, оны алуды ұнатады. Негізі әр сыйлықты сыйлаудың да, алудың да белгілі бір әдебі, дәстүрлері бар. Ғасырлар бойы адамдар көңілдің, сыйласымдық пен достықтың белгісі ретінде бір-бірлеріне сыйлықтар сыйлаған.  Ал қазіргі заманғы сыйлық жасау әдебіне ерекше назар аударуды қажет етеді, сыйлық сыйлау және қабылдау арқылы адам өзіннің мәдениеттігін көрсетеді. Ал ерекше назарда жүрген ІІО қызметкерлері жан — жақты өмірдің әр бағытында қаруланған болуы қажетті.

Сыйлықты оның таңдалуы әр адамның жеке қасиеттеріне байланысты. Қымбат сыйлық алуға ұмтылмаңыз. Сыйлықты адамның талғамына, қызықтыратын заттарына, өмір салтына және де хоббиына байланысты таңдалуы керек. Сонымен қатар ол оқиғаға, адамның жынысына және қарым — қатынасыңызға да байланысты. Сыйлық сыйлау алдында оны алдын ала ойластырып алғаны жөн. Асығыста таңдалған сыйлық-сыйлық емес. Ал үйдегі керегі жоқ затты сыйлаған мүлдем этикет нормалары қатарынан тыс жайт. Міне, осындай аталған кеңестер туралы КОФ 4 курс 402 және 408 оқу топтарында кураторлық сабақ аясында «Сыйлық сыйлаудың қыр – сыры» атты тақырыппен өтті. Сонымен қатар курсанттарға сыйлық сыйлау және сыйлық алу кезіндегі бірқатар этикет ережелер мен қағидалары берілді:

— Туған күнге туған күн иесінің бүкіл отбасысы емес, тек өзі қолданар зат сыйлау керек;

— Сыйлық ретінде ақша сыйлау дұрыс емес, егер де ол адам сіз үшін шынайымен қымбат болса уақытыңыз бен көңіліңізді бөліп, қуанышты қылуыңыз  қажет;

— Сыйлықтың қапталғаны дұрыс;

— Тірі сыйлықтарды (күшік, мысық, тотықұс және т.б.) сол үйдің отбасы мүшелері рұқсатымен сыйлау керек;

— Сыйлықты кіре берісте сыйлауға болмайды, оны қонақ үйде асықпай, жылы лебіздермен сыйлаған жөн болар;

— Сыйлықтың тосын сый (сюрприз) болғаны жақсы;

— Ақшалай сыйлықты әрқашан конвертте беру керек;

— Ал сыйлықты алған кезде оны ары таман жерге қоймау керек;

— Лезде қабын шешіп, сыйлықты бағалап, алғыс сөздерін айту керек;

-Сыйлық алар кезде, сыйлықты берер қолына емес, сыйлық берушінің өзіне, көзіне қарау керек;

— Алғыс айту- бұл біріншіден көңіл білдірушілік пен сыйласымдық белгісі т.б.;

         Кураторлық сағат соңында курсанттар өз ой – пікірлерін білдіріп, бұрын қандай сыйлық сыйлағандары және сыйлық алғандары туралы бірқатар мысалдар келтіріп өтті. Сонымен қатар, кураторлық сағатты «Сыйлық сыйлау — ол өнер, оны кез-келген өнер сияқты үйренуге болады. Ол адамның ішкі мәдениеті көрінісі болып табылады», — деген жақсы сөзбен аяқтадық.

402 топ кураторы

полиция майоры

А.Досмаилова

408 топ кураторы

полиция аға лейтенанты Н.Турсумбаева