«Курсант — сіз нысанадасыз!» атты дөңгелек өстел өтті

Ұялы телефонды қалай қолдану керектігін еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін біледі. Адамдар телефонмен тек сөйлесіп қана қоймайды, ондағы күнтізбесін, оятқышын, еске салғышын, сағатын және т.б. пайдаланады яғни  алақандай ғана телефонның мүмкіндіктері шексіз екені бәрімізге мәлім. Бірақ  күнделікті көріп жүргеніміздей, адамдар телефонмен сөйлесу әдебін де, мәдениетін де естен шығарып алғандығын   сөйлесу этикасынан кеткен оғаттықтар бар екенің байқаймыз. Соған байланысты 402 және 408 топ курсанттарымен телефонмен сөйлесе білу әдебінің бірден-бір маңызды қағидаларын кураторлық сабақ аясында «Курсант — сіз нысанадасыз!» атты дөңгелек үстел барысында талқыладық.



Талқылау барысында, күнделікті тәжірибе көрсеткендей адамдар кейбір қоғамдық орындарға жайғасып алып, өз үйінің төрінде отырғандай емін-еркін әңгіме тиегін ағытатындар да кездеседі. Өкінішке орай, дөрекі, құлаққа жағымсыз сөздерді өзгелер естіп қойды-ау деп сондай жандардың қысылмайтынына таңырқайсың? Міне, осындай мәселелер көп. Сол себепті әр адам өзінен бастау алып, тәрбиелік мәдениетін қалыптастырып, жоғарлату керек. Сонымен қатар, біз ІІО қызметкерлері болғандықтан әр қайсымыз халықтың нысанасыңдамыз! Дөңгелек үстелдің нәтижесі ретінде жаднама шықты.

402 топ кураторы

полиция майоры

А.Досмаилова

408 топ кураторы

полиция аға лейтенанты Н.Турсумбаева