Кафедра Ардагерлерімен кездесу

2018 жылдың 1 қарашасында Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясында кафедрада қызмет еткен ардагерлерге арналған мерекелік іс-шара өткізілген болатын. Жыл сайынғы осы өткізіліп отырған шара  кафедраның ерекше дәстүрлі мерекесіне айналды. «Әкімшілік құқық және әкімшілік қызмет» кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы шақырылған кафедраның оқытушы-ардагерлері О.Е.Мусинаны, М.К.Мергеновты, Ш.М.Токтаргожинаны  «әкімшілік -құқықтық» мамандығы бойынша білім алып жатқан 101-оқу тобының курсанттарымен таныстырды.  Кафедраның  ардагерлері өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісті, әр түрлі лауазымдарда қызмет атқарғандарын айтты. Ардагерлер жас қорғаушыларға өздерінің мамандықтары үшін қажетті патриотизм мен антқа деген адалдық сияқты сезімдердің тәртібін жеткізді. Полиция қызметкерінің жоғары сапалы дайындықты және жоғары кәсіби дайындықты қажет ететін жұмыс туралы қызықты деректер туралы айтып берді. Қазіргі полиция қызметкерлері бұрынғы ұрпақтың полициясынан ерекшеленеді. Олар талаптардың артуына байланысты. Бүгінгі күні құқық қорғау органдарында жұмыс істеу үшін көптеген білім қажет.

 Әңгіме жас курсанттар үшін өте қызықты және пайдалы болды. Кездесу соңында ардагерлер болашақ сақшыларға білім алу барысында  сәттілік тіледі.

101 оқу тобының кураторы

полиция майоры

Д.Қалқаманұлы