Халықаралық ғылыми-зерттеу институттарының «Скайп» бағдарламасының көмегімен өткізілген дөңгелек үстел

Қазақстан Республикасы ІІМ академияларымен Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының ұйымдастырылуымен Ғылыми-зерттеу институты 2018 жылдың 30 қазанында скайп бағдарламасының көмегімен техникалық оқу құралдарын пайдалана отырып, онлайн режимінде «Қазақстан Республикасының заңнамасы және ІІО құқық қолдану практикасын жетілдірудегі зерттеулердің рөлі» тақырыбы бойынша қалалық дөңгелек үстелі өтті. Жоғарыда атап өткен іс-шараға ғылыми зерттеу орталығының қызметкерлері полиция подполковнигі Р.К. Мухтабаева, полиция майоры Р.Б. Аужанов, полиция капитаны Л.О. Хон, полиция капитаны А.А. Әбдәлі қатысты.

Алғы сөз, ҚР ІІМ Баримбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының орынбасары заң ғылымдарының докторы, полиция полковнигі Зайрулла Сембаевич Токубаев сөйледі.

Сонымен қатар дөңгелек үстелге дайындалған ғылыми зерттеу орталығының қызметкері полиция подполковнигі Райгуль Курмановна Мухтабаева «ҚАЖ сотталғандардың арасында тәрбие жұмысы бөлімі қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастырудағы жүйесінің ұйымдастырушылық-құқықтық актілері: жағдайды талдау және жетілдіру келешегі» және полиция капитаны Лев Олегович Хон «2017 жылға дейін бас бостандығын айыру орындарында ұсталған тұлғалар контингентінің мінездемесі: Қостанай облысы бойынша сандық және сапалық көрсеткіштерін әлеуметтік зерттеу» атты баяндамаларымен сөз сөйледі.

Дөңгелек үстел тақырыбы аясында, сөз сөйлеу барысында барлық жоғары оқу орындарының ғылыми-зерттеу институттарының қызметіне қатысты проблемалық мәселелер, ғылыми-зерттеу жұмысында одан әрі даму және ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.

                                                                                              ҒЗО қызметкері

                                                                                              полиция капитаны

                                                                                              А.А. Әбдәлі