Тәрбие бастауы – әдептілік! 19.10.2018 Этиканы сақтау өмірдің әр саласында әр түрлі. Соның ішінде нысанды киім киіп жүрген курсанттардың этикасы басты назарда, яғни біреу қызыға қараса біреу сынай қарайды. Сондықтанда 4 курс 402 топ курсанттарымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормалары және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру шаралары туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсанындағы № 153 жарлығына сәйкес, қызметтен тыс уақыттағы стандарттары кураторлық сағат аясында қарастырылып, курсанттардың естерінде қайта жаңғыртылды. Курсанттарға Академия аумағынан тыс, қоғамдық орындарда өзін — өзі ұстау, сыртқы бейнесі мен киім үлгісі тәртіпке, талапқа сай болу қажеттілігі, жол ережелерін сақтау туралы мақсатында алдын –алу әңгіме-сұхбат жүргізілді. 402 топ кураторы полиция майоры А.Досмаилова