Үздіктер марафоны

Спорт — адам өмірінің бөлшегі, ажырамас бөлігі. Рухы мықты, көкірегі ояу, саналы ұрпақ тәрбиелеу үшін ең алдымен жастарды спорт әлеміне жетелеу, мақсат — мүдде болып саналады. Оның ішінде біз сияқты отан қорғайтын, азаматпен азаматшалар үшін, жүгіру, әр түрлі спорт жаттығуларымен айналысу, шымыр болу, халқымыздың таныштығының кепілі. Академия қабырғасында осы мүддені қалыптастыру мақсатында, курстар арасында марафон өткізілді.

Осы марафонға біз, 1 курс курсанттары өз үлесін  қосты. Айтулы марафон ағымдағы жылдың 10 қазаны  күні өткізілді. 20 қыз бала — 3минут 40 секунтта, 80 ұл бала — 10 минут 20 секунтта өте жақсы деген нәтижеде жүгіріп өтті, қалған спортшылар курс бастығының орынбасары Нұрлан Бақытқалиұлымен жүгіріп өтті. Бұл марафон, жаңа буынның спортқа деген құлшынысын арттырып, нағыз маман болып шығуына көмектесетін, үлкен белес болары анық.  Қазіргі заманда ұлт қамын ойлар ұрпақ, жанын берер жауынгер дайындау қиынның қиыны. Ал біздің Академия үнемі жүректерінен оты да, батыл болып, өсері сөзсіз лаулаған, жарқын болашақ иелерін өсіріп жатқанын айқын байқауға болады. Осындай спорт шаралары арқасында, ел қорғандары шымырда батыл болып өсері сөзсіз.


1 курс курсанты,  полиция қатарындағы

Бакбаева Аида