Курсанттардың демалыс күндерін тиімді ұйымдастыру 08.10.2018 Жексенбі — әрбір адам үшін әсіресе курсанттар үшін асыға күткен өте ерекше күн. Осындай жайма-шуақ ерекше күндердің бірінде, яғни 2018 жылы 7 қазанында Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының күндізгі оқу факультетінің 103 оқу тобы ең алғашқы жексенбілік демалысына шықты. Қостанай қаласын саяхаттап, «Арман-3D» кинотеатрында «Тайна дома с часами» атты фильмді тамашалады. Киноны көрген тыңдаушылардың көңіл-күйлері бір көтеріліп қалды. Сондықтан айына бір рет курсанттарды демалыс уақыттарында қалада немесе қала сыртында серуендету арқылы күйзеліске түсу, зерігу, сағыну сезімдерінің мүмкіндіктерін төмендетуге болады. Өткізілген іс-шара тыңдаушыларға жақсы әсер қалдырды. Себебі осы топтың тындаушылары Қазақстан Республикасының басқа облыстарының тұрғындары болып табылады. Қаланың ішкі және сыртқы аумақтарын аралап, кинотеатрға бару жағымды қуанышты әсер қалдырды. ҒЗО-ның қызметкері полиция капитаны Әбдәлі А. А