Тәжірибелік қызметкермен кезекті кездесу

Академияда қалыптасқан тәжірибелік сабақтың бір түрі – тәжірибелік қызметкермен кездесу. Осы үрдісті одан әрі жалғастыру мақсатында 2018 жылдың 7 қыркүйегі күні Күндізгі оқыту факультетінің 3 курс курсанттарына тәжірибелік қызметкер – ғылыми және педагогикалық магистратураның 1 курс магистранты, әділет капитаны Садыков Асқар Жармабайұлымен кездесу ұйымдастырылды.

Алматы облысы бойынша ҚАЖД Сарқан аудандық пробация бөлімі қызметінің бөлім бастығы лауазымында қызмет атқарған тәжірибелік қызметкер курсанттармен кездесу барысында пробация қызметінің жалпы жұмысымен, бүгінгі тақырыпқа сай «айыппұл», «түзеу жұмыстары» туралы мәлімет берді.

Кездесудің мақсаты – пробация қызметіне жүктелетін тақырыпқа сай міндеттерді, айыппұл тағайындау, түзеу жұмыстарын өткізу және т.б. курсанттарға түсіндіру.

Кездесу өз мақсатына жетті, курсанттар тәжірибелік қызметкерден қызықтырған сұрақтарына толық және нақты жауап алды. Және де уақытымен санаспай, өз тәжірибесімен бөлісуге келген қызметкерге алғыстарын білдірді.

ҚҚАҚжК кафедрасының оқытушысы

полиция аға лейтенанты  А. Мұрат