Спорт – денсаулық кепілі

 

Қыркүйектің 8-і күні Қостанай қаласында бірінші рет үш қашықтық бойынша қалалық жеңіл атлетикалық жарыс өтті. Спортшылар бір, бес және 10 шақырымға жүгіріп, бақтарын сынады. 14 жастағы және одан асқан балалар бір километрге жүгірсе, 5 және 10 шақырым қашықтықтағы абсолюттік біріншілік 15-17, 18-39, 40 және одан жоғары жастағы спортшылар арасында өтті.

Осы шараға қатысқан Академияның мемлекеттік тіл бөлімшесінің бастығы Құрбанәлі Сегізбайұлы Елмұратов 40 және одан жоғары жастағы спортшылар арасындағы 10 шақырым қашықтықтағы қалалық жеңіл атлетикалық жарыстың абсолюттік біріншілігінде 2 орынды иеленіп, Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің Грамотасымен марапатталды.

Әріптесімізді жүлдесімен құттықтаймыз және денсаулықтың бірден-бір кепілі болып саналатын спортқа өз үлесін қосып, алдағы уақытта да жеңіс тұғырынан көріне беруіне тілектеспіз!

Мемлекеттік тіл бөлімшесі