БАҚЫТТЫ ЖАНҰЯ-БАҚЫТТЫ ЕЛ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 наурыздағы № 3827 Жарлығымен қыркүйектің екінші жексенбісі Отбасы күні болып бекітілді.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Отбасы – Отанның ошағы» деген ұлағатты сөзі бар. Отанға деген сүйіспеншілік отбасынан басталады. Туған шаңырақтан алған тәрбие – бұл барша халқымыздың қауатты да табысты болашағының кепілі.

Отбасы күні біздің қоғамда әрқашанда руханилықты,  өнегелікті нығайтуға, ерлі-зайыптылар жауапкершілігінің маңыздылығын сөзсіз мойындауға ықпал етеді.

Осы атаулы мерекеге байланысты 2018 жылдың 7 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы қызметкерлері отбасыларының қатысуымен тәрбие жұмысы бөлімінің қызметкерлері іс-шаралар ұйымдастырып өткізілді.

Аталған іс-шаралар үш кезеңде ұйымдастырылған: суреттер сайысы, отбасылық эстафета және шығармашылық өнерпаздық. Суреттер сайысына Академия қызметкерлерінің 9 жасқа дейін толған балалары үй жұмысы «Менің отбасым» деген тематикасы ретінде  қатысты.

Екіншісі отбасылық эстафетасы қызметкерлерінің отбасыларын Академияның қоғамдық өміріне қатысуға баулу мақсатында спорт кешеңінде, әскери және дене шынықтыру кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілді. Эстафеталар 6 бөлім мен кафедралар арасында өткізілді. Спорттық жарыстар  қатысушыларды мен жанкүйлерді қауаттандырып,  қазылар алқасы «Достық» жеңді деген шешімге келді.

Мерекелік іс-шара Академия қызметкерлері балаларының қатысуымен концерттік бағдарламамен аяқталды. Балалар ата-аналарымен бірігіп аталған іс-шараға әр-түрлі билер мен әндер дайындап, үлкен ынталықпен қатысты. Іс-шараның соңында Академия бастығы полиция генерал-майоры Мирлан Ахмедияұлы Қызылов қатысушы балаларды Алғыс хат пен ойыншықтармен марапаттап, өз алғысын білдірді.

         Отбасы –жылы ұямыз,

         Тірегі – ата-анамыз.

         Уыз сүт еміп осында,

         Уылжып біздер өсеміз.






































ТЖБ инспекторы

полиция аға лейтенанты Д. Альжанова