5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні

2017 жылдың 31 қазанындағы «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» № 689 ҚР Үкіметінің қаулысымен 5 қыркүйек – «Қазақстан Халқы тілдері күні» болып бекітілді. Қазақстан Халқы тілдері күнінің 22 қыркүйектен осы күнге ауыстырылуының үлкен мәні бар. Себебі, 5 қыркүйек – Ұлт ұстазы атанған Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.  Осыған сәйкес елімізде 5 қыркүйек күні Қазақстан халқы тілдері күні бірінші рет мерекеленді. Аталған мерекеден Академия ұжымы да тыс қалған жоқ. «Мирас» мәдениет үйінде өткен «Оқытушылар арасындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы респуликалық байқауға» мемлекеттік тіл бөлімшесінің қызметкерлері мен тілдер кафедрасының 2 оқытушысы, сондай-ақ 2 курстың 50 курсанты қатысып, тәжірибе жинақтап қайтты.

Осы күні Мемлекеттік тіл бөлімшесі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 1-курсқа арнап іс-шара өткізілді. 1 курс курсанттары –    Ә Айтмұрат, Э.Никитина, А. Селезнев және В.Вьюшкина іс-шараға белсене қатысып, Ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының өлеңдерін оқыды. Ғалымның өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, оның ауыр тағдырынан сыр шерткен деректі фильм көрсетілді.

Мемлекеттік тіл бөлімшесі