Репрессия құрбандарын еске алу

2018 жылдың 31 мамырында ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының күндізгі оқу факультетінің 1-курс курсанттары  Академяның мәдениет университеті аясында, Қостанай қалалық «Мирас» мәдениет үйінде өткізілген қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған іс-шараны тамашалады. Іс-шарада сол жылдардағы қуғын-сүргінге ұшырап, қазақ жеріне жіберілген өзге ұлт-өкілдерінің қиын-қыстаудағы қиыншылықтарды қазақ жұртымен көргендерін І. Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының әртістері  қойылым етіп көрсетті.

Ол кезде қазақ жерінде ашаршылық болып, аурулар тарап, төрт түліктің қырылып жатқан кезі еді. Бірақ қазақ жұрты өздері аш отырсада, қолдарындағы соңғы бір тілім нанның өзін шын көңілдерімен бөлісті, үйлерінің бір бөлмесін соларға беріп бір шаңырақ астында өмір сүрді.

Содан болар қазіргі таңда Қазақстан аумағында 130-дан астам ұлт-өкілдері бір ту аясында тату-тәтті, емін-еркін өмір сүріп келеді. Академия курсанттары бұл қойылымнан көп нәрсені түсініп, оларға қойылымның оң әсерін тигізді.

1 курс басшысының орынбасары

полиция аға лейтенанты

Кабылдин М.О

Курсанттар баспасөз қызметінің мүшесі

полиция қатарындағы

Нақыпбеков С.Н