Табиғат аясындағы көңілді сәт

«Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болсын» — демекші, жанымызда жүрген ер-азаматтарымызды табиғаттың тамаша аясында жылына бір келетін мереке – Отан  қорғаушылар күнімен құттықтадық. 102 оқу тобының ұлдарына қыздарының жасаған құттықтау сыйлығы десекте болады, әрине, азаматтарымыздың көңілінен шығу үшін барлығын жасаймыз ғой әдетте! Керемет күннен сіздерге үзінді айта кететін болсам, Қостанай қаласының орталығында орналасқан «Жеңіс паркінде» пикник жасадық. Ұлдарымыздың жүзінен күлкі көріп, көздерінен нұрды байқадық. Гитарамен әсем әуенді әндетіп, өлеңнің асына ала отырып, бір-бірмізге жылы-жылы тілектерімізді арнап, рахметімізді айттық. Не үшін алғыс айттық десеңіз? Себебі ер-азаматтың қабырғасынан әйел адамы жаратылған десекті, сол ер-азаматтарымыз біздің қорғанымыз, біздің тіреуіміз, азаматтарымыз жанымызда жүргенде  қамқорлықты сезінеміз, ертеңгі күнге деген сенімділікпен,  басқан қадамымды нық басамыз.

Еліміздің осындай тыныш, кең байтақ жерде бақытты, бай, ұлына үлгі, қызына тіреу бола білгеніміздің өзі қандай керемет, бұл сөздердің артында әрине бірінші Елбасымыз, содан соң ер-азаматтарымыз тұр. Осындай бейбіт заманда, осындай тәуелсіз елде дүниеге келгенімізге сансыз шүкіршілік етеміз де рахметімізді айтамыз. Жоғарыда айта кеткендей, «қолда барда алтынның барында қадірі жоқ!»-демекші, бірге жүрген әрбір курсанттық сәтті, керемет естеліктерді өз уақытында бағалай білу шарт. Бір бірімізді құрметтеп, барлық қолдан келген ілтипатты білдірген дұрыс.

Керемет күннің, керемет естеліктің себепкері болуға жағдай жасағаны үшін Академия басшысының орынбасары полиция полковнигі Е.Т.Каппасовқа, сонымен қатар 1 курс басшылығының орынбасары полиция аға лейтенанты М.О.Қабылдинге алғысымызды білдіреміз. Академия аумағында өткен әрбір күндеріміз біздің өмірімізден ойып тұрып орын алатын үлкен аумақ, өйткені, енді есейіп, осы жерден ересек  өмірге қадам басып келе жатқан ғажайып сәттеріміз.




Курсанттар баспасөз қызметінің мүшесі,

полиция қатарындағы

Максетова Гүлнұр