Біздің Академияда оқу – мақтаныш!

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 4 курс курсанттары өздері асыға күткен өндірістік тәжірбиеге жетіп, еліміздің түкпір-түкпіріне барып жолдамалары бойынша қызмет атқартуға кетті. Қызметтерін атқару барысында алтын ұя Академиялары туралы ұмыт қалдырмай, қызмет атқарып жүрген облыс бойынша орналасқан мектептердегі мамандық таңдауға бел буып, балалық шақты артқа қалдырып, үлкен өмір жолына аттағалы отырған 11 сынып түлектерімен  ведомстволық жоғары оқу орнында оқудың артықшылықтары туралы әңгіме сұхбат жүргізді.

Кәсіптік бағдар жұмысын жүргізу аясында курсанттар жас түлектермен ашық сабақтар өткізе отырып, оларға Академияда білім алу ерекшеліктерін, Ішкі істер органы қызметкері атанған  уақыттағы жұмыспен қамтылу және әлеуметтік көмек көрсетілуі туралы мүмкіндіктерін айтып түсіндірді. Мектеп бітірушілері өз кезегінде курсанттардың күнделікті күн тәртібін қызыға тыңдап, көбі болашақ мамандығын дұрыс таңдауға тырысты. Сондай-ақ, оқушыларға ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына түсу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеудегі таңдау пәндері туралы  және жергілікті ІІД, ҚАЖД кадр жұмысы бөлімінен немесе Академияның ресми сайтындағы «тікелеу қабылдаудан»  жолдама алу мүмкіндіктері туралы және алдын ала жергілікті ІІД емханасынан жолдама бойынша медициналық тексеруден өту қажеттілігі туралы айтып түсіндірілді.

Оқуға түсу тәртібі туралы анық қанығын айқын түсінген оқушылар тарапынан курсанттық өмір туралы қызығып сұрақтар қойылды. Әрине, бұл сұрақтарға Академияны сағына бастаған курсанттар жылы лебізбен еске алып, біздің жоғары оқу орнында тек  қана сапалы білім алып қана қоймай, шығармашылық жұмыстарымен, спортпен және ғылыми жұмыстармен айналысу мүмкіндіктері бар екенін жеткізді. Сонымен қатар әлеуметтік көмектер көрсетілетіні, шәкірт ақы, тамақтану, жатаханамен және киім үлгісімен қамтылу толық түрде мемлекет тарапынан екені ескертілді.

 

4 курс курсанты полиция қатарындағы У.Маликова