Тәжірибелік қызметкерлермен кездесу

Теория мен тәжірибе байланысы оқу үрдісінде өте маңызды орын алады. Оқытудың тәжірибелік бағытын нығайту мақсатында күндізгі оқыту факультетінің 3 курс курсанттарына 2018 жылдың ақпан айының 26-28 және наурыз айының 1 аралығында тәжірибелік қызметкерлердің –біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтының тыңдаушылары:Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД ЗК-169/1 мекемесі бастығының кезекші көмекшісінің орынбасары, әділет аға лейтенанты Байділдаев Руслан Серікұлы; Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД ГМ-172/8 мекемесі бастығының кезекші көмекшісі, әділет аға лейтенанты Елубаев Берік Жүнісбекұлы; Атырау облысы ІІД Арнайы дайындық басқармасының бөлімше бастығы, полиция майоры Адилханов Артур Алтайұлы; Қызылорда облысы ІІД Қызылорда қ. ІІБ ЖПҚ учаскелік
полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Мақұлбеков Қуандық Табылдыұлының қатысуымен «ІІО-дағы құқықбұзушылықтың алдын алу»арнайы курсы пәнібойынша“Маскүнемдіктің,араққұмарлықтың және нашақорлықтың алдын алу” тақырыбындабірнеше тәжірибелік сабақтар өткізілді.

Тәжірибелік қызметкерлер курсанттарға әрқайсысы өз бағыттары бойынша тәжірибесімен бөлісіп, болашақ мамандарға ақыл-кеңестерін айтты.

Сабақтар өте қызық, тартымды өтті. Курсанттар алдындағы ағаларын ұйып тыңдады, қызықтырған сұрақтарын қойды.

Қызмет барысында қызметтік тәртіпті сақтаудың маңыздылығын,қоғам індеті болып келетін жемқорлықтың алдын алу шаралары қазіргі таңда еліміздің басты өзекті мәселесі екенін,ішкі істер органдары қызметкерлері өз қауісіздігіне көңіл бөлу керек екендігін айтты.

 Жігері мол, қайратты қайсар ағаларынан сабақ алған болашақ офицерлер өздерінің болашақ мамандықтары үшін мақтаныш сезімдері оянып, дұрыс таңдау жасағандарының тағы бір дәлелін тапты.

Жалпы, кездесу өз мақсатына жетті.  Себебі, курсанттар өздеріне қажетті ақпараттар алып, болашақта адал қызмет атқаруға,  қателіктерге жол бермеуге бүгінгі кездесу өз септігін тигізеді деп санаймын.

Кездесу соңында курсанттарға ақ жол тілеп, алдағы уақытта тек қана жетістіктеріге жетулеріне, өз елінің патриоты болуға, халқына аянбай қызмет етуге шақырды.

Осындай игі іс шаралар болашақ офицерлердің білімін көтеру мақсатында академиямызда көптеп өткізілуде.

Әкімшілік құқық және әкімшілк қызмет

 кафедрасының оқытушысы

полиция аға лейтенанты

 А.Мұрат