Жаңа жартыжылдыққа жаңа бағытпен

Қысқы демалыстан жаңа көзқараспен оралған ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 1  курстың 102 взводының курсанттарымен екінші семестрдегі алғашқы кураторлық сағат жүргізілді. Аталған шара Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылаудан басталды.  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдаудың  ең басты бағыттарын атап, қоғамның барлық  мәселелерін қамтығанын, сондай-ақ  курсанттардың жеке басына және Академия өміріне қатысты ерекшеліктері жайлы пікірлесті. Мектеп қабырғасында мемлекет өміріне көп қызығушылық танытпайтын жастардың Жолдаумен танысуға және мәнін түсінуге Академия басшылығының аса көңіл бөлетіні біреулерін таң қалдырса, біреулері өздерінің ризашылықтарын білдіріп жатты. Әрбір курсант Елбасы Жолдауының бағыттары бойынша қоғамның толық қанды мүшесі ретінде өз үлестерін қосу қажеттілігі туралы түсіндірілді.

Кураторлық сағат бірінші семестрдің қортындысын шығару және жаңа жарты жылдыққа жаңа жоспар құрумен жалғасты. Жоғарғы оқу орнының талаптарын, қыр-сырын атап өтті, сонымен қатар  сессия уақытында кездескен қиындақтарымен бөлісіті. Курсанттар сабаққа дайындық барысында тапсырмаларға  немқұрайлы қарамай, барлық пәндер бойынша жауапкершілік танытудың маңыздылығын ескерген, кемшіліктері мен қателіктерін түсінген. Алдағы уақытта ескеретін мән-жайлар туралы, алға қойған мақсаттарымен, жоспарларымен  бөлісіті, атқарылатын шаралар бойынша ұсыныстар жасады. Кездесу соңында демалыс уақытындағы қызықты сәттерін айтып, күлкілі әңгімеге көштік.

102 взвод кураторы

полиция майоры

Нұрмағанбетова Ж.К.