Кураторлар кеңесінің кезекті жиыны өтті

2018 жылдың 7 ақпан күні Қазақстан республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының акт залында Академиядағы оқу топтарының жетекшілеріне арналған «Курсанттармен тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы  оқу топтары кураторларының рөлі» атты тақырыпта оқу семинары ұйымдастырылды.

Семинарға Академия бастығының орынбасары, Кураторлар кеңесінің төрағасы полиция полковнигі Ербол Қаппасов және оның орынбасары полиция майоры Әсел Ақылбекова және барлық курстардың басшылары, оқу топтарының 40 астам кураторлар қатысты.

Семинардың ашылу салтанатында Кураторлар кеңесінің төрағасы полиция полковнигі Ербол Қаппасов кіріспе сөзін сөйлеп, семинарға қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып өтті.

Ербол Төлегенұлы жыл бойы кураторлық жұмыспен белсенді айналысқан кураторларға өз алғысын білдіріп, кейбір өз жұмыстарына сылбырлық танытқан кураторларға жұмыстарында шапшаңдық танытуға шақырды. Және де семинар барысында қарастырылатын кураторларға тән жаңа критерийлермен бағалауды таныстырып өтті. Егерде осы ұсынған критерийлерді бекітетін болсақ, алдағы уақытта осы бағалау арқылы кураторлардың жұмысын есепке аламыз, — деді Ербол Қаппасов мырза.

Төрағаның сөзінен кейін, кураторлық жұмыста мол тәжірибесі бар, Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтының бастығы полиция полковнигі Гайда Жандарбекова семинарға қатысушы кураторлармен өзінің мол тәжірибесімен бөлісті.

-Құрметті семинарға қатысушылар, бүгінгі ұйымдастырылып отырған семинар Сіздердей жас кураторларға тәжірибе жинақтау үшін өте қажет. Өйткені көпшілікпен жұмыс жасау оңай емес. Мен Сіздерге мынадай ұсыныс жасағым келеді. Бүгінгі семинарда ұсынылып отырған критерийлер арқылы бағалаудағы балдарды жинақтаудың бір ұтымды тәсілі, мен басқарып отырған институттағы жасанды полигонмен курсанттарды таныстырып, неге ақпарат жазбасқа. Сонан соң институтқа біліктілігін арттыруға келген тәжірибелі қызметкерлермен кездесу ұйымдастырсаңыздар, жұмыстарыңыз біршама алға жылжып, курсанттарда тәжірибе жинақтар еді. Кураторлық қызмет өте жауапкершілікті, еңбекқорлықты қажет етеді. Куратордың бойында ең бірінші ұйымдастырушылық қабілет жоғары болуы қажет. Сонда ғана еңбектеріңіз бағаланып, сый-құрметтеріңіз артады.

Гайда Байгуровнаның ақыл-кеңесінен кейін, академия кураторлары әртүрлі тақырыптар бойынша баяндама жасады.

Оқылған баяндамалардан кейін, әркім өз ойларын ортаға салып тәжибелерімен бөлісті.

Семинар соңында Кураторлар кеңесі төрағасы Ербол Төлегенұлы  өз орынбасары полиция майоры Әсел Ақылбекованың жұмысына оң бағасын беріп, алғысын білдіріп, жаңа орынбасарды сайлауға ұсыныс жасады. Жаңа лауазымға заң ғылымының магистрі полиция аға лейтенанты Аманат Мұратты лайықты деп, бір ауыздан дауыс беріп сайлады.

Бізде жаста болса өз ісінің шебері, Аманат Мұратты құттықтай отырып, болашақта кураторлар кеңесінің жұмысын жандандырып, бұданда әрі жақсы жолға қойсын деген тілек білдіргіміз келеді.

Академияның баспасөз хатшысы Мейрам Оспанов